Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет71/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Бекіту сұрақтар: 
1. «Өзара жауласушы провинциялар дәуіріндегі» Жапонияның саяси дамуына талдау 
жасаңыз. 
2. Кейінгі орта ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау 
жасаңыз. 
3. Жапонияға еуропалықтардың келуінің жағдайларын талдаңыз. 
4. Елді біріктіру жолындағы күрес және оның негізгі қайраткерлері? 
5. Токугава сегунаты тұсындағы Жапонияның әлеуметтік-саяси дамуы? 
XIV ТАРАУ 
 
КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҮНДІСТАН 
 
Оңтүстік 
Үндістанға 
еуропалықтардың 
келуі.
Еуропа 
отаршыларының ең алғашқы тобы 1498 жылғы 20 мамырда Васко да 
Гаманың (1469–1524) басшылығымен Үндістанның Каликут қаласына келіп 
түсті. 1498 ж. экспедиция Сомалидегі Малинди жағалауына жетті. Келесі 
жылы экспедицияның 55 мүшесі ғана қайтып оралды. Қалғандары жолда 
әртүрлі аурулардан қайтыс болды. Еуропалықтар мұнда араб және басқа да 
мұсылман елдерінің көпестерімен бақталастыққа түсті. Олар Үндістанға 
Египеттен, Қытайдан, т.б. елдерден тауар әкеліп тұратын. Үндістаннан 
Египетке түскен тауарларды Венеция мен Генуя көпестері Батысқа қарай 
жөнелтетін. 
Үндістанға баратын жолды ашқаннан кейін португалдықтар бұл елмен 
саудаға өз үстемдігін орнатуға кірісті. Үндістанның ішіндегі ала ауыздықты 
және өздерінің әскери күштерін пайдалана отырып, португалдықтар екі 


арадағы жолда көптеген бекіністер сала бастады. Малабар жағалауындағы 
Гоа португал вице-королінің мекеніне айналды (астанасы – Панаджи қаласы, 
Үндістанның батысында). Ормузды басып алып, португалдықтар парсы 
шығанағындағы бай саудаға өз бақылауын орнатты. 
1511 жылы Албукерки Сингапур бұғазындағы маңызды порт 
Малакканы басып алды. Сөйтіп, Үнді мұхитына шығыстан да жол ашылды. 
Енді португалдықтардың қол астына Үнді мұхитының батысы да, шығысы да 
қарады. 1517 жылы португалдықтар Цейлонмен сауда қатынасын орнатудан 
бастап, бірте-бірте оны өзіне бағындырып алды (1653 жылы оларды 
голландтар қуып шықты). Португалдықтар басып алған жерлерінде 
шаруашылықпен аз айналысты, көбінесе дайын азық-түлік т.б. өнімдерді өте 
арзан бағаға сатып алып, Еуропада 10 есе қымбатқа өткізді. Олар басып алған 
жерлерінде көп дегенде 10 мыңдай ғана әскер ұстады. Португалдықтар әскері 
аз болғандықтан Азиядағы отарларын көбейте алмай, негізінен теңіздегі 
қарақшылықпен айналысты. XVI ғасырдың аяғында – XVII ғасырдың 
басында португалдықтардың Индиядағы және оңтүстік-шығыс Азиядағы 
үстемдігін ағылшындар мен голландтар тартып ала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет