Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Самурайлар сословиесінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет11/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Самурайлар сословиесінің қалыптасуы.
Жерді жеке меншікке 
айналдыру мен сёэн жүйесінің қалыптасуы шаруалардың жағдайына ауыр 
тиді, олар бір жағынан өз қожаларын асырауы қажет болса, екінші жағынан, 
солардың атынан орталыққа салық жіберіп отыруы тиіс болды. Белгілі бір 
қожаларға тиесілі болғандықтан шаруаларды жерге бекіту бағытындағы 
шаралар қатаң түрде іске асырылды. Бұның өзі қоғамдағы феодалдану 
үрдісінің жанама айғағы болып табылады. Көтеріліске шыққандармен күресу 
мақсатымен және жерінен кеткісі келгендерді қорқытып ұстап отыру үшін 
сёэн иелері әскери жасақтар құрып, кәсіби әскер ұстай бастады. 
Уақыт өте келе осындай әскери жасақтар (бұлардың қатарына 
неғұрылым қуатты сёэн иелерінен қамқорлық іздеген ұсақ жер иелері де 
қосылып жатты) томаға-тұйық әскери сословие - самурайларға (буси) айнала 


бастады. Самурайлар жүріс-тұрысы нормаларының жинағы - әскери этика 
кодексі (бусидо) пайда болып, қатаң орындалып отырды. Оның негізіне ең 
алдымен классикалық конфуциандық идеялары алынды. Яғни қожасына 
адалдық, ол үшін өмірін беруге дайын тұру, егер сәтсіздік болып қалған 
жағдайда өз өмірімен қоштасуға дейін талап етілді (харакири). Самурайлар 
көп ұзамай ірі жер иелерінің билік жолындағы кескілескен өзара қырқыс 
соғысының қаруына айналды. Бұл жағдай – ХІ-ХІІ ғасырлардан бастап 
Жапонияның Қытайдан тағы да бір маңызды мәселеде айқын түрде 
ерекшеленуіне алып келді. Билік басындағылар және бүкіл әкімшілік жүйе, 
басқа шығыс қоғамдарындағыдай мемлекеттен қызметі үшін жер үлесін 
алып отыратын шенеуніктік бюрократияға (Қытай) немесе әскери 
қызметкерлерге (мұсылмандық Шығыс елдері) сүйенген жоқ, ақсүйек 
шонжарларға тікелей тәуелді, өз қожаларына берілген самурайларға 
(рыцарьларына) сүйенді. 
Осы бір-бірімен тығыз байланысты жапондық қоғам үлгісінің 
ерекшеліктері Жапонияның бүкіл тағдырын анықтады. Алайда, жеке меншік 
мүддеге бағытталған феодалдық құрылым, ортағасырлық Еуропадағыдай 
бытыраңқылыққа алып келген жоқ. Жапонияда орталықты әлсіретуге 
бағытталған үрдіс орталықты күшейтуге бағытталған үрдіспен тепе-теңдікте 
болып, нәтижесінде тұрақты, өзіндік бір ерекше билік балансы жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет