Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Хулагуиттер империясындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай



Pdf көрінісі
бет37/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Хулагуиттер империясындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай. 
Империяда бүкіл жер 4 бөлікке бөлінді. Мемлекеттік жерлер (диван), 


билеуші әулет жері (хассе), шіркеу жерлері мен жеке меншік жерлер. 
Жаулаушылық барысында жергілікті шонжарлардың жерлері тәркіленіп
монғол-түрік ақсүйектеріне үлестіріліп берілді. Ирандық басқару аппаратын 
пайдаланғандықтан, Хулагуиттер олардың жеке меншік жер иемденуіне 
қарсылық жасай алмады. Бұл процесс әсіресе Газан хан реформасынан кейін 
күшейді (1259-1304). Газан хан реформасы, негізінен саяси себептерден 
туындады. Пұтқа табынушылық дінін ұстанған хулагуиттер мемлекеттің 
негізгі халқына мүлдем жат болды, ал олардың қарсыластары мұсылман 
мемлекеттері еді. 
Реформалардың бастаушысы Рашид ад-дин Хамадданның ислам дінін 
қабылдаған еврейлері арасынан шықты. Өз бейлеушісін мұсылман дінін 
қабылдауға көндіре отырып уәзір осы арқылы монғол бейлеушісінің 
әлеуметтік тірегін кеңейтуді ойлады. Жаулаушылық қимылдары, аяусыз 
жүргізіп отырған салық саясатының салдарынан туындаған ауыр 
экономикалық жағдай Газан ханның раяттарды басқақтардың жыртқыштық 
әрекеттерінен қорғауға бағытталған шараларды қабылдауына мәжбүрледі. 
Оның есесіне шаруаларды жерге бекіту туралы заң қабылданды. Сонымен 
бірге салық мөлшері реттеліп, өлшем мен салмақ мөлшері бекітілді.
Монғол шапқыншылығы кезінде қалалар қирап, қолөнер өндірісі 
қысқарып кеткен болатын. Мысалы, Нишапур қаласының бүкіл халқы 
толықтай қырылды, қаланың өзі негізіне дейін қиратылып, орны 
жыртқызылып тасталды. Исфахан, Рей қалалары да ауыр зардап шекті. 
Қолөнер өндірісін жандандыру қажеттілігін түсіне отырып Хулагуиттер 
өзіндік бір жол тапты, олар мемлекеттік шеберханалар - қарханалар 
ұйымдастырды. Онда құл еңбегі қолданылды. Газан хан реформаларынан 
кейін мұндай құлдар жартылай тәуелді жұмысшылар қатарына өткізілді, олар 
еңбегі үшін ақыны тауарлар түрінде алып отырды.
Газан хан реформалары державаны уақытша нығайтты, алайда 
салықтың одан бетер өсуі және егіншілердің жерге бекітілуі тікелей 
өндірушілердің одан сайын кедейлікке ұшырауына алып келді. Сонымен 
бірге мемлекеттің тірегі әскери-шонжарлар күшейді. 1303 ж. елхан 
жарлығымен әскери қызметтегі монғолдар мен түріктерге икта ұстауға 
мүмкіндік берілді. Мұндай икталар іс жүзінде мұрагерлікпен ұсталатын 
болды. Мемлекеттік жерлердің қысқаруы, соңғы нәтижеде оның әлсіреуіне 
алып келді. 
Рашид ад-Диннің өзі аса ірі жер иесіне айналды, ол әр түрлі заңсыз 
жолдармен байып алды. Оның шексіз билігі көшпелі шонжарларға ұнамады. 
Абу Сайд елхан тұсында (1316-1335) шонжарлар уәзірді биліктен қуып, оны 
сотқа тартты. 1318 ж. ол өлім жазасына кесілді. Алайда бұдан кейін де 
мемлекеттің жағдайы оңалмады. Хулагуиттер державасы барған сайын 
құлдырай берді. Алтын Ордамен, шағатайлықтармен, Египетпен жүргізілген 
сәтсіз жорықтар жергілікті әмірлердің бүліктерімен, олардың халықты 
аяусыз тонауымен қатар жүрді. Шеткерідегі вассалды мемлекеттер 
тәуелділігін мойындаудан бас тарта бастады. Ең алғаш болып Грузия 
патшасы V Григорий Блистательный (1314-1346) дербестігін жариялады. 


Елхан Абу Саид қайтыс бола салысымен державаның орталығындағы 
Әзірбайжанда әмір Чобан іс жүзінде дербес билеушіге айналып, Чобанидтер 
әулетінің негізін салды, бірақ көп ұзамай оларды жалайырлар әулеті 
ауыстырды. Хорасанда күрділер, Оңтүстік және Орталық Иранда 
Музаффаридтер биледі. Сөйтіп Елхандар мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. 
Елхандардың мұрасын иеленуге Алтын Орда мен Мәуреннаһр билеушілері 
таласты.
Монғол жаулаушылығы, Иранның мәдениетіне көп зиян шектіртті. 
Атақты Мерв кітапханасы жойылып кетті. Алайда Иран тарихындағы 
елхандар дәуірі біржақты бағаланбауы тиіс. Ең бастысы Иран халқы 
тарихтағы өз орны және мәдени бет-бейнесін сақтап қала алды. Монғолдар 
тұсында, әсіресе Газан хан реформаларынан кейін әлеуметтік-экономикалық 
өмірде едәуір алға жылжу орын алды.
Хулагуиттер державасы ыдырағаннан кейін Иран территориясының әр 
түрлі бөліктерінде бірнеше дербес немесе жартылай дербес мемлекеттер 
құрылды. Олардың бірқатарына түрік-моңғол шонжарлары бақылау орнатты, 
яғни Хулагуиттер ұлысының ыдырауының тікелей өнімі болды, бірқатары 
бұрын монғолдарға тәуелді болған, енді дербестігін алған жергілікті 
әмірліктер болған еді.
Алағашқының қатарына жоғарыда айтылып кеткен Солтүстік Ирандағы 
Чобанидтер (1356) және Жалайырлар мемлекеті (1340-1410) жатады. 
Екіншіге мысал ретінде Оңтүстік және Орталық Ирандағы Музаффариттер 
(1313-1393) және Күрттер мемлекетін (1245-1389) айтуға болады. Шығыс 
Хорасанда Чобанидтерді жалаириттер құлатты, Музаффаридтер мен 
Күрттерді Әмір Темір талқандады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет