ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы және оны моделдеу«Қолданбалы есептерді математикалық үлгілеу даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:
- білу (еске түсіру);
- қолдану (байланыстарды орнату);
- ойлау (пайымдау).
Қолданбалы есептерді математикалық үлгілеу – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық үлгілеу құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірде тиімді қолдану;
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- геометриялық, физикалық, қолданбалы және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу.
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек:
1) Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған осы бағдарламаның әр бөлімі, әр тақырыбы бойынша “білу-түсіну-қолдану-тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;
2) Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, логикалық есептер шығаруға,оны практикада қолдануға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |