КІШКЕНЕКӨЛ № 1 ОРТА МЕКТЕБІ
Баяндама
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІ САБАҚТАРЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Орыңдаған: Сейтмагамбетов А.Н
Кішкенеколь 2015
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрті технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әртүрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді болуы керек. Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде тиімділігі зор екенінне көз жеткізуге болады. Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады. Дидакт -ғалымдардың айтуынша, дәстүрлі дидактикада жеті кемшілік бар екен:
1. Бала басқаруға қатыспайды, тек мұғалімге тәуелді.
2. Бала білім қажеттілігіне сенбейді, амалсыз айтқанды істейді.
3. Даму жан-жақты емес, сыңар жақ бағытта жүргізіледі.
4. Тапсырма жалпы беріледі, жеке ерекшеліктер ескерілмейді.
5. Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар.
6. Өзара шынайы сұхбат жоқ, тек мәлімет алмасу жүреді.
7. Басты мақсат- адам тәрбиелеу емес, жоспар орындау ғана.
Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытуды жаңаша ұйымдастыру қажет. Ол мына міндеттерді қамтуы тиіс:
1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру.
2. Ұжымдық іс-әрекеті ортақ қарым-қатынас құралы ету.
3.Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының
стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады.
Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына,жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқу білімді өз ізденісімен, өз білімділігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасады.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
“Сын тұрғысынан ойлау” жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Сын тұрғысына ойлау сабақтарының алғы шарттары:
1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
3.Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
4.Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5.Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау
7.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
8.Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру
«Сын тұрғысынан ойлау » стратегияларын пайдаланып өткізген шығармашылық ізденіске баулу сабағымды мысал ретінде келтіре кетейін.
Тақырыбы: «Сарыарқа»
Мақсаты:
а) оқушылардың өткен білімдерін еске түсіре отырып, жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгеру;
ә) Сарыарқа физгеографиялық аймағының табиғи ерекшеліктерін оқушылармен бірлесе, қосымша мәліметтерді пайдалана отырап талдау;
б) оқушыларды шығармашылық ізденіске, туған өлке табиғатын қастерлей білуге, ойларын тиянақты талдап жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, фотосуреттер, видеоматериалдар, қосымша әдебиеттер, шығармашылық жұмыстар. Ақын-жазушылар шығармалары.
Номенклатура: Ұсақ шоры, Ақсораң, Қызыларай, 1939 жылы Нью-Йорк, «екінші Швейцария», «Жұмбақтас, Жеке батыр, Оқжетпес, Бурабай, Ертіс – Қарағанды, т.б.»
Әдіс – түрі: Дәстүрлі емес. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, шығармашылақ ізденіске баулу.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Ауызша сұрақтар.
Солтүстік Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?
Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері қандай?
Қандай табиғат зонасында орналасқан?
Топырағы қандай, шарушылықты қай түріне қолайлы?
Қандай экологиялық проблемалары бар?
ІІІ. Мағынаны тану.
Оқулықпен, қосымша әдебиеттермен жұмыс.
Жигсо әдісімен топқа бөліне талдау. 1-топ: Географтар – географиялық орны, геологиялық құрылысы.
2-топ: Геоморфологтар – жер бедері, пайдалы қазбалары.
3-топ: Климатологтар, гидрологтар – климаты, өзен көлдері.
4-топ: Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары.
5-топ: Экологтар – шаруашылық маңызы мен қорғалатын аймақтары.
Дәптермен, атласпен жұмыс.
Сауал менен, жауап сізден ...
Неліктен Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды?
Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған?
ІV.Кубизм әдісі
(әр топқа 2 сұрақтан)
1.Сарыарқа табиғатын қорғау үшін не істер едің? (ұсыныс)
2.Ақын немесе суретші болсаң Сарыарқа табиғаты қалай суреттер едің? (суреттеу)
3.Сарыарқаның пайдалы қазбаларын қарқынды игеру сіздің ойыңызша дұрыс па? (талдау)
4.Сарыарқа қазақтың ең әсем тауы ма? (дәлелдеу)
5.Сарыарқа- бай өлке. (ассоциациялау)
6.Солтүстік қазақ жазығы мен Сарыарқаның қандай ұқсастықтары бар? (салыстыру)
V. Қорытынды: «Ой толғаныс»
Сабақты қорыту кезеңінде «Сарыарқа» тақырыбына төмендегідей сызба арқылы жинақтауға болады
VІ.Бағалау парағы
VІІ. Үйге тапсырма.
§43 оқу.
Шығармашылық тапсырма: Сарыарқа сұлулығын баяндайтын эссе жазу.
Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.
Сарыарқа өңірінің жер-су аттарына байланысты аңыз әңгімелер жазу.
Сөз соңында айтарым, нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет-өз ісін сүюі және балаларды сүюі.
Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспар қабылданды. Бұл – Елбасының білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асырудағы маңызды тетіктердің бірі.
Аталған тетіктер Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, жаңа Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айрықша мән беріліп айтылған.Дүниежүзілік экономикалық форумда жарияланған әлем елдерінің бәсекеге қабілетті рейтингідегі соңғы нәтижелерден байқауға болады.
Әлемдік білім берудің нәтижелілігіне қарағанда Қазақстан бірден 21 орынға жоғары көтерілген. Мұндай өсу еш елде бір жылда болған емес. Демек, біздің еліміздің Білім және ғылым саласындағы осындай жетістіктеге жетуіміз ұстаздарымыздың өлшеусіз қажымас еңбегінің нәтижесі деп білеміз.Ел Президенті білім саласына үнемі көңіл бөліп, қамқорлық жасап келеді. Әсіресе, соңғы екі жылда болып жатқан білім саласын жаңарту ісіне назары айрықша болғаны белгілі. Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі
МАҚСАТЫ – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу арқылы Қазақстан оқыту деңгейі мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады. «Функция»- сөзі латынның «functio» сөзінен шыққан, қазақша «орындау», «атқару» деген мағынаны білдіреді.
Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.Баланың психологиялық қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.
«Әлемде екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие дейді.
Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.
Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар ,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.
Функциналдық сауаттылықты дамытуда
-Ғылыми –зерттеушілік жағынан қамтамасыз ету (мектепті басқару жүйесі,ғылыми-зерттеушілік,сараптамалық -талдамалар, оқушылар мен ата-аналардың рөлін диогностикалау);
– Білім беру мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын қамтамасыз ету, оқу жоспары бойынша вариативтілігін,коммуникативті дағдыларын қалыптастырудағы білім алудағы дербестік, ақпарат пен технологияны пайдалана білу, іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды жүзеге асыру;
– Оқу әдістемелік қамтамасыз ету (қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдарды педагогтердің практикасына енгізіп, жүзеге асыру, мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейін арттыру )
-Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі(білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізу, сыни тұрғыдан бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізу.)
– Мектептергі қосымша білім беру жүйесі ,материалдық –техниалық база(мектепті заман талабына сай жабдықтармен жабдықталу,балаларға көркем-эстетикалық,ғылыми-техникалық, экология-биологиялық,туристік-өлкетанушылық,оқу-сауықтыру қосымша білім беру санын арттыру және бағыттар бойынша білім беру) осы бағыттары бойынша құрылып, жүзеге асыру;
Ұлттық жоспардағы функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда:
Бірінші– оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту.Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек.(Елбасы Жолдауынан)
Әлемдік тәжірибе негізінде елімізде мемлекеттік білім стандартын жасауға кірісті. Сондай-ақ, білім мазмұнын да жаңа міндеттерге сәйкес педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жанынан ашылған педагогикалық шеберлік орталығында үш айлық курстан , «E-learning» жүйесі бойынша біліктілікті арттыру курсынан өту жоспарланып,мұғалімдер біліктілігін арттыруда. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, оқу және жазу арқылы дамыта оқыту мен сыни тұрғыда ойлау технологияларының бағдарламаларын іске асыру мұғалімдерді қайта даярлау маңызы зор . Барлық білім жүйесіне «Кембридж университетімен» бірлесіп әзірленген оқу бағдарламалары, жоспарлар мен әдістемелер енгізу. Елбасы Жолдауда «Бізге оқыту әдістемелерін жаңарту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек» делінген
Барлық оқулықтарға талдау жасалынуда, бағдарламада белгіленген, жеке тұлғаға бағытталған оқытуды қамтамасыз ететін жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу қажет.
Екінші бағыт оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған. Білім саласындағы ең өзекті мәселенің бірі– функциональдық сауаттылықты дамытуда оқушылардың жетістіктерін мониторингтеу мен кешенді бағалау. Оларда ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.
Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі. 2012- 2015 жылдада PISA, TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.
Функциональдық сауаттылықты дамытудың үшінші бағыты – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Осы әдістеменің негізінде мектепте ата-аналарға арналған «Отбасы –тәрбие бастауы» семинары және тренингтер,сауалнамалар алынады. Педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, әкелер мен аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту жұмыстары бойынша «Мектеп пен отбасы бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты апталық өткізілді.Білім беруді жаңғырту қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқушылардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын , заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағыттайды.Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жұмысының негізі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. (Жолдаудан) «Жаңа Қазақстандық патриотизм» тақырыбында мектепте онкүндік өткізілді..
Жалпы айтқанда Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп отырған білім мен еңбек қызметін меңгеруге жаңа мотивацияны тудырады. Осылайша, әлемдік тренд пен білімге сәйкес келетін мектептің жаңа моделінің негіздерінің бірі қалыптасатын болады. Адам табиғаттың туындысы, ол туындының жеке тұлға ретінде қалыптасуы санасына, қоршаған ортадағы тіршілікпен қатынаста бола отырып, оны тани білуіне, дүниетанымының дамуына байланысты өрбиді.
Баланың психологиялық қасиеттерінің қалыптасуында оқу-тәрбие үрдісі шешуші рөл атқарады. Жас жеткіншек жеке адам болып қалыптасуы кезінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасап, орта тәрбиесі арқылы белгілі бір мазмұнға ие болады.
«Әлемде екі қиын іс бар, ол мемлекет басқару және бала тәрбиесі»деген аталы сөз бар, сондай-ақ теориялық мәселелерге сүйенсек , баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады, біріншісі-биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие» дейді.
Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепте де ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі өте маңызды, әрі жауапты іс ретінде қаралып, үлкен жауапкершілікті міндеттейді.
Тәрбиеге ең алдымен оның маңыздылығын түсіне алатындай сапалы көзқарас қажет десек, ол тал бесіктен басталып, мектепте жалғасын табатын, сонымен қатар ,қоғамның барлық саласымен байланыста жүзеге асырылатын қиын да күрделі үрдіс.
Осы үрдісті жүзеге асыру барысында ең алдымен мектепте берілетін тәрбие ауданда мына сызба негізінде жүргізілуде.
Жалпы білім беретін мектептегі тәрбиемен қатар қосымша білім беру арқылы да баланың жеке тұлғалық әлеуетін қалыптастыру және дамыту жұмыстары жүзеге асырылады.
Қосымша білім беру мекемелерінде тұлғаның қызығушылығын, қабілетін сондай-ақ, шығармашылық әлеуетін ескеруде негізгі білім беру сапасы жақсарады. Мұнымен қоса қосымша білім беретін мектеппен тығыз байланыста болу арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |