Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Халифаттың әлеуметтік–экономикалық жағдайы



Pdf көрінісі
бет26/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Халифаттың әлеуметтік–экономикалық жағдайы. 
Аббасилер 
халифатының негізгі экономикалық кірісі жер қатынастарына негізделді. 
Мемлекетте жерді пайдаланудың бірнеше түрі қалыптасты. Халифаттағы 
негізгі жердің иесі мемлекет болды. Мемлекет бүкіл елдегі жердің 4/3 бөлігін 
өз қолында ұстады. Жерге байланысты салынатын салықтардан тек халиф
уәзір мен халифтың отбасы, туған-туыстары босатылды. Мемлекеттен кейінгі 
үлкен жер меншігі мұсылман мешіттері болып саналды. Меншіктің бұл түрін 
вакф деп атады. Мұндай жер меншігін сатуға, сатып алуға немесе мұраға 
қалдыруға болмайтын еді. Аббасилердің билігі кезінде Омейяттар негізін 
салып кеткен ірі феодалдық жер иелігі - икта ары қарай қолданылды. 
Алғашқыда икта мемлекетке әскери немесе басқа да лауызымдық қызмет 
еткені үшін берілетін. Ал жерді иеленуші мемлекетке белгілі салық 
төлемдерін төлеуге тиіс болды. Кейін икта кең тарай бастады. Бірақ жер 
ұстаудың бұл түрі мемлекет жерінің азаюына алып келді. 
 
Омейяттарға қарағанда аббасилер тұсында қолдан суландыру жүйесіне 
аса маңызды орын берілді. Мемлекет міндетті түрде каналдар мен су 
қоймаларын тазартып, ирригациялық жүйелерді өз қамқорлығына алып 
отырды. Мемлекеттік суландыру жүйесінен су бөліп алатын орташа және 
жағдайы төмен шаруалар мемлекетке натуралды оброк түрінде өнімнің
белгілі бір бөлігін беріп отырды.
Аббасилер тұсында салықтың екі түрі болды: ұшыр және харадж. 
Ұшыр жерден түскен өнімнің оннан бір бөлігінен төленді. Халифаттағы 
заңгерлер ұшырды мемлекеттік салық ретінде емес, қайырымдылық істері 
үшін жиналған өнім бөлігі деп қарастырды. Оны зекет деп те атады. Ұшыр 
ірі жер иеліктеріне салынды. Ал кіші-гірім жер иеліктері харадж төледі. 
Оның үш түрі болды. Көлеміне байланысты 1) харадж-мисаха, муфадана, 2) 


харадж-муката және 3) харадж-мукасама болды. Әсіресе харадж – мукасама 
кең тарады. Ол бойынша жер иесі салықты натуралды, ақшалай және аралас 
түрде төледі. Хараджды жинау әр түрлі айла-тәсілдермен жүзеге асырылып 
отырылды. Харадж және ұшыр салынатын жерлер кейде жеке иелікке 
айналып отырды. Оны мульк – жеке иелік деп атады. 
VIII-IX ғасырларда халифаттың экономикасы өзінің гүлдену шағына 
жетті. Нілдің құнарлы топырағы елді нанмен қамтамасыз етті. Ирактың жер 
өнімдері қазынаның 3 пайызын құрады. Олар негізінен арпа, сұлы, құрма, 
күріш, кунжут, мақта өсірді. Жер өңдеудегі ең бай провинциялар - Хорасан, 
Мәуереннаһр болды. Жер шаруашылығымен қатар, тұрғылықты халық мал 
өсірумен де айналысты.
Бағдат халифатының дамыған экономикалық салалары қолөнер мен 
сауда болды. Пайдалы қазбалар өндірісі кеңінен дамыды, мысалы, Ирак пен 
Сирияда темір, Жоғарғы Египетте алтын, күміс, Исфаханда мыс өндірілді. 
Бағдат халифаты сауда жолдарының түйіскен жерлерінде орналасты және 
транзиттік саудада маңызды рөл атқарды. Ірі қалалар құрғақтағы керуен және 
су жолдарының орталығы болды. Сириялық жібек маталар мен шыны 
ыдыстар, қару-жарақ пен металл ыдыстар, Батыс Иранның кілемдері өте 
жоғарғы сұранысқа ие болды. 
Хузистанда қант, Куфада мақта өндірілді. Қағаз өндіру Самарқанд, 
Египетте өте жоғарғы деңгейде дамыды. Кеме жасау ісі, мұхитта жүзу 
ілгеріледі. VIII ғасырда басралық теңізшілер қытайлықтар мен үнділерді 
артқа тастады. 
Арабтар Үндістан, Индонезия, Византия, тіпті Қытаймен де сауда 
байланыстарын орнатты. Саудаға шикізат пен егістік өнімдерінен басқа 
қолөнер бұйымдары да тартылды. Әсіресе тоқу мен тігу бұйымдары, теріден 
жасалған киімдер өте бағалы болды. Металл өндірудің ілгерілеуімен 
байланысты қару жасау мен ыдыс жасау кең тарады.
Қолөнер мен сауданың дамуымен тығыз байланысты Халифатта 
қалалардың ерекше гүлденуі орын алды. Бағдат халифатының қалалары тек 
әскери әкімшілік орталық қана емес, сонымен бірге экономикалық әрі мәдени 
орталықтар болды. Қалада міндетті түрде мешіт, билеуші сарайы, монша, 
мектеп, қонақ үй, аурухана және алаң болуы тиіс еді. Батыс еуропалық 
қалалардан айырмашылығы феодалдық иеліктердің ешбір маңызы болған 
жоқ. Феодалдар өз иеліктерінде емес, қалаларда тұрды. Ең ірі қала, әрине 
Бағдат болды. Қалалардың басшысын хакимдар деп атады. Оларды феодал 
ақсүйектерден тағайындап отырды.
Батыстағы қалалардан тағы бір ерекшелігі Халифат қалалары саяси-
әкімшілік орталық болып табылды. Ал батыста қалалар негізінен сауда және 
қолөнер орталықтары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет