Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет17/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 
Бекіту сұрақтары: 
1.
Ерте орта ғасырларда Үндістан жерінде қандай мемлекеттер өмір сүрді? 


2.
Гупта империясының саяси құрылымының ерекшелігін көрсетіңіз. 
3.
Гупта империясының құлдырауының себептерін көрсетіңіз. 
4.
Эфталит шапқыншылықтарының Үндістанның саяси дамуындағы орнын 
анықтаңыз. 
5.
Орта ғасырларда Үндістанның әлеуметтік жүйесінде орын алған өзгерістерге 
талдау жасаңыз. 
V ТАРАУ 
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ АРАБТАР 
 
Исламның қарсаңындағы Аравияның саяси тарихы. 
Аравия түбегі, 
климаттық жағдайы бойынша өзара тең емес екі бөлікке бөлінеді. Шамамен 
⅞ бөлігін құрайтын далалы, шөлді аймақта халық ежелден көшпелі және 
жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшпелі арабтарды 
бәдәуилер деп атады. Түбектің тек қиыр оңтүстігіндегі таулы Йемен және 
Хадрамаут жерлерінде ғана егіншілікпен айналысуға қолайлы жағдайлар 
болды, сондықтан да осы аймақта ертеден дамыған отырықшы өркениет 
қалыптасқан болатын. Оңтүстік Аравияның отырықшы қоғамының 
әлеуметтік-экономикалық құрылымында бұл кезде қалалық өзін-өзі басқару 
қауымы ыдырап, ірі жер иеленушілік пайда бола бастайды. 
Аравияның көшпелі қоғамының ерекшелігі – ол ежелден дамыған 
аймақтар – Египет, Алдыңғы Азия және Қосөзен өркениеттерінің ортасында 
жатты. Ежелден-ақ осы дамыған елдерді өзара байланыстырған сауда 
жолдары Аравия далалары арқылы өтті. Сауда жолдарының бойында 
көптеген қалалар мен сауда орындары пайда болды. Сондықтан да 
бәдәуилер, өздері қаласа да, қаламаса да, сауда қатынастарына ерте 
тартылды. 
Исламға дейінгі дәуірде бүкіл Аравияны біріктірген мемлекет 
болмаған. Аравияның ең дамыған аймағы - Йемен ҮІ ғасырдың аяғында 
Сасанилік Иранға тәуелді болды, бірақ бұл тәуелділік тек номиналды болды. 
Солтүстік Аравиядағы арабтардың кіші-гірім әмірлігі - Лахмид патшалығы 
да ҮІ ғасырдың екінші жартысында Сасанилерге вассалды тәуелділікке түсіп 
қалады. Ал солтүстік-батыстағы Гассанидтер патшалығы Византиядан 
вассалды тәуелділігін мойындады. Алайда Византияның Аравияға ықпалы 
Евфрат бойындағы Рим шекаралық бекіністерінен әрі аспады. Ал Аравияның 
қалған 80 %-ы ешқандай мемлекеттік бірлестіктерге біріктірілмеді. Бұлар 
арабтардың үлкен бөлігі болған бәдәуилер еді. Олар ру-тайпалық қоғамның 
ыдырау дәуірінде өмір сүрді. Әрбір тайпаның басында сейидтер немесе 
шейхтер (көсемдер) тұрды. Ү-ҮІ ғасырларда Аравиядағы саяси белсенділік 
бәдәуи тайпаларының қолына өтеді. Олар солтүстіктен Оңтүстік Аравияға 
қысым жасап, отырықшы аудандарға ене бастайды. Тайпалық қатынастардың 
ыдырауы жағдайында бәдәуи тайпалары арасында өзара қырқыстар жиі 
орын алып отырды. Тайпа мүшесін өлтіргені, жаралағаны немесе қорлағаны 
үшін сол тайпа кек алуға тиіс болды. Кейде бірнеше онжылдықтарға 
созылған қанды кек соғыстары аарабтардың көптеп қырылуына алып келіп 
отырды.


Орталық және Солтүстік Аравиядағы саяси вакуумның пайда болуы 
ҮІІ ғасырдың басында Батыс Аравиядағы ірі сауда және діни орталық – 
Меккенің көтерілуіне ықпал етті. Бұл қала ежелгі қасиетті орын – Қағбаның 
айналасында пайда болған еді. Жыл сайын арабтар осы киелі орынға 
қажылық жасауға келіп тұратын. Қажылық кезеңінде, Аравияның түкпір-
түкпірінен жиналған арабтар қызу сауда жүргізіп, жәрмеңкелер өткізіп 
отырды. Сондықтан да Мекке бірте-бірте арабтардың экономикалық 
орталығына да айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет