Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Араб халифаты Омейяттар билігі тұсында



Pdf көрінісі
бет23/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Араб халифаты Омейяттар билігі тұсында.
Көптен бері билікке 
ұмтылып жүрген Муавия билікке заңды үміткер Әлидің үлкен ұлы Хасанды 
үлкен көлемдегі өмірлік зейнетақымен қамтамасыз ету жолымен биліктен 
аластатты. Тақуа халифтерден кейін билікке келген Омейяттардың ең 
алғашқы шарасы елдің астанасын өздері үшін қауіпті болып отырған 


Мединеден (бұл қаланың негізгі тұрғындары Пайғамбардың жауы болған 
Абу Суфианның ұлы - Муавияның билігін заңсыз деп, мойындамады) Сирия 
провинциясының орталығы – Дамаскке ауыстыруы болды. Сонымен бірге
Омейяттар тұсында Халифатта алғаш рет әулеттік билік қалыптасты, Муавия 
өзінің мұрагері ретінде үлкен ұлы Йазидті тағайындады. Омейяттар алғашқы 
тақуа халифтер тұсындағы қарапайым өмір салтын артқа тастап, ежелгі 
парсы патшалары тәрізді сән-салтанатты сарайда тұрып, өздерін халықтан 
аулақ ұстай бастады.
Омейяттар ішкі кикілжіңдерді азды-көпті басып, тұрақтылыққа 
қолжеткізгеннен кейін, тақуа халифтер тұсында басталған сыртқы 
жаулаушылықтарды одан әрі жалғастырды. Омейяттар өздерінің қуатты 
флотымен Константинопольге бірнеше рет шабуыл жасады, алайда «грек 
отының» күшімен византиялықтар өз астанасын қорғап қала алды. 
Омейяттардың басқа бағыттардағы жаулаушылықтары анағұрлым сәтті 
болды. Египеттен арабтар Африканың солтүстік жағалауы бойымен Атлант 
мұхитына дейін шықты. Жауланып алынған Африка халықтарымен 
араласқан арабтарды кейінірек маврлар деп атап кетті. 
670-703 жылдар аралығында арабтар Солтүстік Африка жерлерін 
бағындырып, осы жерден Испанияға өтті. 711-714 жылдар аралығында 
Испания толықтай жауланып алынды. Испанияға арабтар бұл түбекті 
Африкадан бөліп тұрған, жіңішке мойнақ арқылы өтті. Сондықтан да бұл 
мойнақ кейін, Испанияға араб әскерлерін бастап барған қолбасшы Тарик ибн 
Зиядтың есімімен Тарик тауы (арабша - Джебель Тарик, испанша айтылуы - 
Гибралтар) деп аталып кетті. Бұдан кейін араб әскері франктер жеріне 
шықты, алайда 732 жылы Пуатье түбінде болған шайқаста Карл Мартелл 
бастаған франк жасағы арабтарға соққы беріп, олардың солтүстік 
бағытындағы одан арғы жорығын тоқтатты. 
Омейяттар тұсында жаулаушылықтар шығыс бағытында да жүргізілді. 
670-676 жылдары Мәуереннаһр жерлері алынды. Алайда бұл жерлер үнемі 
арабтарға қарсы бас көтеріп отырды. 704 жылы Хорасанның әмірі болып 
тағайындалған Кутейба ибн Муслим Орта Азия әмірліктерінің толқуларын 
біржолата басып, Сырдариядан өтіп, Ферғана жерін алады. Сырдариядан 
солтүстікке қарай жатқан түркілердің жерін алу Араб халифатының мақсаты 
болмаған тәрізді. Өйткені түркілердің жауынгерлік рухы арабтардан кем 
түспейтіндігін араб билеушілері түсініп, өз қолбасшыларына Сырдариядан 
ары аспау туралы бұйрық береді. Арабтардың түркілер жерінде жүргізген 
жалғыз жайқасы – 751 жылғы Талас шайқасы, сол дәуірде Жетісу жерінде 
билігін орнатқан Қытайдың Тан империясына қарсы бағытталды. 5 күнге 
созылған шайқас барысында Тан империясының қол астында болған түркілер 
(қарлұқтар) арабтар жағына шығып кетеді. Дәл осы жағдай шайқастың 
нәтижесін анықтап, арабтар мен түріктердің біріккен қолы Тан әскерін 
ойсырата жеңеді. Талас шайқасынан кейін берте-бірте түркілер арасында 
ислам діні бейбіт түрде тарала бастайды. 
Омейяттаттар Үндістан жеріне де жаулаушылық жорықтар жасайды. 
711 жылы араб қолбасшысы Ибн Қасымның әскері Үндістан жеріне басып 


кіріп, индуизмнің орталықтарының бірі Мультан қаласын алды. Арабтар Инд 
өзенінің бойында бірқатар бекіністі қалалар тұрғызды.
Сонымен араб жауларушылықтарының нәтижесінде Халифаттың 
құрамына Үндістаннан Атлант мұхитының жағалауларына дейін созылып 
жатқан орсан зор территория енді. Жаулаушылықтардың негізгі мақсаты, 
барлық ерте дүние мен ортағасырлардағы жаулаушылықтар тәрізді, жаңа 
жерлер, ресурстарға ие болу, сауда жолдарына бақылау орнату болды. 
Өйткені ерте дәуірлерде өндіргіш күштері, ресурстары шектеулі 
болғандықтан кіші-гірім мемлекеттер, ұзақ өмір сүре алмайтын еді. Тек алып 
империялар ғана ғұмырлы болды. Бастапқыда тек арабтардың мемлекеті 
болған Халифат, жаулаушылықтардың нәтижесінде құрамына әр түрлі 
халықтар мен аймақтар кірген мұсылмандық империяға айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет