Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет20/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Исламның 
Аравияда 
жеңіске 
жетуі.
Меккелік 
пұтқа 
табынушылардың қысымы ерекше күшейіп кеткен тұста Мұхаммед 
пайғамбар бастаған алғашқы мұсылмандар Меккеден кетуге мәжбүр болды. 
615 жылы 100-ден аса мұсылман Мұхаммед пайғамбардың кеңесімен 
Эфиопияға кетуге мәжбүр болды. Меккеліктер бүкіл хашимит руына 
экономикалық байкот жариялады, негізгі кәсібі сауда болған Мекке 
жағдайында бұл шара қатты соққы болды. Оның үстіне 619 жылы Мұхаммед 
пайғамбардың екі бірдей негізгі сүйеніші - Абу Талиб пен Хадиша қайтыс 
болады. Осыдан кейін Мұхаммедтің жағдайы барынша нашарлап кетеді. Сол 
уақыттан бастап ол Меккеден тыс жерлерден қолдаушылар іздей бастайды. 
Жаңа дінді уағыздауды Меккеден солтүстік-шығысқа қарай орналасқан 
Ясриб қаласында жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұған бірқатар 
объективті жағдайлар ықпал еткен еді. Ясриб қаласында аус және хазрадж 
тайпалары арасында үстемдік үшін кескілескен күрес жүріп жатқан болатын. 
Сонымен бірге қаладағы экономикалық үстемдік иудей тайпаларынң 
қолында болып, барлық мәселе солардың ықпалымен шешіліп отырды. 
Иудейлер аус пен хазрадж тайпаларын бір-біріне айдап салып, нәтижеде 
бүкіл қаланы өз қолдарында ұстады. Сондықтан да Ясрибтегі араб тайпалары 
Мұхаммедті өздері үшін көкейкесті болған осы мәселені шешіп беретін 
бірден-бір тұлға ретінде өз қалаларына шақырған болатын.
622 жылы Ясриб тұрғындары мен Мұхаммед арасында келісім 
жасалып, Мұхаммед пен оның жақтастары осы қалаға қоныс аударатын 
болып шешілді. Қоныс аудару 622 жылы 24 қыркүйекте іске асады. 
Мұсылмандардың Меккеден Мединеге қоныс аударған жылы Хижра деп 
аталып, мұсылмандық жыл санаудың бастауына алынды (хижра сөзінің араб 
тілінен аударғандағы мағынасы – қоныс аудару). Хижра – қоныс аударушы – 
мухаджирлер мен Ясриб мұсылмандары арасында жаңа қатынастардың пайда 
болуына алып келеді. Ясриб тұрғындары ансарлар – көмекшілер деп аталып 
кетті.
Бастапқыда Мұхаммедті Ясриб тұрғындары даулы мәселелерді шешіп 
беретін жоғарғы бір қазы ретінде қабылдаған тәрізді. Алайда бірте-бірте 
оның пайғамбар ретіндегі және саяси қайраткер ретіндегі беделі өсе берді. 
Оның қоғам қайраткері ретіндегі ізденістерінің шыңы - мухаджирлер, аус 
және хазрадж тайпалары және Ясриб иудейлері арасындағы келісім жасауы 
болды. Ол Медине конституциясы деп аталып кетті. Келісім бойынша 
мұсылман-құрайыштар және оларға қосылған Ясриб тұрғындары бір қауым 
(умма) деп жарияланды. Туысы жоқ мұсылман үшін барлық мұсылмандар 
бірігіп құн төлейді. Егер кімде-кім мұсылманға қарсы қылмыс жасаса, 
барлық мұсылмандар оған қарсы тұрады, егер ол өз баласы болса да. 
Мұсылманның ешқайсысы мұсылман емеспен мұсылмандарға қарсы одақ 


жасай алмайды. Осы келісімнен кейін иудейлермен келісім жасалды. 
Иудейлер мұсылмандармен бір қауым деп мойындалды, бірақ «иудейлердің 
өз діні бар, мұсылмандардың өз діні бар». Иудейлерге мұсылмандардың 
жауларына көмек көрсетпеу міндеттелді және Мұхаммедтің рұхсатынсыз 
соғыспай жүктелді. Бұл келісімдердің маңызын асыра бағалау мүмкін емес. 
Бірінші келісімде мұсылмандардың ерекшеленуі, өздерін басқа адамдардан 
бөлуі бекітілді. Аравия тарихында алғаш рет тайпадан жоғары жаңа 
қауымның жарияланыу аса маңызды жағдай болды: мұсылмандар біртұтас 
қауым болғандықтан, өз сыртқы жауларына қарсы және ішкі, тайпа ішіндегі, 
басқа дінді ұстанушыларға қарсы бірігіп күреседі. Қылмыскерлер өз 
руластарының қолдауына ғана емес, өз отбасының қолдауына да сүйене 
алмайтын болды. Ендігі жерде қылмысы үшін тек жеке тұлғаның өзі ғана 
жауап беретін болды. Мұның өзі рулар арасындағы өзара қырқыс соғысқа 
шек қойды.
Сонымен, Ясриб қаласы ислам дінінің арабтар арасында үстем дінге 
айналуына негіз болды. Жаңа дін ең алғаш рет осы қалада үстемдікке жетті. 
Осы қалада алғашқы мұсылман қауымы – умма қалыптасты. Умма болашақ 
Араб мемлекетінің негізі, ядросы болды. Сондықтан да қаланың атауы 
кейінірек Медине (қаланың араб тіліндегі толық атауы - Мадинат ан-Наби, 
яғни Пайғамбар қаласы) деп ауыстырылды. 
Ислам діні Мединеде үстемдікке жеткеннен кейін, Мұхаммед 
пайғамбар арабтардың ең басты қаласы Меккені алуды мақсат етті. Өйткені 
арабтар үшін діни және экономикалық орталық болған бұл қаланы исламға 
қаратпайынша, жалпы Аравияда исламның орнығуы мүмкін емес еді. Күрес 
меккеліктердің сауда керуендеріне шапқыншылықтардан басталып, бірте-
бірте нағыз соғысқа айналды. Мекке мен Медине арасында бірнеше 
шайқастар өтіп, нәтижеде мұсылмандардың беделі арта түсті. Тарихшылар 
бұл соғыстың барысындағы үш шайқасты ерекше көрсетеді: Әсіресе, 624 
жылы Бадр түбінде өткен шайқаста мұсылмандар ең алғаш рет ірі жеңіске 
жетті. Осы алғашқы тамаша жеңіс Мұхаммед пайғамбардың және жалпы 
мұсылмандардың арабтар арасындағы беделін барынша көтеріп тастады. 
Мұсылмандарға Алланың өзі көмектесті деген сенім пайда болды. Өйткені 
ежелгі арабтар арасында соғыс кез келген көкейкесті мәселенің әділетті 
шешімі деп қарастырылатын (жалпы, ерте кезеңдерде барлық халықтар 
арасында осындай түсінік үстем болған). Ашық шайқаста жеңіске жеткен 
жақты Құдайдың өзі қолдады деген түсінік болған. 625 жылы өткен Ухуд 
шайқасында Мұхаммед пайғамбар еңіл жарақат алады, сондай-ақ 
пайғамбардың бұйрығын дәл орындамаған садақшылардың кесірінен шайқас 
нәтижесіз аяқталады. 627 жылы болған Ор түбіндегі шайқаста (алғашқы 
мұсылмандардың бірі Салман Фарсидің кеңесімен мұсылмандар Мединені 
айналдырып ор қазып меккеліктерден қорғанған болатын) меккеліктер 
одақтастарымен мұсылмандарға қарсы шабуыл жасап, бірақ ұзаққа созылған 
қоршаудан кейін ірі жеңіліске ұшырайды. 
628 жылы Мұхаммед пайғамбар Меккеге кіші қажылыққа бармақшы 
боп шешеді, алайда меккеліктер оның қасиетті қалаға келуінен қорқып, оның 


алдынан келіссөз жүргізу үшін елшілер тобын жібереді. Келісім Меккенің 
батыс шегіндегі кіші-гірім елді-мекен – Худейбияда жасалады. Келісім 
бойынша мұсылмандар мен меккеліктер арасында 10 жылға уақытша бітім 
жасалды. Келісім бойынша мұсылмандар келесі жылы Меккеге тәу етуге 
келуге рұхсат алады. Меккемен байланысы бар араб тайпалары 
Мұхаммедпен одақ жасауға рұхсат алды (тайпааралық соғыстарды жиі 
жүргізетін арабтар арасында тайпалардың бір-бірімен одақтар жасау дәстүрі 
болған еді). Алайда бұл келісім 1 жыл өткеннен кейін күшін жойды: 629 
жылы желтоқсанда құрайыштар Мединемен одақтас тайпаға шабуыл жасап, 
тонайды. 
Осыдан кейін Мұхаммед пайғамбар Меккеге басып кіруге бел буады. 
630 жылдың 12 қаңтарында мұсылмандар Меккеге еш кедергісіз, салтанатты 
түрде кіреді. Меккеліктермен жасалған келісім бойынша Меккенің қасиетті 
қала статусы сақталды, оған мұсылмандар жыл сайын қажылық жасауға тиіс 
болды. Қағба барлық мұсылмандарға ортақ ғибадатханаға айналды. Бірақ 
Қағбадағы барлық пұттар қиратылып, ғибадатхананың табалдырығының 
астына тасталды. Меккеліктер мұсылман дінін қабылдауға міндеттелді. 
Меккенің мұсылмандар алдында тізе бүгуі пұтқа табынушылықтың толық 
жеңілісін білдірді. Меккеге наместник және дін уағыздаушы мұсылман 
қалдырылды, оның екеуі де құрайыштардан тағайындалды. Мұхаммед 
пайғамбардың өзі Мединеге оралды.
Меккемен одақтас Таиф қаласы да ұрыспен алынды. Мекке мен Таиф 
алынғаннан кейін араб тайпаларының елшілері, бірінен кейін бірі, мұсылман 
дінін қабылдау үшін пайғамбар қаласы – Мединеге ағылып келіп жатты. 
Сондықтан да 631 жыл ислам тарихында «елшілік жылы» деп аталады. 
632 жылдың қаңтарында Мұхаммед пайғамбар Меккеге соңғы 
қажылығын жасайды. Осы кезде исламдағы қажылықтың барлық рәсімдік 
салт-жоралғылары қалыптасады. Қажылықтан кейін Мединеге оралған 
пайғамбар, көп ұзамай науқастанып, сол жылы, яғни 632 жылдың 
маусымында дүниеден өтеді.
Ислам тарихын зерттеуші ғалымдар Мұхаммед пайғамбар өзіне 
жүктелген тарихи миссияны толық орындады деп есептейді. Атап айтқанда 
ол ислам дінін арабтар арасында орнықтырып, жалпыарабтық біртұтас 
мемлекеттің негізін қалады. Ең бастысы ескі, тозығы жеткен пұтқа 
табынушылыққа белшесінен батып, әбден іріп-шіріген араб қоғамын жаңа, 
прогресшіл дін – ислам арқылы сауықтырып, арабтарды тағылықтан алып 
шықты. Осының барлығы болашақ ислам өркениетіне негіз қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет