Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет33/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
Бекіту сұрақтары: 
1. Аббаситтік халифаттың ыдырауының объективті алғышарттарын көрсетіңіз. 
2. Магриб елдерінің мәдени дамуының ерекшеліктері қандай? 
3. Альморавиттер мен альмохаттар билігінің негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз. 
4. Фатимиттік халифаттың әлеуметтік-саяси дамуына талдау жасаңыз. 
5. Айубиттер әулетінің биліікке келуі және оның кресшілермен күресінің маңызын 
көрсетіңіз. 
6. Мамлүктер тұсындағы Египеттің саяси дамуы? 
VI ТАРАУ 
ДАМЫҒАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ИРАН 
 
Халифаттың ыдырау дәуіріндегі машриһ елдерінің әлеуметтік-
экономикалық дамуы. 
Бұрынғы халифаттың шығыс бөлігінің (машриһ) 
саяси тарихына ирандықтардың этникалық жағынан топтасу процесі үлкен 
дәрежеде ықпал етті. Осы кезде дари-фарси тілінің көтерілуі, бұл тілде 
әдебиеттің пайда болуы тек мәдени мәселе ғана емес, үлкен маңызға ие 
тарихи мәселе де болды.
Иран экономикасының өрлеуі Аббасидтік халифат дәуірінде-ақ 
басталып ІХ-ХІ ғғ. жартылай тәуелсіз және тәуелсіз мемлекеттер дәуірінде 
әрі қарай жалғасты. Иран жері географиялық жағдайларымен анықталатын 
бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінді. Бұл ең алдымен Хорасан, 
Мәуеренахр және Хорезм жерлері кірген аймақ. Экономикалық жағынан 
біртұтастықты құраған бұл жерлер саяси жағынан да бірлікте болып, 
Тахиридтер, Саффаридтер және Саманидтер мемлекетінің құрамына кірді. 
Ерекше бір экономикалық аймаққа Солтүстік–Батыс Иран, Азербайжан 
және Орталық Иран жерлері кірді. Оңтүстік–Батыс Иран үшінші аймақты 
құрады. Каспий маңы жерлері – Гилян, Табаристан, Дейлем жерлері, өзінің 
географиялық және тарихи жағдайына байланысты ұзақ уақыт көрші 
аудандардан тыс болған бұл жерлер ерекше бір аймақты құрады. Бұл 
аймақты арабтар басып алды, бұл жерлерде Ислам да кеш орнықты. Бұл 
аймақтан шыққандарды дейлемидтер деп атаған, олар Халифаттың кейінгі 
саяси өмірінде үлкен роль атқарды. 
Иранның барлық бірдей жерлерінде дерлік суғармалы егіншілік орын 
алды. Халифат дәуірінің аяғына қарай мульктік (жеке меншік) жер 
иеленушілік түрі өсті. Ірі жер иелері – мәліктер туралы деректерде көп 
кездеседі. Мүлік жерлерін сатуға, сатып алуға болатын еді. Х ғасырда Иран 
территориясындағы бірқатар мемлекеттерде икталық жер меншігі шартты 
жер меншігі ретінде кең тарай бастады. Жергілікті билеушілер осындай 
жолмен декхандарды әлсіретіп, өздеріне тәуелді феодалдар табын құруға 
ұмтылды. Икта жүйесі әсіресе Селжүк дәуірінде барынша дамыды. 
Ауыл шаруашылығындағы басты тұлға жерді жалға алып, ұстаушы 
шаруалар болды. Қауымдық жер иеленушілік те сақталды, кейбір аудандарда 


жеке шаруалар меншігі де орын алды. Жердің жетіспеушілігі мен халық 
санынының өсуі шаруалардың ауылдан жаппай үдере көшуіне, олардың 
қалаларға ағылып келуіне итермеледі. Бұл азғындаған топтар (айарлар) 
қалаларда әр түрлі қызық іздеуші топтарға бірігіп, саяси өмірде удәуір роль 
атқарды, кейде олар билеуші әулеттер де құрып отырды. Бұлардың 
қатарына– Саффаридтер әулетінің негізін қалаған Йакуб ибн Лейсті, Буйдтер 
әулетінің негізін қалаған Дейлемнен шыққан шаруалар – ағайынды Буйдтерді 
жатқызуға болады.
Иран жерінде Саманидтердің билікке келуін осындай «плебейлердің» 
көтерілуіне қарсы тұру ретінде қарастыруға болады. Саманилер Балх 
жеріндегі атақты рудан еді. Жалпы, осы өзара қарама-қарсы екі үрдістің бір 
бірімен күресі IX–XI ғғ. Иран мен Мәуереннаһрдың бүкіл тарихын 
сипаттайды. Бұл күрес әсіресе дәуірдің аяғына қарай саяси аренаға түрік 
әскери жасақтарының басшыларының, көбіне билікке ұмтылған гулямдардың 
шығуымен күрделене түсті. Осылайша газневидтер әулеті билікке келген 
болатын. Саяси аренада дехкан өкілдерін және Иран төменгі топтарынан 
шыққандарды түрік әскербасшыларының ауыстыруы – бір жағынан 
декхандардың 
әлсіреуінің, 
екінші 
жағынан 
Иран 
қоғамының 
феодалдануының нәтіжесінде Дейлем сияқты артта қалған аудандардан 
халықтың көптеп кетуінің тоқталуының айғағы болады. Сөйтіп XI ғ. қарай 
Иранның әлеуметтің өмірінде маңызды өзгерістер орын алды, атап айтқанда 
декхандар табының бірте-бірте әлсіреуі және шығу тегі әртүрлі қызметші 
шонжалардың өсуі. Cонымен бірге, қаланың өсуі, қаланың экономикалық-
саяси рөлінің өсуі де дәуірге тән ерекше құбылыс болды. Осы өзара 
қайшылықты факторлардың дамуы орталықтың әлсіреуіне, аймақтар мен 
жергілікті жерлердің дербестенуіне алып келді. Осындай жағдайларда әскери 
жасақ басшыларының жеңіл түрде жекелеген қалаларда, аудандарда билікті 
басып ала алды, бірақ олардың биліктен айрылуы да қиынға соққан жоқ. Осы 
үдерістердің дамуы, соңғы нәтижеде, Иранды селжүктердің басып алуын 
жеңілдетті. 
Халифаттың ыдырауы жағдайында Иран территориясында алғаш болып 
жартылай дербес саяси бірлестікке айналған Хорасандағы Тахиридтер (821-
873) мемлекеті болды. Әулеттің негізін қалаушы Хорасанның атақты 
декхандар отбасының өкілі Тахир ибн Хусейн кезінде халиф әл-Мамунның 
әскерін басқарған, кейін Хорасанның наместнигі болып тағайындалған 
болатын. Өлер алдында ол жұма намазында әл–Мамунның есімін атамауға 
бұйрық береді, бұл халифтің жоғарғы билігін мойындаудан бас тартуды 
білдіретін еді. 
Тахириттерді Саффариттер құлатты. Әулеттің негізін қалаушы Йакуб ибн 
Лейс шығу тегі қарапайым, төменгі топтан шыққан (мыс өндеушілер 
әулетінен). Өз кәсібін тастап, ол Сейстанның билеушісінің жеке қызметіне 
кіреді, бірте-бірте осы аймақтағы билікті басып алып, кейін Хорасандағы 
Тахириттермен күрес жүргізіп, олардың қолынан билікті тартып алады. 
Йакубтың мирасқоры Әмір Аббасид халифінің билігін мойындауға мәжбүр 
болды, бірақ оған алым төлеуден бас тартты. Тахириттерден өзгеше 


Саффариттер елдің жағдайын тіпті ойламады, олар өз қалталарын толтыруды 
ғана ойлаған тәрізді. Саффариттер шаруаларды да, декхандарды да ауыр 
салықпен қанады. Олар үйінде тоқымамен айналысқан кемпірлерге дейін 
салық салған көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет