Бағыты: Тіл және өлкетану Ғылыми жетекшісі


Өсімдік атауларына байланысты диалектизмдер



бет11/12
Дата26.09.2023
өлшемі62,31 Kb.
#182524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Какен Назерке 11”С”

Өсімдік атауларына байланысты диалектизмдер

1

Құм арасында араға екі-үш күн салып жолығатын бетіне сексеуіл төсеп, шағырмен жапқан көмбе құдықтың басында аяқ суытып алады. (Әбіш Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» 85 бет)



ШАҒЫР.

  1. (Рес, Орын.) өсімдіктің сабағы.

  2. (Рес, Сарат.) жусан тәрізді сабағы каттылау өсімдік. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 724 бет)

ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыстың басты нысаны ретінде Әбіш Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» атты шығармасы алынды. Талдау негізінде Ә.Кекілбаев шығармасында қолданылатын диалектизмдердің бүкіл Қазақстан аймағындағы халықтар тіліне тән екендігі байқалды. Диалект сөздерді кейіпкер тілінде қолдана отырып, жазушы қазақ халқының өмірінен, тұрмыс-салтынан, тіршілігінен толықтай хабардар етеді.
Шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы сол өңірдің ерекшелігін көрсетіп, шығарманың шынайылығын барынша аша түседі. Талдау барысында Әбіш Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» атты шығармасынан 70 (жетпіс) диалект сөз теріліп, диалектологиялық сөздіктен және қазақ тілінің аймақтық сөздігінен мағыналары ашылды.
Ә.Кекілбаевтің «Махаббат мұнарасы» шығармасында кездесетін диалект сөздердің ерекшелігіне төмендегідей классификация жасадық:

  • Етістікке қатысты диалект сөздер – 8

  • Сын есімге қатысты диалектизмдер – 16

  • Зат есімге тән диалект сөздер жалпы алғанда - 26

  • Ыдыс-аяқ атауларына байланысты диалектілер – 8

  • Табиғат құбылыстарына байланысты диалект сөздер – 8

  • Киім-кешек атауларына тән диалектизмдер – 5

  • Ас - су, тағам атауларына байланысты диалектілік сөздер – 2

  • Көрпе - төсек атауларына тән диалектизмдер - 1

  • Жан - жануар атауларына байланысты диалектілер – 1

  • Өсімдік атауларына байланысты диалектілік сөздер - 1

Қорытындылай келе, Әбіш Кекілбаев тілі басқа да көркемдегіш құралдармен қатар диалектілік сөздерге де бай. Кейбір сөйлемдерден екі-үш диалектілерді байқауға болады.
Әбіш Кекілбаев сынды ақын-жазушыларымыздың шығармаларын неге оқымасқа?! Расында да, қазақты қазақ көтермесе, ешкім көтермейді. Сол себепті барлығымыз да бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол шығару арқылы қазірден бастап жастарды қазақтың әдеби шығармаларына қарай бұрар болсақ, онда олардың ұрпақтары да осыны насихаттары айдай анық дүние емес пе?!
Әбіш Кекілбаев балалық, бозбалалық шағын ауылда өткізгендіктен, ұлтымыздың уызын қапысыз еміп, таза ұлтжанды болып өсті. Ол көптеген әңгімелерінде қазақтың салт-санасын, әдеті мен ғұрпын, дәстүрін, этнографиясын, этномәдениетін, керек болса, қырғыздың да, кәрістің де қыз-келіншектерінің мінез-құлқын, адами болмысын, тәрбиесі мен тәртібін, ұстанымын, туған жерге, Отанға, ата-анаға, аруаққа, ағайын-туған, құда-жекжатқа ағайындық ілтипатын, олармен қарым-қатынас нормасын, басқа ұлт өкілдеріне ілтипаты мен көрсеткен құрметін, жалпы халықтың өмірлік философиясын кітаптан оқып емес, тәттісі мен ащысы мол өмірден тоқып өсті.
Жазушының әңгіме, повестерінің басты кейіпкерлері ұлтымыздың небір марқасқалары мен серкелері болғандықтан, ұлттық сана, ұлттық менталитетіміз басты орынды ойып алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет