Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Тан империясының қалыптасуы және саяси жағдайы



Pdf көрінісі
бет4/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Тан империясының қалыптасуы және саяси жағдайы. 
Қытайдың 
саяси және экономикалық қатынастардағы тұрақтылыққа бет алу үрдісін V-
VI ғасырлар межесінен бастап байқауға болады. Өзара қырқыстар бірте-
бірте азайып, көшпелілердің шапқыншылықтары басылды. Елдің 
солтүстігінде де, оңтүстігінде де билеуші топтардың билігі нығайып, 
халықтың саны өседі, жерді пайдаланудың үлестік жүйесінің кеңеюі 
негізінде шаруашылық жолға қойылады, мемлекет қазынасы толыға 
бастайды.
Саяси жүйеде империялық тәртіп күшейіп, орталықтандырудың деңгейі 
бұрынғыдан да артады. Армияның көмегімен тақты басып алған Ян Цзянь 
(589-604) кейін шенеуніктер аппаратына сүйене бастайды, басқарудың 
азаматтық формаларын бекітеді. Алайда, Ян Цзянның мурагері Ян Гуан (604-
617) деспотиялық басқару тәсілін қолданады. Сарайдың шектен тыс 
қазынаны шашып-төгуі, агрессияшыл сыртқы саясат мемлекеттің қаржысын 
сарқыды. Шиеленісіп кеткен әлеуметтік қайшылықтар халық көтерілістері 
мен бүліктердің жандануына алып келді. Нәтижеде Суй (589-617) әулеті 
құлап, империя қайтадан бөлшектене бастайды. Алайда біртұтастық пен 
орталықтануға деген ұмтылыс күшті болып шықты. Бұрынғы Суй 
мемлекетінің Тайюань қаласындағы наместнигі Ли Юань 618 жылы жаңа – 
Тан әулетінің негізін қалайды. Ли Юань мен оның ұлы Ли Шимин елдегі 
саяси жағдайды тұрақтандырып, 628 жылға қарай көтерілістер мен бүліктерді 


толықтай басады. Дәл осы әулет тұсында (618-907) империялық басқарудың 
жаңа дәуірге дейін сақталған типі қалыптасты.
Мемлекет басында тұрған монархтың билігі мұрагерлікпен берілді және 
шексіз болды. Ол ресми түрде «Аспан ұлы
», 
яғни император деп аталды. 
Императордың жеке басы қасиетті деп есептелді.
Басқару тармақталған шенеуніктік – бюрократиялық аппарат арқылы 
жүрді. Басқару аппараты орталық және жергілікті органдардан тұрды. 
Жоғарғы үкімет мекемесі - ведомстволар басқармасы атқару билігіне 
жататын 6 ведомстваны басқарды: бұл шендер ведомствасы, салықтар, 
рәсімдер, әскери, сот ведомствосы. Олардың ұйымдық және әрекет ету 
принциптері VIII ғасырдың бірінші жартысында құрастырылған «Тан лю 
дянь» заң жинағында қарастырылды. 
Жергілікті жерлерде басқару империялық әкімшілік бөлініс жүйесіне 
сәйкес жүргізілді. Ел 10 провинцияға бөлінді. Жергілікті биліктің ең жоғарғы 
буыны округ басқармасы болды. Тан империясында барлығы 1573 округ 
болды. Олар разрядтарға бөлінді. 
Шенеуніктерді қызметке алу принципі де өзгерді. Егер бұрын 
жергілікті шенеуніктер өзіне бағынатын қызметкерлерді өздері таңдайтын 
болса, енді барлық қызметкерлерді қызметке тағайындаумен шендер 
ведомствосы айналысатын болды. 587 жылдан бастап қызметкерлерден 
емтихан алуға маңыз беріле бастады. Тан дәуірінің басында маңыздылығы әр 
түрлі 8 емтихан деңгейлері болды. Үміткерлер берілген тақырыпта шығарма 
жазды, онда конфуциандыққа негізделген ауқымды классикалық тарихи-
философиялық әдеби мұраны жете меңгергендігін көрсетуі керек болды және 
канондалған шығармалардан білімін көрсетуі керек болды.
Елдің біріктірілуі, басқарудың бір жүйеге келтірілуі, үлестік жер 
пайдаланудың кеңеюі мен нығаюы экономикалық жағдайдың жақсаруына 
ықпал етіп, ал бұл жағдай VI ғасырдың аяғы мен VII ғасырдың басында 
сыртқы саясатты белсенді жүргізуге жағдай жасады. Империяға туюйхунь 
тайпасының жерлері (Шығыс Цинхай) қосылды. Түрік қағандығының 
билеушілері Қытайдың «ағалық» ролін мойындады. 602-603 жылдары 
Қытайдың Цзяочжоудағы (Солтүстік Вьетнам) үстемдігі қалпына келтірілді, 
бұдан кейін Үндіқытай түбегінің оңтүстігіне, Тайваньға, Рюкю аралына 
жаулаушылық жорықтар жасалды. Солтүстік Корей мемлекеті Когуреге 
қарсы бірнеше рет жорық ұйымдастырылып, бастапқыда бұл еш нәтиже 
бермеді. Тек VII ғасырдың 60-жылдарының аяғында ғана Қытай әскері 
Когурені талқандады, ал бұдан бұрын, 60-жылдардың басында оның 
одақтасы – Пэкче мемлекетін құлатқан болатын. 
629-630 жылдары Қытай жерлері Шығыс Түрік қағанатын талқандап
империя Ұлы Жібек жолында басымдыққа жетеді. 657 ж. Қытай әскері 
Кучарға дейін жетіп, ұйғырлармен одақтаса отырып, Батыс Түрік қағанатын 
талқандады. Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі елді мекендерге қытай 
горнизондары орналасты. 


751жылы Гао Сяньчжи басқарған Қытай армиясы Тянь-Шаньнан өтіп 
Орта Азияға келеді, бірақ бұл жерде оларды Талас өзені бойында арабтар 
тоқтатады. 
Тан дәуірінде шет елдермен дипломатиялық байланыстар кең қанат 
жайды, дипломатиялық қызмет, негізінен, елшілік миссиялар түрінде 
жүргізілді. Ежелден қалыптасқан, қытай билеушілірінің Аспан мен Жер 
арасын жалғастырушы ретіндегі билігінің әмбебаптығы туралы доктаринаға 
сәйкес барлық шет жерлік билеушілер Қытай империясынан төмен тұрған, 
оған қызмет етушілер ретінде қарастырылды. Шетжерлік елшілердің Қытай 
империясының сарайына келуі тек вассалдық тәуелділігін, бағыныштылығын 
мойындауы ретінде бағаланды, ал олар әкелген сый-сияпаттар алым деп 
қарастырылды, ал шет елдерге барған қытай елшілері шетжерлік 
билеушілерге империяның «жарлықтарын» жеткізді, оларға қытай 
титулдарын беріп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет