Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет9/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Тайка төңкерісі. 
Алайда, мемлекетті ұйымдастырудың қытайлық 
үлгісін белсенді түрде қабылдауына қарамастан, жапон билеушілері мықты, 
орталықтанған, тұрақты әкімшілік жүйесін құра алмады. Рулық-тайпалық 
қоғамнан енді ғана шыққан қоғамда жергілікті кландардың ықпалы әлі де 
күшті еді. Кезекті билеушінің таққа отыруы патша жанында жүрген 
кландардың ең мықтысының еркіне бағынышты болды; осындай клан патша 
отбасына әйел тауып беріп, мұрагері солар тағайындап отырды. 536-645 
жылдараралығында осындай қуатты клан согалар болды. VII ғ. ортасында 
билеуші әулеттің мұрагерлері басқарған Согалардың қарсыластары осы 
қуатты руға қарсы көтеріліс жасап, оның көзін жойды. Осымен байланысты 
іске асқан төңкерістің, яғни «Тайка төңкерісінің» нәтижесінде (645) 
патшаның ұлы Кару таққа отырды, ол «тэнно» деген («Көк ұлы») титул 
алады. Билеушінің оң қолы ретінде енді Фудзивара үйінің өкілдері шықты,
олар Согаларды құлатуға көмектескен болған. 
Төңкерістен кейін іске асқан реформалар қытай үлгісі бойынша бүкіл 
елде қайта құруға бағытталды, соның ішінде әкімшілікте орталықтандыруды 
күшейтуден бастап, аграрлақ қатынастардағы үлестік жүйеге дейін. Билік 
аппараты жасалып, ол департаменттерге (8 ведомствоға) бөлінді; ал 
жергілікті жерлерде-провинциялар мен уездерді губернаторлар мен уез 
бастықтары басқарды. Халық салық төлейтін толық құқылы реминдер мен 
толық құқылы емес сэминдерге бөлінді. Толық құқылы шаруалар алты 


жылда бір қайта бөліске түсіп отыратын мемлекеттік үлестік жерлерге ие 
болды, бұл жерді пайдаланғаны үшін олар астық, мата түрінде салық төлеп, 
міндеткерліктер өтеуге тиіс болды. Шенеуніктер қызметі үшін берілетін 
үлестерге ие болды, оның көлемі қызметі мен рангасына байланысты болды. 
Ықпалды адамдардың бір бөлігі өмірлікке, кейде мұрагерлікпен де берілетін 
жер үлестерін алды. Құлдарға да үлестік жер берілді (шаруа жерінің 3/1-
індей көлемде), ал толық құқылы емес таптардың (бэ) статусы көтеріліп, іс 
жүзінде толық құқылыларға айналды, олардың бір бөлігі, әсіресе Қытай мен 
Кореядан келген келімсектердің ұрпақтары, егер білімді болса, 
шенеуніктерге өтіп отырды. 
Тайка реформалары, 701 жылғы Тайхоре арнайы кодексімен 
толықтырылып, Жапонияның әлеуметтік және саяси құрылымының негізін 
жасады. Осы реформалар Нара дәуірінде (ҮІІІ ғ.) Жапон мәдениетінің 
гүлденуіне іргетас қалады. Тан империясының астанасы Чананьның үлгісі 
бойынша Жапонияның астанасына айналған Нара қаласы салынып, қалада 
көптеген сарайлар, көшелер, храмдар, монастырьлар т.б. тұрғызылды. 
Жапондықтардың ежелгі синто діні («аруақ жолы») қытайлық даосизммен 
байытылып, буддизммен араласып, ребу-синто деген жаңа діни құбылыс 
пайда болды. Осы жағдайдың бәрі жапон әдебиетінің, философиясының 
жалпы мәдениетінің дамуына ықпал етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет