тезірек және көбірек салық жинап алып, оны ойын-сауық, той-думан, сән-
салтанатқа жұмсауға асықты. Оларды шаруалар күйзелісі толғандырмады.
Акбардың билігі тұсында елдегі ыдыраушылық жағдайдың біраз
бәсеңдеуіне, ең алдымен шахтың діни саясаты ықпал етті. Ол империя
халқының діни теке-тірестерін жою мақсатымен және индуизм дінін
ұстанушы жергілікті халықтың есебінен өз әлеуметтік базасын күшейту
мақсатымен діни реформа жасады. Акбардың діни саясатының негізіне
сульх-и кул (жалпыға ортақ бейбітшілік) ұстанымы алынды. Оның мәні
барлық діндер ақиқат деп жарияланып, дінаралық келісім орнату болды. 1563
жылы Акбар мұсылман еместерден жиналатын, қазынаға орасан зор табыс
түсіріп тұрған джизья салығын жойды. Мұсылман дінбасыларының қатты
қарсылығына қарамастан Акбар 1582 жылы сарайда жаңа дін - дин-и
иллахиді («құдай діні») салтанатты түрде жариялады. Алайда, әр түрлі діни
дәстүрлердің жасанды түрдегі қосындысы ретіндегі жасанды діннің не діни
дәстүрі, не қасиетті жазбасы болмаған еді. Сондықтан да кең қолдауға ие
болмаған дін Акбар қайтыс болғаннан кейін кіші-гірім сектаға ғана айналып
қалды.
Акбардың діни синкретизмі тек оның орталық билікті нығайтуға
бағытталған саясатынын ғана туған жоқ, сонымен бірге Үндістанда ғасырлар
бойы жүріп жатқан ислам мен индуизм дәстүрлерінің өзара жақындасуы,
синтезінің де көрінісі болды. Алайда жаңа дін жоғарыдан, билік тарапынан
күшпен енгізілмейтіні тарихтан белгілі, ол бірте бірте тарихи үдерістің
барысында қалыптасады. Сондықтан да Акбардың діни тұжырымдамасы игі
ниеттен туғанын қарамастан тығырыққа тірелді, баянды бола қоймады.
Керісінше әр түрлі діни қауымдар арасындағы қақтығыстарға алып келді.
Елдегі саяси және әлеуметтік шиеленістер діни сектанттық қозғалысқа
ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: