Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Аббаситтік халифаттың басқару жүйесі



Pdf көрінісі
бет25/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Аббаситтік халифаттың басқару жүйесі.
Абу-л-Аббастан кейін таққа 
келген Мансұр тақты тек аббасилер әулетінен шыққандардың ғана иеленуіне 
қол жеткізді. Мемлекет басында бұрынғысынша халиф тұрды. Халиф ең 
жоғарға азаматтық, әскери және діни билікке ие болды. Халифтер өздерін 
құдайдың жердегі өкіліміз деп санады. Елдің астанасы 762 жылы Бағдат 
қаласына көшірілді. Өйткені Дамаск қаласы Омейяттық дәстүрмен өмір 
сүретін, әрі тынышсыз шекара аймағы болды. Халиф Мансұр жаңа қаланың 
құрылысын бұрынғы Иранның астанасы Тигр өзені бойындағы Ктисефон 
қаласынан бірнеше шақырым жерден бастауды бұйырды. Бұл қаланың 
орналасқан жері өте маңызды еді: бұл Сирия, Закавказье, Аравия мен 
Ираннан келетін сауда жолдары түйіскен жер болатын. Бағдат елдің саяси, 
әлеуметтік-экономикалық әрі мәдени орталығына айналды. Аббаситтік 
халифатты тарихта Бағдат халифаты деп те атайды. 
Ел басқаруда аббаситтер Сасаниттік Иранның саяси жүйесін үлгі 
тұтты. Атап айтқанда, үлкен-үкен аймақтарды провинцияларға айналдырып, 
ол жерлерді халифтер өздерінің сенімді наместиктері (әмірлері) арқылы 
басқарып отырды. Наместниктердің қолында сол аймақтың әскери күштері, 
салық-төлемдері, сот істерін бақылау болды. Наместник қызметі бірте-бірте 
мұраға қалдырылаттын болды. Көп жағдайда наместниктер керемет күш-қуат 
жинап алып, орталыққа бағынбауға дейін барды. Аббаситтер кезіндегі ең 
үлкен провинциялар: Батыс Африка, Египет, Сирия, Палестина, Хиджаз бен 
Йемама (Орталық Аравия), Керман, Армения, Табаристан, Хорасан, Хорезм, 
Соғды, Ферғана, Йемен (Оңтүстік Аравия), Бахрейн мен Оман, Ирак, 
Әзірбайжан, Хузистан, Фарс т.б. 
Аббаситтердің билікке келуіне ирандықтар көп көмек көрсеткен 
болатын. Сондықтан да олар шығу тегі ирандық ірі феодалдармен билікті 
бөлісуге мәжбүр болды. 755 жылы елде уәзір лауызымы енгізілді. Оның 
қолында барлық билік тетіктері болды. Халифтің мөрін сақтап, қағаздарға 
қойып отырды. Уәзір лауазымы да Иран елінен шыққан болатын. Уәзір бүкіл 
әкімішілік аппараты, әскер істері мен қаржылық мекемелерді басқарды. 
Халифтің діни істер бойынша көмекшісі бас кадий болды. Ол сот пен білім 
беру ісін басқарды. Кадидің лауызымы бас уәзірден сәл ғана төмен болды.
Аббаситтік халифата орталық басқару ведомоствалары - дивандар 
құрылды. Дивандар әр түрлі салалар бойынша қызмет жасады. Ең маңызды 
диван - харадж диваны, яғни мемлекеттік кіріс жөніндегі диван болды. 
Мұнымен бірге Омейяттар тұсында қалыптасқан пошталық байланыс одан 
әрі жетілдірілді. Осы арқылы бас уәзір мемлекеттік аппараттың қызметіне 
бақылау жасап отырды.
Аббаситтер әскерге ерекше маңыз берді. Бұл кезде әскер саны 160 
мыңнан асты. Бастапқыда әскер ру-тайпалық негізде жасақталса, кейінірек
жалдамалы әскер құрылды, ол хорасандықтардан, берберлер мен түріктерден 
тұрды. Мұндай үлкен әскерді ұстау үлкен шығынға ұшыратты. Халифтің өзін 
мұздай қаруланған сарай әскері күзетті. Рекрут әдісі бойынша олар 
арабтардан емес, Хорасандық парсылардан жасақталды. Әскерді жергілікті 
провинция наместнигі жинады. Мемлекет оларды азық-түлікпен қамтамасыз 


етті. Ал қару мен киімді олар өздері табуға тиіс болды. Сондықтан атты 
әскерде негізінен ірі және орта жер иелері, ал жаяу әскерде шаруалар қызмет 
етті.
Бағдат халифатының әскери қуаты жоғарғы деңгейде дамыды. Әскер 
тек сыртқы соғыстарда ғана емес, ішкі көтерілістерді басып-жаныштауда да 
пайдаланылды. Аббасилер дәуірінде халифат шекарасын кеңейткен жоқ. Тек 
кейбір, бұрын тек формальді түрде халифатқа кірген аудандарды 
(Табаристан, Усрушала, Кабулистан) біржолата халифат құрамына енгізу іске 
асырылды. Кіші Азияда жыл сайын мұсылман әскерлері Византия 
иеліктеріне шабуыл жасап, тұтқындар алып, малын айдап әкетіп отырды. 
Аббаситтердің билікке келуінің маңызды салдарларының бірі 
арабтардың 
бұрынғы 
артықшылық 
жағдайынан 
және 
билікке 
монополиясынан айрылуы болды. Мұсылмандардың бәрі, арабы бар, араб 
емесі бар іс жүзінде құқықтық жағынан теңестіріледі, мұның өзі халифаттың 
шығыс бөлігінің тез қарқынмен исламдануына ықпал еттті. Халифат арабтар 
империясынан ислам империясына айналды. Шынында да, адам статусын 
анықтағанда діни сенім этникалық ерекшеліктен маңыздырақ болды. 
Сонымен, VIII-IX ғғ. Аббасилер халифаты қуатты орталықтандырылған 
феодалдық-бюрократиялық мемлекет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет