Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет43/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Әмір Темірдің Үндістанға жорығы. 
1398 ж. Инд өзенінің жағалауына 
Ақсақ Темір әскері табан тіреді. Әмір Темірдің Үндістанға жорығын 
панигирист-тарихшылар, оның барлық басқа жорықтары сияқты ғазауат 
соғысы (дін жолындағы соғыс) деп атады. Осы жылдың аяғында Солтүстік 
Үндістанның бірқатар қалалары мен бекіністерін алған Темір әскерлері 
желтоқсан айында Делиге жақындап келді. Дели сұлтаны Гуджаратқа қашты. 
Уәзірі Барана қаласына барып тығылды. Сол кезде Делидің «ұлы адамдары, 
қазылар мен шонжарлары ақылдасып, Темірден қала тұрғындарына 
аяушылық танытуын сұрайды. Сөйтіп Темір қала халқына тиіспеді». 18 
желтоқсанда қалада Темірдің ұлы Пір Мұхамедтің құрметіне құтба 
(билеушінің құрметіне оқылатын намаз) оқылды. Алайда, 10 күннен кейін


Делиге кірген Темір әскері жаппай тонаушылықпен айналысты. Қарсылық 
көрсеткендердің бәрі аяусыз қырғынға ұшыратылды. Үндістердің бастарынан 
соғылған мұнаралар аспанға жетіп, олардың денелері аң-құсқа жем болды. 
Бірнеше күн бойы қала қақпаларынан тұтқындар үздіксіз шығарылумен 
болды, олардың қатарында тас қашаушы, және басқа да қолөнерші-шеберлер 
көп болды. Әр жауынгер 150 тұтқыннан айдап әкетті. Оларды Темірдің өзі 
ерекше қадағалап отырды, өйткені Үндістанның шебер сәулетшілерін 
Самарқандта мешіт салғызуда пайдаланбақшы еді. 
Талан-таражға салынып, қаңырап бос қалған қалада қалудың енді еш 
мәні қалмады, сөйтіп 1399 ж. 1 қаңтарда Темір әскері солтүстікке қарай бет 
түзеді. Үнді тарихшыларының айтуынша «Темір кеткеннен кейін екі ай бойы 
қалада құстың өзі қанатын қақпады». Солтүстік-Батыс Үндістанның бірқатар 
қалалары мен аймақтарын тонаушылыққа ұшыратқан Темір әскерлері сол 
жылдың наурызында Инд өзенінен өтіп, Үндістанның шектерін тастап 
шықты.
Темірдің Үндістанға жорығы Делидің Тұғлақтар әулетінен шыққан 
билеушілерінің билігіне ауыр соққы берді. Шапқыншылық қарсаңында-ақ 
басталған феодалдық бытыраңқылық, енді біржолата анархияға ұласты.
Тұғлақ әулетінің өкілдері арасындағы тақ үшін күрестің нәтижесінде билікке 
Хызыр хан келген болатын. XIV ғ. 90-жж. өз иеліктерінен айрылып қалған 
Хызыр хан 1399 ж. Үндістаннан кетіп бара жатқан Темірге қосылып, оны 
Кашмирдің шегіне дейін шығарып салады. Әмір Темір өзі басып алған 
Мултан мен Лахорды Хызыр ханға қалдырып, оны өз наместнигі етіп 
тағайындады. 1414 ж. ол Делиге басып кіріп, Саийдтер әулетінің негізін 
қалады, бірақ ол ресми түрде сұлтан атағын алмады. Оның билігі Дели 
аумағын, Ганг, Джамна қосөзенін және Пенджабты қамтиды. 
Алайда оның мұрагері Мүбарак шах тұсында ақсүйек мұсылмандар 
бүлік ұйымдастырып, нәтижеде Мүбарак шах өлтіріледі, таққа отырған 
Мұхаммед шах тұсында саийдтерге қызмет етіп жүрген ауғандық 
қолбасшылардың бірі Бахлул хан Лоди ерекшелене бастады. Ақырында 1451 
ж. соңғы Саийдтың тұсында тағы бір бүлік болып, билікке Бахлул хан Лоди 
келеді. Лоди әулетінің сұлтандары өз иеліктерін кеңейтуге күш салды. 
Сикандар шах Лоди (1489-1527) Джаунпур мен Бихарды қаратып, Бенгалия 
шектеріне жетті, көптеген бүлікшіл ауғандық және басқа да қолбасшы 
әмірлерді өзіне бағындырды. Ол Агра бекінісін салды, кейінірек, ХҮІ ғ. 
екінші жартысында бұл керемет гүлденген қала Ұлы Моғол империясының 
астанасына айналған болатын. 
Алайда Дели сұлтандығының соңғы сағаты соғуға жақындап қалған 
еді. 1517 ж. таққа Сикандар шахтың ұлы Ибрахим шах Лоди отырды. Бұл, 
Ибрахим шахтың ізашарлары - Бахлул шах пен Сикандар шахтың тікелей 
тірегі болған ауған әмірлерінің күш-қуаты шарықтау шегіне жеткен уақыт 
болатын. Ибрахим шах күшейіп кеткен ауған шонжарларынан тәуелсіз саясат 
жүргізуге тырысты. Алайда, Ибрахим шахтың ауған шонжарларынан тәуелсіз 
болуға ұмтылуы оның биліктен айрылуына алып келді. Дәл осы ауған 
әмірлері әмір Темірдің ұрпағы - Бабырдың Үндістанды жаулап алуына ықпал 


етеді. Мұнымен байланысты тарихи оқиғалар оқулықтың «Кейінгі орта 
ғасырлардағы Үндістан» тарауында арнайы қарастырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет