Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет24/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Аббасилердің билікке келуі.
VIII ғасырдың басында Омейяттар 
халифаты өзінің дағдарысты кезеңін бастан кешірді. Халифаттың әр 
аймағында болған көтерілістер орталық басқару жүйесін әбден әлсіретті. 
Хариджидтердің, суниттер мен аббасилердің жер-жерден берген ауыр 
соққылары ішкі бытыраңқылықты күшейтіп жіберді. Солтүстік Африкадағы 
берберлердің көтерілісі мен халифат ішіндегі шииттердің қозғалысы да, 
халифаттың әскери күш-қуатын одан әрі ауырлата берді. Бұлардың бәрі 
аяусыз басып-жаншылғанымен, стихиялы түрдегі тиіп-қашпа соғыстар 
жалғаса берді. 
744 жылы Омейяттар әулетінің соңғы билеушісі Мерван ІІ билікке 
келді. Бұл билеушінің тұсындағы ең күшті қауіп, аббасилер қозғалысы 
болды. 
Бірақ, 
Сириядағы 
арабтық 
қарсыластар 
мен 
Солтүстік 
Месопатамиядағы хариджидтер қозғалысы ІІ Мерванның бұл қауіпке аса 
назар аударуына жол бермеді. Сол уақытта Хорасандағы оңтүстік және 
солтүстік арабтар арасындағы күрес күшейе түсті. Халифаттың ішіндегі 
қырқыстарды басумен айналысып жатқан халиф, бұл аймақтағы наместигіне 
мүлдем көмек бере алмайды. Аббасилер ең алдымен осы аймақты өз 
қоластына қаратады. Харасаннан айырылып қалған Мерван ІІ енді ғана 
қауіптің қайдан екенін сезінеді.
750 жылы қаңтар айында Мерван ІІ он екі мың әскерімен аббасилер 
әскерін Заб өзені бойында күтіп алып, үлкен шайқас болады. Халиф жеңіліп, 
Сирияға қашады. Бірақ Сириялықтар оған пана бермейді. Бірнеше күн 
қоршаудан кейін омейядтардың астанасы Дамаск аббаситтерге беріледі. 
Мерван ІІ Египетке қашып, сол жерде өлтіріледі.
750 жылы Халифатта Аббасилер әулетінің негізі қаланады. Ең алғашқы 
халиф Абу-л-Аббас болды. Жалпы әулеттің халифтері өзінің ата-тегін 
Мұхаммед пайғамбардың ағасы - Аббастан таратты.
Аббаситтердің билікке келуі алғашқыда сепаратистік күштерді бір 
қолдың астына біріктіргенімен, кейінірек халық толқулары мен 
көтерілістердің қайта туындауын күшейтті. Өйткені аббаситтер өзіне қандай 
да бір қарсылық туғызады деген адамдардың бәрін аяусыз жазалап, өлтіріп 
отырды. Шииттер мен хариджиттер аббасидтердің омейядтарға қарсы 
көтерген ұрандары жалған, тек билікке жету айла-тәсілі екенін түсінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет