Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет39/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Әмір Темірдің Иранды жаулап алуы. 
XIV ғасырда Орта Азиядағы 
Шағатай мемлекеті құлдырау кезеңін бастан кешіріп жатқан болатын. 
Шағатай ұрпақтарының қол астына егіншілікпен айналысатын Мәуереннаһр 
ғана емес, көшпелі түркі және моңғол тайпалары мекендеген ұлан-ғайыр 
кеңістік те қарады. Шағатай ұлысының шығысында орналасқан бұл аудан 
Моғолстан деп аталды. Мәуереннаһр мен Моғолстан арасындағы 
айырмашылық XIV ғасырдың екінші жартысында айрықша байқалды. 
Моғолстанда көшпелі шонжарлардың билігі мықты болса, Мәуеренаһрда 
шағатайлықтар билігі құлдырап бара жатты. 60-жж. бұл жерде де 
сербедарлар қозғалысы тереңге кетті. Ортаазиялық сербедарлардың 
орталығы Самарқан қаласы болды.
Дәл осы қым-қуыт заманда саяси сахнаға Әмір Темір шықты. Темір 
(1336 жылы туылған) XIV ғасырда Мәуереннаһрда орныққан түркіленген 
моңғолдардың барлас тайпасынан шыққан. Оның әкесі аса бай адам 
болмаған, бірақ өз тайпасында беделді кісі болса керек. Ақсақ Темір де өз 
мансап жасау жолында, Шыңғыс хан тәрізді, тек өзінің жеке басының 
қабілеттеріне сүйенеді. Темірдің, өзі үлгі тұтқан әрі қатты табынған тұлға – 
Шыңғысханмен ұқсас қасиеттері көп болды. Мәуереннаһрдағы билікке келу 
үшін Темір әр түрлі амал-айлаларды қолданды. Бірнеше жылдар бойы әр 
түрлі жергілікті шонжарларға қызмет етті. Бастапқыда Моғолстан ханы 
Тұғлық-Темір жағында болды, алайда оның жағдайының тұрақсыз екенін 
көріп, оны тастап Балх әмірі Хусейнмен жақындасты. Екеуі бастапқыда 
Мәуереннаһрды моғолдық билеушіден тартып алды, бірақ 1365 жылы 
жеңіліске ұшырап, Әмударияның арғы бетіне қашып кетеді. 
Мәуереннаһрды көшпелілердің шапқыншылығынан қорғау ісін 
сербедарлар өз қолына алды. Сербедарлар Мәуереннаһрдан 1361 жылы 
Самарқанға қауіп төндірген Моғолстан ханы Тұғлық Темірді қуып шықты.
Алайда жеңістің нәтижесін тағы да жергілікті шонжарлар пайдаланады, олар 
халықтың белсенділігінен қорқып, Темірмен және Хусейнмен байланыс 
орнатады. Самарқанды алғаннан кейін бұл екеуі бүкіл сербедарларды аяусыз 
қуғын-сүргінге салуды бастайды.
Темір 1370 жылы Хусейнмен келіспей қалып, оны өлтіріп, 
Самарқандағы билікті толықтай өз қолына алады. Темірді Мәуереннаһрдың 
көшпелі шонжарлары ғана емес, сербедарлардан қорқып қалған отырықшы 
шонжарлар да белсенді түрде қолдады. Темірдің сыртқы жаулаушылықтарға 
ұмтылуы тек феодалдарды ғана емес, қаланың жоғарғы топтарын да 
қызықтырды. Темір Шыңғысхан империясын қалпына келтіріп қана қоймай, 
бүкіл жер шарын бағындыруды өз мақсаты етіп қойды. Мәуереннаһрда 
тәртіп орнатқаннан кейін Темір Хорезмді тонап, содан кейін өз назарын 


Иранға аударды. Сылтау да табыла кетті - осы кезде Темірден тақтан 
тайдырылған Сербедар мемлекетінің Хорасандағы билеушісі Али Муайд
(1381) көмек сұрайды. 1381 ж. Темір әскерлері Амудариядан өтіп Хорасанға 
лап қойды. Жорық нәтижесінде бұл жерлер бағындырылып, оның 
билеушілері Али Муайд пен Гийас ад-дин Күрт Темірдің вассалдары деп 
жарияланды. Алайда Темір оларға сенбей үнемі өзінің жанында ұстады
ақыры, кейінірек, екеуін де өлтіріп тынды. 
Хорасанның сербедарлары Темірге бағынғысы келмеді. Алайда, 1383 
ж. олардың Темірге қарсы көтерілісі аяусыздықпен тұншықтырылды. 2000 
сербедар әмірдің бұйрығымен тұрғызылған мұнараға тірідей қаланады. 1383-
1385 жж. аралығында Темір бүкіл Шығыс Иранды бағындырады. Батыс 
Иранды бағындыру қиындық туғызды, өйткені оған Алтын Орда ханы 
Тоқтамыс та көз тіккен болатын. Жошы ұлысына Темірдің қолдауымен хан 
болған Тоқтамыс өз қамқоршысына қарсы тұрып, опасыздық жасады. 
Тоқтамыс Алтын Орда хандарының дәстүрін еске алып, Закавказье мен 
Әзірбайжанға таласа бастады. 1385 ж. ол Тебризге жорық жасап, 90000 
тұтқынды айдап кетеді. Бұдан кейін қаланы Темір басып алып, ойрандауды 
жалғастырады. Сұлтан Ахмет Жалаири әрең қашып құтылды. Бұдан кейін 
Темір Музаффаридтер билеген Оңтүстік және Орталық Иранға 
шапқыншылық жасады. Темір әскерінің тонаушылық әрекеттері Исфахан 
халқының көтерілісін туындатты. Көтеріліс аяусыздықпен тұншықтырылды. 
70000 қала тұрғындарының басы минареттерге қойылды. 
Иранды Темірдің жаулап алуы 1393 ж. аяқталды. Елді ойрандап, 
ондаған мың тәжірибелі қолөнершіні Мәуереннахрға әкетті. Бүкіл ел екі 
наместниктікке бөлініп, оларды басқаруға ұлдарын – Шахрухты Шығыс 
Иранға, Миран шахты Батыс Иранға билеуші етіп қойды.
Темірдің Иранды жаулап алуының маңызды салдарының бірі елдің 
әртүрлі аймақтарына, ең алдымен Әзірбайжанға қыпшақтарды көптеп 
орналастыруы болды, бұған дейін бұл жерде негізінен түркімен тайпалары 
қоныстанған болатын. Бұл Әзірбайжан халқының одан әрі түркіленуіне жаңа 
серпін беріп, қазіргі әзірбайжан халқының қалыптасуына ықпал етті. XIV-XV 
ғғ. бұл тарихи аймақтың ирантілді халқының көп ғасырға созылған түркілену 
процесі аяқталды.
1405 ж. Темір кенеттен қайтыс болғанда Иран халқы бір жеңілдеп 
тыныс алған еді. Өйткені Темір билігінен осы Иран халқы, әсіресе 
сербедарлар ауыр зардап шекен болатын. Сондықтан да Темірдің 
мұрагерлеріне қарсы Иран халқының көтерілісі бұрқ етті. 1408 ж. көтеріліс 
кең қанат жайды. Темірдің ұлы Миран-шах «Қара қойлылар» жаңа саяси 
бірлестігімен күресте қаза табады. Темірдің екінші ұлы Шахрух қара 
қойлылардың билеушісі Джиһан шахты тимуриттердің номиналды болса да 
жоғары билігін мойындауға көндіреді. Бірақ Шахрух өзінің Орта Азиядағы 
иеліктерінің қамын көбірек ойлауға тиіс болатын. Өйткені осы кезде бұл 
жерге Алтын Орда көшпелілері қауіп төндіріп тұрған еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет