арасында айтарлықтай айырмашылықтар болды. Бұған қоса, ауылдық
жерлерде егіншілікпен айналыспайтындар да болды. Тоқымашылар,
бояушылар және басқа да қолөнершілер
тауарларын рынокка шығарып
отырды. Гупта жазбалары саудаға салынатын салықтар жөнінде айтады.
Үнемі ауылда тұратын ұсақ саудагерлер жөнінде де мәліметтер кездеседі.
Егіншілердің кейбір кәсіп иелерімен, мысалы, темір ұстасы, ыдыс жасаушы,
ағаш ұстасы, қайысшылармен қарым-қатынастарында өзара қамтамасыз ету
жүйесі қалыптасты. Бұл жүйедегі қарым-қатынастар рыноктық негізде емес,
дәстүрлі құқықтар мен міндеттер принципімен реттелді. Қазіргі
әлеуметтанушылық әдебиетте «даджмани» атауын алған бұл жүйенің қызметі
касталық құрылысты бекітілуімен тығыз байланысты болды. Жалгерлер мен
жерсіз батрактардың осы жер иелерінің пайдасына жұмыс атқаруы ежелден
тек экономикалық қажеттілік қана емес, касталық қарыз деп қарастырылды.
Қолөнершілердің, қауым малайларының, сондай-ақ брахмандар және
сәуегейлер мен жұлдызшылардың материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі
сол бір жазылмаған заңмен анықталды, сондай-ақ соңғылар да өз кәсіби және
рәсімдік міндеттерін касталық заңға сәйкес атқаруға тиіс болды. Касталар
гуптталар дәуірінде классикалық түрде болғанын деректер дәлелдейді.
Касталарға тән әлеуметтік томаға-тұйықтық, соның ішінде ең алдымен
эндогамия – кастаралық некеге тыйым, әр түрлі
касталар өкілдері
арасындағы араласудың күрделі ережелері, касталық кәсіптер және онымен
байланысты сыртқы жүріс-тұрыс, киім кию атрибуттары қалыптасты.
Касталар жергілікті сипатта болды, бұл кастаның ішкі ұжымдық құрылымын
сақтауға мүмкіндік берді. Каста істерімен арнайы кеңес (панчаят) айналысты,
ең бір маңызды мәселелерге байланысты жиын шақырылды. Касталық
құрылыстың маңызды белгісі, оның иерархиялық құрылымы болды.
Ауылдық жерлерде касталық статус пен әлеуметтік
жағдай арасындағы
байланыс ерекше айқын көрінеді. Толық құқылы жер иелері осы ауданда
үстем кастаға жатты. Осылайша, касталық құрылыс село қауымының
ұйымдық құрылымын жасап, оның беріктігі мен консерватизмін анықтады.
Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларындағы Үндістанның
әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды нәтижелерінің бірі –
алғашқы
қауымдық периферияларының қысқаруы және қарқынды қоныстану
(колонизация) процесі болды. Бұл жерде Орталық және Шығыс
Үндістандағы және ормандар басып жатқан Инд-Ганг жазығындағы ежелгі
өркениет ошақтары аралығында орналасқан жерлер жайында айтылып тұр.
Жаңа аудандарға қоныстану бір жағынан, мемлекеттік саясаттың салдарынан
болса, екінші жағынан стихиялы түрде, соғыстар жүріп жатқан, су тасыған,
аштық жайлаған, әлеуметтік қанау күшейген
аудандардан қашуы
нәтижесінде іске асты. Қалай болғанда да, Солтүстік Үндістанның алдыңғы
қатарлы дамыған аудандарының өндірістік, әлеуметтік, мәдени тәжірибесінің
таралуы бүкіл Үндістанның дамуына оң ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: