Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Ортағасырлық жапон қоғамының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Ортағасырлық жапон қоғамының ерекшеліктері. 
Бір сөзбен 
айтқанда жапондықтар өздерінің ұлы көршісінен артта қалуын, сол елден 
қолдан келгенше үйрене отырып, тез қарқынмен жоя бастады. Алайда, 
сонымен бірге, Жапонияның Қытайдан және басқа да Шығыс қоғамдарынан 
ерекшелендірген белгілері де сақталып қалды. Бұл ерекшеліктер 
феодалданып жатқан ру шонжарларының саяси өмірдегі айрықша рөлімен 
және ескі әлемнің басқа бірде-бір елінде әлі орын ала қоймаған жерді жеке 
иеленудің қалыптасуымен мен орталық биліктің әлсіздігімен байланысты 
болды.
Ең алдымен, мемлекеттік билік жүйесі Қытайдағыдай берік болмады. 
Құдайдың жердегі өкілі ретіндегі тэнно патшалық құрғанмен, оның іс-
жүзіндегі билігі барынша әлсіз болды. Оның төңірегінде қытайлық үлгідегі 
шенеуніктердің конфуциандық элитасы қалыптаспады және шенеуніктерді 
тұрақты түрде ұдайы өндіріп отыратын емтихандар жүйесі де қалыптаспады. 
Бұл Жапонияның басқа Қиыр Шығыс елдерінен басты айырмашылығы 
болды. Биліктегі вакууммды Фудзивара әулеті толықтырды, бұл үйден 
шыққан өкілдер ұрпақтан ұрпаққа тек қана император жанындағы регент-
канцлер ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге императорды өз руының 
қыздарына үйлендіру арқылы тақ мұрагерін де анықтап отырды отырды. 
Хэйян (Киото) қаласын Қытай үлгісімен тұрғызып алған Фудзивара үйі 
оны елдің әкімшілік орталығына айналдырды (794). IX-XI ғғ. Фудзиваралар 
ықпалының артқаны соншалықты, император солардың қолындағы 
қуыршаққа айналып қалды. Император бұл жағдайға наразы ақсүйектерге 
сүйене отырып әркез қарсы күресуге тырысқанмен, одан ештеңе шықпады. 
Керісінше, екі билік, кейіннен үш билік дәстүрі қалыптасты. 


Әдетте, әрбір император билік басында ұзақ отырмады: таққа 
жасөспірім кезінде отырған ол (Фудзиваралар осыған мүдделі болды), 
есейген кезінде биліктен жас мұрагердің пайдасына бас тартатын болды, 
сөйтіп буддистік монастырға кетуге мәжбүл болды, алайда экс-император 
елдегі жағдайға белгілі бір ықпалын сақтауға тырысып отырды. Бірте-бірте 
бұл тәжірибені кейбір экс-императорлар өз монастырларында балама саяси 
орталық қалыптастыру үшін пайдаланды, бұған Фудзиваралармен бәсекелес 
болып отырған ақсүйек рулар да, ықпалды монастырлар да мүдделі болған. 
Мұндай балама орталықтар кейде аса қуатты күшке айналғанымен, алайда 
биліктің екі-үш орталықтарға бөлшектену фактісінің өзі Фудзивараларға 
тиімді болды, олардың Хэйяндағы орталығы бұл жағдайда басты орталық 
болып қала берді. 
Бұл ықпалды клан билік жолындағы күресте неге сүйенді? 
Конфуциандық шенеуніктерді ұдайы өндірудің жолға қойылған жүйесі 
болмағандықтан қытайлық үлгідегі бюрократия жүйе тиімді жұмыс жасай 
алмады. Жапонияның территориялық әкімшілігінде губернаторлар мен уез 
бастығы қызметтерін жергілікті шонжарлар басып алып, өз қолдарында 
мұрагерлікпен ұстады, осының салдарынан орталықтандырылған құрылым 
айқын түрде феодалдық белгілерге ие болды, оның аясында әрбір күшті 
шонжар өз аймағында өзін қожадай сезінді. Олар шынында да қожаларға 
айналды, өйткені аграрлық қатынастардағы қытай үлгісі мен жасалған 
үлестік жүйе де ұзаққа бармады: IX-XI ғғ. мемлекеттік үлестер іс жүзінде 
шаруа отбасыларының мұрагерлік иеліктеріне айналды, ал бірнеше 
деревнялардың жиынтығы осы жерде үстемдік етіп отырған ақсүйек 
шонжарлардың жеріне (сёэн) айналды. Әрине, мұралық сёэндерден түсіп 
отырған табыстың бір бөлігін қожалары орталыққа, қазынаға салық ретінде 
жіберіп отырды, өйткені олар, формальді түрде болса да, биліктің жергілікті 
жерлердегі өкілі болды. Шамамен, X ғ. бастап Жапонияда жергілікті 
жерлердегі бүкіл билік жеке меншік жерлері бар шонжарлардың, әр түрлі 
көлемдегі сёэн иелерінің қолына көшті. Классикалық қытайлық 
конфуциандық 
бюрократиялық 
әкімшілікке 
балама 
жүйе 
ретінде 
қалыптасқан осы құрылым Жапония мемлекеті мен қоғамының басты 
айырмашылығы болды деп есептеу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет