Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбардың діни



Pdf көрінісі
бет19/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед пайғамбардың діни 
қызметінің басталуы. 
Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбар 
570 жылы Мекке қаласында дүниеге келді. Ол атақты құрайыш тайпасының 
хашим руынан шыққан. Мұхаммедтің әкесі Абдаллах, ол дүниеге келгеннен 
кейін, көп ұзамай қайтыс болады. Анасы Әмина, араб дәстүрі бойынша, 
бәдәуилер арасында тәрбиеленуі үшін (арабтарда қалалықтардың тәрбиесінен 


далалықтардың, яғни бәдәуилердің тәрбиесі артық деп саналған), 
Мұхаммедті сүт анасы – Халимаға береді. Бала 6 жасқа толғанда анасы 
қайтыс болады да, оны, бастапқыда, атасы Абдалмуталиб, ал кейін немере 
ағасы Әбу Муталиб өсіреді. Мұхаммед жастайынан жетім қалғандықтан, 
өмірдің қиындығын көп көріп өседі. Еңбекке ерте араласып, бай 
туыстарының малын бағады, сауда керуендеріне де қатысып жүреді. 25 жасқа 
толғанында еңбекқорлығы, адалдығы және шыншылдығымен көзге түскен 
Мұхаммедті меккелік ірі көпес әйел Хадиша бинт Хувайлид өз керуенін 
басқаруға шақырады. Көп ұзамай Мұхаммед пен Хадишаның арсында өзара 
түсіністік пен сүйіспеншілік орнап, олар отбасын құрады. Екеуі бақытты өмір 
сүріп, 2 ұл, 4 қыз сүйеді. Алайда ұлдары нәресте кездерінде шетінеп кетеді. 
Араб қоғамында үстем болған полигамиялық дәстүрге қарамастан, 
Мұхаммед Хадишаның үстінен әйел алмаған. Хадиша Мұхаммедке адал жар 
ғана емес, қиын сәттерде қолдаушы да бола білді. Ислам тарихын зерттеуші 
тарихшылар Хадишаны ең алғашқы мұсылман әйел деп есептейді. 
Мұхаммед көп уақытын оңашаланып, араб қоғамының шешілмей 
жатқан мәселелері төңірегінде және жалпы жаратылыс туралы ой-
толғаулармен өткізеді. Мұсылман тарихшыларының көрсетуі бойынша оның 
пайғамбарлығының алғаш көрінуі аяндары болған. Құрайыштардың діни 
салты бойынша Мұхаммед жыл сайын Мекке маңындағы Хира тауының 
үңгірінде бір айын тақуалықпен өткізетін. Осындай кезекті оңашалану 
кезінде оған Жебірейіл періште көрініп, Құранның алғашқы аятын жеткізеді. 
Бұл оқиға Мұхаммед 40 жасқа толғанда, яғни 610 жылы орын алған болатын. 
Осы уақыттан бастап, өмірінің соңына дейін, 23 жыл бойы Мұхаммед 
пайғамбарға Алланың сөзі – Құран аяттары түсіп тұрды. Алғашқы 
мұсылмандардың саны 40-тан асқаннан кейін Мұхаммед жаңа дін туралы 
меккеліктердің барлығына ашық түрде жариялауды жөн көреді. Ол 
меккеліктердің басын қосқан жиында, оларға Алладан түскен алғашқы 
аяттардың мазмұнын жеткізді. Онда Алланың бірлігі туралы, өзінің Алланың 
елшісі екендігі туралы айтылды. Алайда меккеліктердің көпшілігі 
Мұхаммедке сенуден бас тартты. Меккеліктердің жаңа дінді қабылдаудан 
бас тартуының бірқатар себебі болды. Біріншіден, олар жаңа дін өздерінің 
бұрынғы дәстүрлерін жойып, ата-бабаларының жолынан бас тарту болады 
деп есептеді. Екіншіден, Меккенің бай көпестері бұрынғы үстем жағдайынан 
айырылып қаламыз деп қорықты. Өйткені Мұхаммед өзінің алғашқы 
уағыздарында байларды сынға алып, көпестердің арасында барынша кең 
өрістеген өсімқорлықты, таразыдан жеуді айыптаған болатын. Ал кедейлерге, 
жетім-жесірлерге қамқорлық жасауды, құлдарды еркіндікке жіберуді Аллаға 
жағымды іс деп жариялады.
Меккелік бай-көпестердің тарапынан қанша қуған-сүргін көрсе де, 
Мұхаммед пайғамбар және алғашқы мұсылмандар өз сенімінен бас тартпады. 
Ақыр соңында ол қолына қару алып, өз діни көзқарастары үшін, азаматтық 
және саяси идеялары үшін күреске шықты. Мұхаммед ерекше дарынды тұлға 
болды, бір жағынан мистикалық ерекше жағдайда қасиет дарыған болса, 
екінші жағынан үлкен ақыл-парасат иесі де болды. Саяси және 


дипломатиялық дарыны ерекше еді. Алайда Мұхаммед фанатик болған жоқ, 
оның өмірге көзқарасы кең болды, бұны біз оның өзіне дейін болған барлық 
пайғамбарларды мойындауынан және барлық монотеистік діндерді 
мойындап оларды «жазу түскен қауымдар» деп ислам дінімен қатар қоюынан 
көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет