Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет29/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
алифаттың 
ыдырау 
дәуіріндегі 
Магриб 
елдері. 
Араб 
жаулаушылығы басталған уақыттан бастап (647-703) Солтүстік Африка 
елдерінің тарихы Таяу және Орта Шығыс елдерінің тарихымен тығыз 
байланыста өрбіді. Шын мәнінде бұл елдер біртұтас тарихи-мәдени аймақты 
құрады. Халифат өркениетінің ортақтығы, бірегей заңдар, саяси 
мекемелердің ортақ сипаты, құндылықтардың ортақтығы - осының бәрі 
аймақтың тарихи біртұтастығын анықтады. 
Солтүстік Африканың мәдениеті ежелден-ақ Шығыспен байланысты 
дамып отырды. Сондықтан да бұл жерде VIII ғасырдың ортасынан басталған 
халықтың арабтануын аймақтың өзіндік мәдени бет-бейнесінен айырылуы 
деп қарастыруға болмайды. Арабтану өзіндік бір мәдени өрлеу, жергілікті 
халықтың анағұрлым жоғарғы өркениет құндылықтарына тартылуы ретінде 
жүрді. Географиялық жағынан арабтану ең алдымен Ифрикияны қамтыды
өйткені бұл жерде ежелден арабтарға туыс болып келетін семит халқы 
тұратын. Баяу қарқынмен болса да арабтану Морокко мен Кастилияда да 
жүрді. 
Магриб елдерінде арабтану исламданудан қарқынды жүрді. ХI 
ғасырдың ортасына дейін Солтүстік Африка елдері мұсылмандар 
қоластындағы христиан елдері болып қала берді. Мұсылмандардың саны IХ 
ғасырдың басында - 10%, Х ғасырдың ортасында - 50%, ХI ғасырдың бірінші 
ширегінде 80%-ға жетті. 
Солтүстік Африканың ең ірі мемлекеті Ифрикиядағы сунниттік 
Аглабиттер әмірлігі болды. Ол Аббасилердің жоғарғы сюзеренитетін
мойындады. Магрибтің батысында әлиттік Идриситтер мемлекеті өмір сүрді. 
Идриситтер Испанияның мұсылмандық билеушілерімен байланыстар 
орнатып, Аббаситтік халифатқа дұшпандық көзқараста болды. 
 Магрибтегі Альморавиттер және Алмохаттар мемлекеттері.
ХІ ғ. 
ортасында Магрибтің батыс аудандарына Батыс Сахарадан көшпелі бербер 
тайпалары баса-көктеп кіреді. Оларды шала сауатты уағызшы Абдалах Ибн 


Ясин басқарды. Ол өз уағыздарында маликизм (суниттік төрт мазхабтың бірі) 
негіздерін жихадпен ұштастырды. 1050 жылдан бастап қозғалыс орталығы 
Ибн Ясиннің соңынан ергендер бірге тұрып, соғысқа дайындық жасайтын 
орын - рибат (бекіністі орын) болып, сондықтан оларды 
альмурабитун
(рибатта тұрушылар), испанша айтылуы - 
альморавидтер
деп атап кетті. 
Олар берберлердің санхаджа тайпасына сүйеніп, 1054 жылы Батыс 
Сахараның астанасы Аудагасты алғаннан кейін, Нигер өзенінің жоғарғы 
ағысына дейінгі жерлерді бағындырып, солтүстікке жылжыды. 1069 жылы 
Альморавиттер Марокко мен Алжирді, 1086-1090 жж. Андалусияны алды. 
Христиандық Испаниямен соғыстар жүргізіп, Реконкистаны уақытша болса 
да тоқтатты. 
Шектен шыққан қатаң тәртіптерді басшылыққа алған Альморавиттер 
ортодоксалды мораль принциптерін күштеп таңып отырды. Олар барлық 
басқаша ойды аяусыз қуғындады. Альморавиттік шапқыншылық жылдары 
діни негізде 1млн адам қаза болды деген деректер бар. 
ХII ғасырда Солтүстік Африканың тарихында жаңа кезең басталды. Ол 
әскери-теократиялық 
Альмахаттар
державасының пайда болуымен тығыз 
байланысты. Оның негізін қалаған - берберлік діни реформатор Ибн Тумарт 
(1081-1130) болды. Ол негізінде, қатаң бір құдайлық - таухид идеясы жатқан 
әл-Газалидің діни филасофиялық және этикалық ілімнің жолын 
жалғастырушы болды. Сондықтан да Ибн Тумарттың жақтаушыларын 
Аль-
Муваххидун
(бір құдайшылдар) немесе испанша 
альмохадтар
деп атап кетті. 
Ибн Тумарт альморавиттердің және басқа да Магриб билеушілерінің 
бассыздықтарын айыптады. Оларды сатқындар және діннен безушілер, 
тұрпайы антропоморфистер деп бағалады. Оларды христиандар және 
иудейлермен бір қатарға қойды. Сонымен бірге ол өзін шариғатты қатаң 
ұстанушы ретінде көрсетіп, шарап ішуге тыйым салды, әйелдердің еркіндігін 
жоққа шығарды. 
1130 жылы Ибн Тумарт қайтыс болып, қозғалысты оның ең жақын
жақтаушыларының бірі Абд әл-Мумин басқарды. Ол Муминиттер әулетін 
негіздеп, Биік Атлас тауындағы Альмохадтар мемлекетін басқарды. 1146 
жылы Абд әл-Мумин Маракешті алып, бұл жердегі Альморавидтер әулетінің 
билігін құлатты. Альмахаттар өз билігіне бүкіл Солтүстік Африка мен 
Аидалусияны қаратып, бүкіл Магрибте қуатты мұсылман империясын 
құрды. Олардың иеліктерінде қатаң тәртіп - бір дін, бір заң орнады. Олар 
исламды тарату саясатын қатаң жүргізіп, басқа көзқарастағыларды қуғын-
сүргінге ұшыратады. Олардың тұсында көптеген иудейлік қауымдар мен 
африкандық шіркеу (копт шіркеуі) өмір сүруін тоқтатты. Елде әлеуметтік 
қайшылықтар шиеленісіп кетті. Халық бұқарасы маликиттік уағызшылардың 
және әр түрлі сопылық уағызшылардың соңынан ере бастады. Осы кезде 
Магриб елдерінде атақты сопы философтары Ибн Араби (1165-1240), аш-
Шазили (1197-1275) және т.б. сопылардың идеялары кең тарады. Олар 
альмахаттық тәртіптің құлауына үлкен дәрежеде ықпал етті. Империя 
ыдырап, оның орнында дербес мемлекеттер құрылды. Тунисте Хафситтер 
(1229-1574), Тлемсенде Зайяниттер (1269-1465) әулеттері билікті басып алды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет