гур жаулаушылықтарының қарсаңында пайда болды, ал Еуропаға тек XIV ғ.
ғана ене бастаған болатын.
Қолөнердің дамуымен қалалардың тез қарқынмен өсуі байланысты
болды, бұл кейбір ғалымдардың қала революциясы жөнінде айтуына түрткі
болды. Бұл феноменді олар түрік және басқа да мұсылман билеушілерінің
урбанизациялық саясатымен байланыстырды, олар, ислам дәстүріне сәйкес
жаулап алынған жерлерді тиімді басқару мүддесімен қалалар, бекіністерді
көптеп салып отырған. Қалалардың өсуіндегі бұл саяси фактормен бірге бұл
дәуірде қалалардың өсуінің негізгі себебі қолөнердің ауыл шаруашылығынан
бөліну болғандығы айқын.
Саудагер-қолөнерші халықтың арасында әр түрлі мүліктік, касталық-
кәсіптік және діни топтардың болғанына қарамастан, феодалдарға қарсы
қозғалыстарда
қала
халқы
өзіндік
бір
әлеуметтік-экономикалық
біртұтастықты құрады. Бұл қолөнершілердің де, саудагерлердің де тауар-
ақша қатынасымен айналысуымен анықталды. Бұлардың екеуі де
феодалдарға қарағанда анағұрлым төменгі статуста, саяси жағынан құқықсыз
болды. Сонымен бірге, ортағасырлық қалада қолөнерге қарағанда сауданың
басым болуы, және саудагерлердің өсімқорлықпен де айналысуының
нәтижесінде ақша қорының жинақталуы олардың салыстырмалы түрде
жоғарғы статусын анықтады.
ХІ-ХІІ ғғ. қолөнердің касталық статусының біраз өсу тенденциясы
байқалады. Бұл, қалалардың қолөнер орталығы ретінде өсуімен байланысты
болды. Ерте орта ғасырларда қолөнершілер қаладағы ең төменгі кастаға
жатса, немесе тіпті кастадан тыс, кесапаттар ретінде қарастырылса, ал
қарастырып отырған дәуірде, атап айтқанда Х-ХІІ ғғ. қолөнер касталарының
көпшілігі кесапаттар деп аталмайтын болды. Ең алдымен зергерлер өз
статусын көтерді, сондай–ақ тоқымашылардың статусы да көтерілді.
Қала халқын да, ауылдар сияқты феодалдар қанап отырды. Саудагерлер
мен қолөнершілерден заңды салық - зекеттен басқа, Дели сұлтандығының
шенеуніктері оларға көптеген салықтар мен міндеткерліктер жүктеді.
Мысалы, Делиден әкелінген барлық тауарлар, зекет алынып болғаннан кейін,
қазына қоймаларына апарылып, ол жерде олардан қосымша
дангана
салығы
алынды. Мемлекеттік рыноктарда сатқаны үшін барлық тауар түрлерінен де
салық алынып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: