Қайталау сұрақтары
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы деген не? Ол тамырдың қай аймағынан көрінеді?
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысынан қандай ұлпаларды ажыратады?
Олар алғашқы түзуші ұлпаның қандай қабаттарынан пайда болады?
Тамырдағы эпиблема және тамыр түктерінің қандай маңызы бар?
Тамырдың алғашқы қабық бөлігіне қандай ұлпалар тән? Олар қандай қызмет атқарады?
Тамырдың орталық цилиндр бөлігіне қандай ұлпалар тән, олар қандай қызмет атқарады?
Тамырда өткізгіш ұлпаның қалыптасу реті қалай жүреді?
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысында өткізгіш шоқтың атқаратын рөлі қандай?
Қандай өсімдіктердің тамырына алғашқы анатомиялық құрылыс тән?
Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысының соңғы құрылысқа қалай айналады?
Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы қандай өсімдіктерге тән?
Қос жарнақты өсімдіктер тамырының қай аймағына тамырдың алғашқы құрылысы, қайсысына соңғы құрылысы тән?
Тамырдың алғашқы құрылысынан соңғы құрылысына өту барысында камбий қабатының пайда болуын және оның шығу тегін қалай түсіндіруге болады?
Камбийден қандай ұлпалар пайда болады?
Тамырдың алғашқы анатомиялык құрылысынан соңғы құрылысына өтуінде өткізгіш шоқтар қалай өзгереді?
Тамырдың алғашқы құрылысынан соңғы құрылысына өтубарысында эпиблеманың соңғы жабындық тозбен алмасуы қалай жүреді?
Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысынан қандай ұлпаларды ажыратуға болады?
Лабораториялық сабақ №13
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Өркеннің морфологиялық құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Өркендер мен бүршіктердің құрылысына және қызметіне түсінік беру.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютер, проектор, слайдтар.
1 – ж ұ м ы с. Өркендерді жіктеу. Вегетативтік өркен жапырақ пен бүршік шығарады. Генеративтік өркен репродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады. Негізгі өркен тұқым бүршігінің ұрығынан дамидыЖанама өркен жанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебінде сабақ бұтақталады. Қосалқы өркен қосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады. Ұзарған өркеннің буанаралығы алыс орналасқан. Қысқарған өркеннің буанаралығы жақын орналасқан.
Бүршік - өркеннің бастамасы. Бүршік бой конусының вегетативті бүршігімен аяқталатын сабақ пен жетілу кезеңі әр түрлі болып келетін жапырақтардың бастамасынан тұрады (58-сурет). Вегетативті бүршікпен қатар бүршіктердің вегетативті - генеративтік (аралас) және генеративті немесе гүл бүршігі деген түрлері бар.
Вегетативті - генеративтік бүршікте вегетативтік мүшелердің бастамасы қалыптасады да, бой конусы гүлге немесе гүл шоғырына айналады. Мұндай бүршіктер шөптесін (құсықшөп Asarum) және сүректі өсімдіктерде (серігүл, ырғай) кездеседі (57-сурет, I). Генеративті бүршікте жасыл жапырақтарсыз гүл шоғырының ғана бастамасы ғана жетіледі (мысалы, шие). Дара гүл жетілген жағдайда бүршікті - бітеу гул (гүлшанағы) деп атайды.
Бүршіктің құрылысы мен түрлерін қарастыру үшін серігүл, ырғай, атбас талшын, үйеңкі, ұшқат, қараөрік, тал, қарағаш, шие, терек, қасқыржидек және т.б. сүректі өсімдіктердің жапырақсыз бұталарын кесіп алып, сабаққа 2—3 күн қалғанда суға салып, қою керек. Жоғарыда аталған өсімдіктердің ішінен, мысалы, ырғай, атбас талшын немесе серігүл бұта- ғын алып, алдымен көзбен, одан кейін қол лупасымен қараймыз. Сөйтіп әуелі бүршіктердің сыртқы пішініне көңіл аударамыз. Сонда вегетативті бүршік пен гүл бүршігін бір-бірінен ажыратуға болады. Бөрткен вегетативті бүршіктің пішіні сопақша және борпылдақ, ал гүл және вегетативті-генеративті бүршіктер жұмырланып, тығыз болып келеді. Бүршіктерді сырт жағынан реңі қоңыр қабыршақ жауып түрады.
Бүршіктердің құрылысындағы ерекшеліктерімен танысу үшін қол лупасын немесе стереомикроскопты пайдаланамыз. Саптыиненің көмегімен бүршік қабыршақтарын біртіндеп сылып түсіреміз, сонда вегегативті бүршіктердің бүршік қабыршақтарының іш жағында реңі сарғыш жасыл келген жапырақ бастамаларының (примордия) қысқа сабақ бастамасы мен оның бой конусын жауып тұрғанын көреміз.
1 - сурет. Бүршіктің түрлері: 1—вегетативті-генеративтік; 2 — генеративті.
2 - с у р е т. Вегетативті бүршіктің ұзынынан кесіндісі (сызба-нұсқа):
1-бой конусы; 2-жапырақтар бастамасы: 3-қолтық бүршіктер бастамасы; 4-сабақ бастамасы (өс).
Қысқарған және ұзарған өркендер. Бұл жұмысты орындау үшін көктерек, алма, алмұрт, терек т.б.сүректі өсімдіктердің қыстық өркендерін пайдаланамыз. Қыста өркендерде жапырақтар мен бүршіктердің орынында жапырақ дағы және бүршік сақинасы қалады, бұлар өркеннің буыны. Сол дақтардың арасын өлшеп ұзарған өркен мен қысқарған өркенді бір-бірінен ажыратамыз. Ол үшін жоғарыда аталған өсімдіктердің бір және бірнеше жылдық өркендерінің жапырақ дақтарының ара қашықтығын (буынаралықтарын) миллиметрлік сызғышпен өлшейміз.Кейбір бұтақтағы буынаралықтары бір-бірінен едәуір қашық орналасса, бұлар ұзарған өркендер. Ал басқа бір бұтақтың буынаралықтары өте жақын болып келеді, мұндай өркендер жылына бірнеше миллиметрге ғана ұзарады, көпшілік жағдайда бұтақтанбайды. Бұлар – қысқарған өркендер. Бұл өркендердегі жапырақ дағына, жапырақ ізіне, вегетативті және гүл бүршіктерін, сол сияқты бұйыққан бүршіктерге көңіл аудару қажет. Бұйыққан бүршіктер тым ұсақ, оларды көру үшін қол лупасын пайдала- намыз. Вегетативтік бүршік, гүл бүршігіне қарағанда майда болып келеді.
2 – ж ұ м ы с. Өркенде жапырақтың орналасуы. Өркендегі жапырақ әр түрлі орналасады. Жапырақтың күрделі түрде кезектесіп орналасуын қайың, шабдалы, алмұрт, мойыл т.б. өсімдіктердің жапырақты бұтақтарынан қарап көреміз. Өркеннің өстік бөлімі саналатын бұтақ- тағы жапырақтар кезектесіп, өсті айнала серіппе түзіп орналасады. Бұларды зерттеу барысын- да мыналарды анықтау қажет:
1)тұспа-тұс орналасқан жапырақтарды қосатын ортостиха түзу сызығын жүргізіп, жапырақ циклін анықтау; 2) бір жапырақ цикліндегі серіппенің айналым саны және жоғарыда аталған өсімдіктер жапырақтарының орналасу түрлерін бөлшекпен жазу.
Серігүл бұтағының әр буынында жапырақтар қарама-қарсы екі-екіден, олеандрда үштен, гастерияда екі қос қатар түзіп, ал еменде серіппелі орналасқанын байқауға болады.
Жапырақтың мәнерленуін (мозаика) жұмыршақ, бақ-бақ, барқыт-шөп т.б. өсімдіктер өркенінен байқап, олардың әрқайсысындағы орналасу ерекшеліктеріне баса көңіл аудару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |