Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар



бет11/14
Дата29.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Айнығыш ер тартса салқын, бал сұраса береді у. Қазымырлап сөздің артын... Қасиеттен беттен жу.» деп Абай атамыз сөзі, тілі, мінезі дұрыс емес еркектің ұрығы да дұрыс болмай, әйелдің бетіне, басына, ойына шабатынын ескерткен. Жалпы адам баласының жыныстық қуаты салқындық болып, некесіз жыныстық қатынасты жаратушымыз құранда; «Бой суытушы болмаңдар» деп ескерткен. Ал әйелдің аяғымен балтыр, аяқ, табаныны дейін ыстықтық болып себебі ана сүтінің қалыптасуын тазалығын білдірсе, ал еркектің аяғы, тізе, балтыры суықтық. Сондықтан; «Жәннат ананың ақ сүті әйелдің табан астынан бастап» пайда болады. Әйел шашының қысқалығы мен басты жаппай салқын ұстауынан күнәлардың құйрық майларының еріксіз үлкейіп алтын қуатының жетіспеуінен ет пен тері арсының май қабаттарымен жабылуымен және артқы сызықтық күнәнің ұзаруын қалаптастырады да етек кірінің бұзылып, өзгеруіне қан тазалығына тікелей әсер береді. «Құйрығы шаян, беті адам Байқама сенбе құрбыға! Жылмыңы сыртта, іші арам, Кез болар қайда сорлыға...Көп жүрмес жеңсікқойлық, әлі-ақ тозар, Жаңғырар жеңсікқұмар, жатқа қозар.» деп атамыз сыртқы бейнені қалай аңғару жан сырын да ескертіп кетіпті. Аяғын жалаңаш ұстаған әйел өзіне еркек қуатын алып, жыныстық ләзат сезіміне бөленсе, ал еркектің жалаңаш аяғы дертенеді. Бұндай киім ғылымынан хабарсыздықтан адам баласының азғындап, күнәнің ықпалына түсі жан «БАҚ» қабының әлсіздігінен ауруға түрлі сыртқы ықпалдарға қарсы тұру жан қабілетін, кісілігін жойып, болашақ ұрпақтарының әлсіз нашар, жандарының сарғайып, көздері көгеріп, шаштары ағарып, тектерінің өзгеруіне және тұрақты өнім беру қабілетінің әлсіреуіне, жеті ата сабағының үзілуін ғана қалыптастырады. Енді әлемнің «жұлдыз» атап әйелдің тәнінің сұлулығын, сонымен өздерін бақытты санайтын жаңадан қалыптасқан сән, дағдымыз қайда кетеді? Оған Абай атамыз; «Шуу дегенде көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, Кімі паңдау келеді, аімі тантық. Ақыл керек, ес керек, мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек... Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата –ананың қызынан ғапыл қалма.» «Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсеқызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл берме!» Атамыз бет пішінімен тәннің сұлулығымен әйел ақылды болмайды керісінше, нәпсілік мінезін тексеруді ескерткен. Ол кездерде әйел тәні жалпыға бірдей көрінбейтін құпия болса, зертеген ғалымдар түрлі айлалармен зертесе енді арнаулы ақша төлеп зертемей-ақ әйел заты барын базарға тегін үлестіріп жүру дағдымыз салтымызға айналды. Осыдан 4-жыл бұрын осындай зейнет құпиялары, өлшемдері туралы кітап жазып, бірақ оны жариялауға тылсымнан аруақтар тиым салған. Оған негізгі себептің өзі дінші және ата жолындамыз деген аққу, сұңқарлардың сыртқы сипаттары, қылықтары дінге ата салтымызға керісінше қарсылық әрекеттері екендігі әшкереленіп, көптеген замандастарымыздың діншілерден де, әйтеуір қылсыншы деп енді аяғынан тұрғызып келе жатқан ата жолынан да теріс айналуына ғана жәрдем берген болар едім. Енді ата жолын онсыз да бөлшектеп, заңмен қудалап, муфтият ғалымдарының ақылымен иман іздеуді дүниемен өлшеген және ақыл, ем-шипа емес пайда табу үшін мекеме, кәсіп ашып зираттатын тек теріс ықпалдыларын ғана үкіметіміз қолдайтын болғандықтан кімді аяп кімді қорғап түзелер деп аяу керек деген пікірмен сол жан сыры ғылымынан аздап үзік-үзік хабар беріп отырмақпын. Мүмкін елдегі болып жатқан осындай дінді аздыру әрекетерге білімі ақылы бар әйел, еркектеріміз сын көзбен қарап, ақылмен өлшеп болашақта азапқа ұшыратар қасірет күнәсін түсініп, иман келтіріп, қазақ дәстүрлі дінінің үлгісін көрсетуге септігі тисе күнәлі болмаспын деп түсінемін. Шәкәрім атамызда адам баласының қуыс жерлері үлкейген сайы күнәсінің көптігі деп және еркек құйрығының 6-түрлі мінездік сипатының, құйрық жамбас құрлысының, «ер ағашының» сөз қорына тәуелділігін «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деп өлеңмен өрнектеп бұндай жан сырының еңбегінің баламасы әлемде әзірге жоқ шығар деп білемін.

Ғибратты әңгімеден. Ерте бір замандарда өмірін адал еңбекпен саудамен көп дүние жинап халыққа қызметін де жасаған бір кісі қартайып, ауырып жатып өлім сәті жақындағанын біліп , артынан ерген жалғыз ұлын шақырып алып; -Ұлым мен өмір бойы адал кәсіп істеп құдайға құлшылығым мен мұсылмандық қарыздарымды да адал өтегенімді өзің көріп өстің. Енді жинаған бар дүние мүлкімді өзіңе аманатап қалдырып барамын. Адал бол дүниені орнымен жұмса зекетіңді төлеп отыруды ұмытпа, жетім-жесір, қаріп қасірлерге жәрдем беріп отыр. Енді менен көрген үлгі өнегелерді, аманттарды орындай алатының сенімдімін. Бірақ бір аманатым бар орындай алар ма екенсің?-деп сұрапты ұлынан. –Уа, әке бұл не айтқаныңыз? Мен сіздің қандай да аманатыңызды мүлтіксіз орындай алатыныма сеніңіз-деп уәде беріпті. Сонда қария тұрып; -Менің жас кезімнен жоқшылық көріп. Көп бейнетпен дүние тапқандағы киген, тәнімнің бір бөлшегі болып кеткендей шұлығым бар еді. Соны өлсем бірге киіп кетейін деген оймен тастамай сақтап, жуып, жамап сандыққа салып қойғанмын, егер қолыңнан келсе маған өлгенен кейін сол шұлығымды кигізіп көрге бірге көмерсіңдер-деп аманат қалдырған екен қария. Сонан қария көз жұмып, халық қадірлеп, арулап жуып жаназасын шығаруға дайындалғанда баласы әкесінің аманатын молдаға ескертіпті. Молда әрине шариғатта ондай ырымның болмайтынын, ескертіп көнбей қояды, ақырында жанжал туындап, дін басшыларын да шақыртып екі жақ келсімге келе алмай жатқанда, бір қария ортаға шығып сөз сұрапты; -Уа халайық мен бұл кісінің өмірлік жолдасы болып едім. Маған да өлер шағынан бұрын бір хат тапсырып, менің жаназамды шығарар кезде дау туады сонда мына хаты ашып оқып берерсің,- деп еді. Марқұмның аманатын орындауға ұлықсат етіңдер-деп хатты оқиды. Сонда хатта; -Балам, артымда қалған ізбасар, тұяғым! Мен саған жақсы тәрбие, үлгі беріп азамат болуыңа, менің аманатарымды, қалдырған дүние мүлкіме ұқыпты болып, орнымен пайдаланып, құдайдың сүйген құлы болатыныңа сенімдімін. Бірақ қанша халықтың алдында қадірлі болып, соншама артымда дүние, мүлік жақсы істерімді қалдырғанмен, халық маған жыртық шұлығымды өзімен алып кетуге қимайды, сондықтан халықпен бірге ниеттес болғаның, құдаймен бірге болғаның, үкімдерін орындағаның-деп, өзін құдайдан жоғары қоймауын соңғы аманаты ретінде қалдырған екен. Енді оқушым бұдан қандай ғибрат алдық? Діншілеріміз бен арап ғалымдары «изарын» немесе шалбар, т,б киімдері мен мүліктерін, малдарын артарынан сүйретіп пайғамбарымыздың алдына алып баратыны болғаны ма? Пайғамбарымызды тәнімен миғражға шығарып, өздері киіммен, болмаса жалаң аяқ, жалаң бас жанатқа «суыққа» қалай кіріп, қалай судан кәусардан өтеді? Сізбен, біздің ақылымызға жалпы жаратқанның түсірген ғылым заңдылығына симағанымен, оны мойындамайтын қазақ діншілері, имамдары түгіл бүкіл ислам тәпсіршілері осылай түсіндіреді және солай жазып та жатыр. Қазақша, аталарымыздың пайымдауымен таза надандықтың белгісі. Абай атамыз; «Тәнім менің боқтың қабы» деп жанатта емес жерде тозақтық болатынын неге ескерткен? Ал, сіздің қалай ойлайтыныңызды өзіңіз шешіңіз. Түсінбесеңіз, сабыр сақтаңыз алда ғылымын талқылауға да жетерміз.

Сөз сарасы- Ар мен ақыл сапасы. Таза ойдың қазынасы-даналық негіздері.

Аталарымыз; «Адамның басы Алланың добы» деп басты ерекше күтумен, әрбір ауа райына, мезгіліне және жас ерекшелігімен дәрежесіне, руына қарай киінуді және басты қадірлеу ойды жетілдіру үшін сөз бағушы, тылсым үнін, жан-жануарлар әлемінің сырын түсінуші «ойдың- қойшысы» болу әрбір ер азаматтың кәсібі деп түсінген. Сондықтан; «Бәрінен де қой бағып құйрық жеген олар.» деп ой бағудың ғылымы адам тәнінің, артық май арамданбауымен ескерткен. Қойшы (ойшы) адамның семіз болуы да мүмкін болмай сондықтан «құйрық жеуші» деген сөздің астарында үлкен жан сыры бар. Қазақтың әйел затында қазіргі таңдағыдай көшеде ар-ұяттан айрылған түрлі жалпақ, қайқы құйрық нәзік жандылар болмаған. Ислам дінен бұрын да «91-ді жеуден тиым, 85-ті теуден (терістеуден, тебуден) тиым» деген құранның көптеген ғылыми сырын қамтыған тамақ жеудің шариғаты «халал» заңдылығы болған. Ұлы сөзде ұят болмас деген аталарымыздың өсиетін ескеріп лсы уақытқа дейін жазылғанмен жариялауға тиым болған кейбір жан сырларынан мағлұмат келтіре кетсем. Және бұл жан сырын мағлұматтарды Абай-Шәкәрім аталарымызда астарлап жазып кетіпті. Шыңғысқан бабамыз қайқы құйрық әйел, еркек пендесін «Бұлардан тек құл-құтан туады» деп арнаулы таңба басып, құлдардың қатарына қосып, ұмыт болған құйрық жеу заңдылығын қайта қалпына келтірген екен. «Әйелдің ақылы қысқа, шашы ұзын» деп аталарымыз осы заңдылықты ескерткен. Әйел затының шапшаң ойланып тез шешім қабылдап, болашаққа ұзақ мерзімге шешім қабылдауға әлсіз бірақ қылық-жыны, есте сақтау қабілеті, кекшілдігі және тіл қуаты ұзын екенін ескерткен. Сондықтан жаман ақпаратты, күнәні әйел заты да еркектерде құйрыққа маймен қоса жинайды. Оны ғылымда қоңыр яғни аю майы деп атайды. Құйрығы үлкейген сайын қара қуаты да өсіп керісінше тектілігі, ар, ұжданы, таза ойлау қабілеті кеми береді. Сондықтан сөзі қысқа, ана тілін толық меңгермеген және өзге қысқа тілді әдетке айналдырған қыздарымыздың күйеуге тимей-ақ тәнін май басып арамдану себебі осыдан. Бұл құбылыс аяғы қысқа, табаны жалпақтардың шалбар киіп, етегін жапай және шашын қысқартып тастаса тез аяғының арамдануына, ана сүтінің бұзылып жоғалуына әкеліп соғады. Ал еркектер мінезінің құйрыққа қатыстылығының 6-сипатын Шәкәрім атамыз «Ер қоспақ пен сөз қоспақ» деген өлеңімен бүкіл жан сырының мінезге яғни құйрық жаратылысына екенін тәппіштеп түсіндірген. Абай атамыз әйел затының мінезін жылқымен салыстырып астарлап жан сырын, психологилық қалыптасуын дәл көрсете білген. Данагөй араларымызда ана сүтінің әйел затының аяқ, жамбас құрлысына, ұзын, қысқа тұрқына байланысты және текті ұрпақ әкелуі болжай біліп; «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп ескерткен. Қойшы ер бала болса таяғы еркек мүшесі мен құйрық арасын жалғап тұратын «ерін» белдеуін «ағаш» деп атаған. Сондықтан «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп керісінше еркек мінезінен, қылығынан, сөз білімінен қыздың қасиетті болып, ал шешесінің әкесінен ұлдың қасиеті жаратылытынын діл заңдылығын, жан сырын, рухани тазалықты қалыптастыруды ислам бекімей тұрып-ақ, бағзы замандардан меңгерген. Ойшылдықтың сананың жетілуі, тектіліктің сақталуы еркек, әйелдің екі жақты тән, жан тазалығына толық қатысты болатынын және неке арқылы бұл қабілет, қасиеттерді өз ара алмасымын қалыптастыру киелі ұрпақтарды қалыптастыру заңдылығын аталарымыз терең меңгерген. Әйел затының алдыңғы жамбас, мүше сызығымен кіндік арасынмен арлық орынды; арайжап-«стан» деп атайды. Стан белгілі бір текті нәрселердің жиналатын қоймасы, орны. Ғылым тілімен «матрица» деп аталады. Әйел заты генді сақтап өңдеп өсіруші болса, еркек текті қалыптастырып сақтаушы. Геннің үйі әйел мүшесімен екі аяқпен жердің аралығын толтырып тұратын өрістік қуатына тәуелді. Өмір жасының ұзақтығы, әйелдік жыныстық тазалығы да осы «бойына» байланысты. Еркек пендесінде ол өріс балтырмен шектеледі де қараңғылық сипатта болады. Сондықтан қыз баланың жыныстық толысуы бой жеткен, ұл бала бойында «дақ» болып аталады. Яғни шалы «ууы» бар. Неке арқылы әйел затының бойы еркеке көйлек ал жыныстық уыз қуаты желке мишығына білім азығы, шабыт болып және етін тазартуға қуат енеді. Адамзаттың білімі әйел затында «станда»-«төреде» сақталады. Білімді жетілген еркекті төре атайды. Ал қожа текпен байланысты болып ол да еркектің ерімен яғни мінезімен беріледі бәрібір әйел қаны арқылы бейнеленеді. Сондықтан пайғамбарымыз . «Пайғамбарлардың бәрінің әкесі бір бұтақтан, ал шешелірі бөлек деп ескерткен.» Демек пайғамбарлардың төрелігі, білімі сан алуан ал тектілігі қожалығы бір негізден. Төлеби атамыз; «Батырды екі қатынның бір туады, ал биді мыңның бірі туады.» деп осы жан ғылымын ескерткен. Құранда; «Адамға білім бердік ол қабылдамай, бас тартты» деп ескерткен аятты тәпсіршілер түрлі жорамалдап бұрмалаған. Шешімі қазақтың салт-дәстүрінде тұр. Еркекте ілім қалыптасып, әйел затында білім қазынасы болатынын ескерткен жаратушымыз. Сондықтан қазақ салтында қыз баланы оң жақта төрге шығарып төрелік тәрбие берсе, ұл бала барлық мал-жанның, сөзінің, уәдесінің, нәпсісінің қожасы болуғы тәрбиелеген. Әйел затының «станында» төре «гені» алтын бесік жатса, еркектің ер ағашында тектілік қалыптасу керек. Бұл біздің оқымысты, философ әкім қараларымыздың гендірлік саясат –деп тек жан сырынын генін қалыптастырып білімді жетілдіруге бұйырылған елдердің айтқанына еріп, айтағына ергеннен өзіміздің «Ілім мен білім, ортасын ұстамасаң бүлін» деген даналарды әрі Хазіреті Сұлтан Құл Қожа Ахметтерді қалыптастыратын жан ғылымын, дінімізді терістегенен зұлымдыққа ұшырап жатқан жайымыз бар. Төренің, әйел арқылы қалыптасатынын Төле би мен Қазбек би атамыздың Жиренше шешен атамыздың немере қызынан астыртын текті азаматқа күйеуге беріп Абылайхан атамыздың өмірге паташа, сұлтан болып келуі «Түп қияннан өзіме дейін» деген Тауасар ұлы Қазбек атамыздың кітап шежіресінде келтірілген. Енді тегіміз «Сақ»-тан келген қожамыз деп ал төрені білімді, шешен, басқарушы, ұстаздар «АБА» деп сақабалардың тарихы да шығу тегі де осыны білдіреді. Інжілден; «Бауырластарым менің бәрің бірдей ұстаз болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге, тәлім беретін ұстаздарға, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын білесіңдер. Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам (Жақыптан; 3-тарау) Төре- жетілген адам. Қожа –кемелденген адам. Ал Мұхаммед пайғамбарымыз –адамзатқа жаңадан үлгі –толық адам-қожа. Үш жүзді меңгерген яғни Бақара сүресі 286+2=288 және Таһа сүресін де толық алған. Бұндай қожалық ол замандарда тек болып ұрпақтарға ауысу мүмкін емес еді. Жандағы білім яғни арап әйелдеріндегі геннің сипаты, ділдік қуаты оны сіңіру тіптен мүмкін де емес. Сондықтан бұл ақпараттардың қаны таза әйелдер арқылы болашақта өнім беретінін жан сырының құпиясы яғни пайғамбарымызға неге көп әйел алуға жүктелгенін тек біздің асыл аналарымыз бен дана аталарымыз ғана әлемдегі ең таза гендірлік саястты біліп, текті тазартып, ген бақшасын болашақ ұрпақтарға өсіріп беруді білген. Сондықтан Пайғамбарымыздың қыздарынан, аналарымыздан қожалар емес, ұстаздық етіп билік беріп, пәтуа шығарушы төрелер тарап, ал олардың ішінен қаншасы үкімделіп, қожалыққа кемелденгенін бір Құдайға мәлім. Қожалық пайғамбарымыздың жұбайлары арқылы ғана «стандар» қайта «төреленіп»- өнім беріп, қаны таза, қырық үйі түгел аналарымызға төрелікке қайта қосылып отырады. Төрелік ана қанымен, сүтімен, жанмен беріліп, қожалық кісілік болып, арнаулы көктен келетінін қазіргі ислам ғалымдары мүлде білмейді. Қазақтың көптеген білімді, ілімділері де жаңылысып оны түзеген ғұлама даналарымыз санаулы ғана. Төреліктің төріне шығып төбе би, хан болып әлемді де таң қалдырған төрелеріміз қазақ шежіресінде жеткілікті болған. Сол сияқты ғайыптан хабар берген, мұғжиза кереметтер көрсеткен қожаларымыз да жеткілікті және бар ислам әлемінің қожаларынан биікте тұрмыз. Бергі тарихымыздың өзінде 300-ге пір болған; Пір Бекет, Қорқыт, Марал ишан, Мүсірәлі сопы, Түктібай, Қойлыбай, Қари молда Баянбай, Мәді қожа, Мәнсұр ата, Ысқақ баб, Тектұрмас әулие, Қорасан ата т.б жүздеген кітап алған ілімді қожаларымыз жеткілікті. Ал Қарашаш анамыздың асыл қанымен төре болып өмірге келген Ибрагим атамыздан тектілігін сіңіріп көктен де жерден де сый алып, Мұхаммед пайғамбарымызбен қожалығын толықтырған Ясауи бабамыздан төрелікпен, қожалықтың арнасы кітап болып тоғысады. Қазақта білімді меңгерген төрелер де, ілімнің кітаби білімін меңгерген хазіретті-төрелер де жеткілікті, бірақ олардың бұл даналық, кемеңгерліктері ескі дәуірдегі бөлек, бөлек қасиет қабілеттер болғандықтан қазіргі заманның ақпараттық жетістігін қамти алмай, құпия кітаптарын оқи білмегесін қожалықтары сіңбей шала төре, шала қожалық сипаттары ғана бар. Онда да шала қожалықтың сипаттары тек емшілік істерден ғана көрінуде. Тектілігімізді өсіретін нәзік жандыларымыздың «станы» кез келген арам, жын-перілердің отын жинаған үйіне айналғасын «геніміз» өспей, керісінше итке айналып, «қар»-ын ертіп отынын жағатын еркектеріміздің от беретін ағашы арамданып, «ит» ауруының тымауына ұшарап, ана тілі мен, сөздің нәрінен айрылғасын, жалаңаш басымыз- күміс шелегіміз, түбі тесік бақырға, жұбайларымыздың алтын етегі, ыдыс тостағаны-«аяқтары» итаяққа айналғасын геннің бақшасының қалай гүлденетінін және оны қалай күтіп, баптап суаратынымызды, тектің қалай тазартып жүрегімізге сіңіруді ұмытып бір бірімізді жаулау, құлдану, ойдан заң шығарып соттап жіберу, болмаса атып тастау салтымызға яғни қазақи төрелігімізге айналды. Оны түзеп 300-ді түгелдейдін, абыздарымыз, ойшыдарымыз, хазіретеріміз, ғалымдарымыздың сиқын Абай атамыз; «Өстіп, жер жүзіндегі жұртың қоры болып, бір-бірімізді аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетер күн болар ма екен? Әй, не болсын! Жүз қараға (қатынға, төреге, станға) екі жүз кісі (тек, шерік қосылу) сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» Қазақта әзірге құдайға мың да бір шүкір арамыздан бір төрені таңдап, жаратқанның нығметімен төбелік дәрежеге жеткізіп, әлем алдында шаруамыз, асығымыз алшысынан түсіп, сыртымыз кейпіміз оңды болғанмен, бірақ сол елімізді басқарған төреге ерген төбе билердің де, күнде жиын, күл төбеге жорғалап шыққан жыландардың да, дін төбесіндегі әділ қазы құландардың да қожалықтары оянбай ішкі дүниеміздің, асыл қазынамыздың, рухымыздың есігінің құлпы ашылмай халықтың рухани шөлдеп, ұлдарымыздың, тегіміздің жұтқа ұшырауына, гендік бәйшешек бақшамыздың гүлденбеуіне ғана себеп болып жатырмыз. Төреліктің шарты сөзге қожалықтан жұрдай болуға айналдық.

Жан сырын меңгеру-шопандық яғни жанға, сөзге толық қожалық.

Бұл қазына әлем әзір білмеген және ғылымда да зертелмеген әзірге белгісіз тек қазақтың ежелгі философиясына, психологиясына дана аталарымызға ғана белгілі жан білімі. Енді 40-қа жасы келіп, қойын (мал-жанын) дұрыс баққан қойшы, сөз өнерін шешендік, сөз астарын, жан сырын жетік меңгерген билер мен дін кемеңгерлерін «шопан» яғни сөздің отарын жинаған қой бағушы деп атаған. Хазіреттік-төрелік айту қабілетті аналарымызда меңгерген. Ал кітапқа қожалыққа жетіп хазірентік сатыдан өткен Абай атамыз осы шопандық қасиетті яғни сұлтандық қасиетті меңгерген. Сұлтан- дегеніміз көркем сөздің майын тамызып, сөз астарын жіліктеуді жетік білген қазіргі ұғыммен философ, психолг- жан емшісі пайғамбарлық қасиетті меңгергендерді атайды. Сондықтан; «Ақыры ойладым; осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.» (1-ші сөз) Сөзді тыңдап ұғушылардың естілігі болып оныңда жан сырының «Төртеу түгел болса ғана төбеден!» ми қабығында ес болып қалай қалыптасатынын көрсете білген; «Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар; әуелі-көкірегі байлаулы берік (бой киімі толық, аура) керек; екіншісі-сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратану (өнеге алып, сезіну) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек; Үшіншісі-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші-ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.» (31-сөз) Бұл сөзбен атамыз тайға таңба басқандай жан сөз ғылымын даналықты яғни құранның «Лұқман» 31-сүресін ата-анаға шүкірлік, аманатқа қиянат жасамаудың намаздарын түсіндіреді. Бұл енді бүкіл киелі кітаптардың, пайғамбарларымыздың бәріне ортақ жаратушы үкімі шүкірліктің негізгі ірге тасы болып саналады. Құдайдан қорқу дегеніміздің өзі сөзді қадірлеу, көркем сөйлей білу. Бұған енді; «Ой кеселдері; уайымсыз салғыртық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе-күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.» Бұл жерде Абай атамыз қазіргі таңдағы қазақтың басына келген ой-кеселдерін бұл сөзге қоспай жеке өлеңдермен белгілеп кетіпті. «..Салқын, қуыс өмірі я қараңғы. Білім жоқ, білімге сенім де жоқ, Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.. Қуаты қызық қызмет тойларының Қос қыртысын кетірмес ойларының. Лап бергі, к..ті айналғыш, қайта ойланғыш Тиянақ оты сөнген бойларының... Жанында суықтық бар бір жасырын, Қаны отты жас күнінде шықпас өнер.» «Ән салар жатқа алар түбінде құр қалар..» деп құйрықтағы қос қыртысты ой, мінез тазалығымен байланыстырып, қалай кетірудің амалдарын да көрсетіп, семіздіктен адам баласының жанында суықтықтың пайда болып осыдан мейрімсіздік, ұлтшылдық, адамгершілік қасиеттің әлсірейтінін ескертеді және адам баласының өмір жасының қысқа болуын тез қартайуын осы сөз өнерінің жетілмеуінен және сенімнің әлсіздігінен деп түсіндіреді. Өтеубойдақ атамызда жыныс қуатының суықтық болатынын ескертіп кеткен. Олай болса әйел, еркектіңде құйрығына артық май жинауының өзі нәпсісінің тежеусіздігін, суықтығының артып керісінше жыныс құмарлығын көрсетеді. Еркек пендесіндегі қыртыс тек құйрығынан немесе, қарын майынан көрінсе жаратылыстан әйел затында төсімен де белгілі болады. Төс қыртысынаң үлкендігі, ұзындығы ойсыздықтықтың, арам ойдан хабар береді. Ондай пенделердің тек өсек, дау, жанжалдарды қуып біреуді немесе зайыбын аңдумен, қызғаншақтыққа жиі берілетіні өмірде жиі кездеседі. Сондықтан ондай әйелдеріміз төсін көрсетіп мақтануға, сөз аңдуға және сондай мамандықтарды меңгеруге, басшылыққа құмар болып келеді. «Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді-өзің күзет, кел, шырығым!» деп бәрінен де сөздің қойын бағуға, қазаққа тән ойшыл болуға шақырады. Бірақ ойшылдықтың да; Тіл мен ойдың арасын бөлмейтін арамызда кемеңгерлері болып солардан үлгі алуды ғана тағы ескертеді. «Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме»! Саналы болу үшін белгілі бір сынақтардан өтіп, кемелдену жасы болатынын да ескертіп, ойшылдықты жас кезіңнен бастап қалыптастыр деп; «Қызба бастық жасыңда. Қызылшыл семіз.. Бір үлкен борыш басыңда. Жуасты мін де..Жоқ жемеге шатылма. Ұры, залым, қуларға.. Жылқыны аңдып ұры жүр Әр төбенің басында. Ой көзімен қарасаң, Қойдан жылқы асыл ма? .. Мақтан қума керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойыңда ақша, қолда қой Күзетке оңай шошыма!» Жылқы мінезді болма, бос жайылып, тек өмірге ұрпақ жарату үшін ғана айғыр болма, өнер ізде халықпен бірге сөзінді, ана тіліңді бақ, ата-ана борышын өтеуді ұмытпа, аруағыңды қолыңа өнермен жина деп ескертіп қазақ шариғатының дінің үлгісін сананы қалай сақтауды және қазақ философиясының жетістігін көрсете білген. «Аруақ қолда!» деп жауға да шапқан аталарымыз құдайдың құдіреті қолмен анықталатынын айтып және жаратушыны хикметін үнемі дәріптеген дінің дұғасы болып есептеледі. Есептік жүйесін бұрынғы басылымдарда жазғанмын, болашақта әлде де ғылымын көрсетерміз. Сондықтан құдайының құдіретін қолынан іздеген, өнерін, салтын, дәстүрін құрметеген қазақ бауырларым; «Мал жаның аман ба ағайын!» Жылқы бағасың ба, әлде қой бағасың ба? Жалпы енді қазағымызда шопандығымыз қалай, ойшыл шопандарымыз кімдер? Аз ғана тоқтала кеткеніміз де жөн болар. Жалпы әлемге келген дүниенің ғана қайғысы қазақты айналып өткен жоқ. Оған енді айғырлық қылып, тек өз үйірін, ымыраластарын көбейтуді ғана мақсат еткен жылқышы партия құмарлар мен қаптап кеткен жазғыш, білгіш саясаткерлер өз үлестерін аянбай қосуда. Халық аштан қырылып жатыр, ел басы өз адамдарын қасына жинап, алып-жеп жатыр, шет жұртқа тығып, асырып жатыр мені қойсаң түк еңбек етпей бөліп беріп шошқа сияқты жатып жейсің, әділеттілікті орнатам деп халықты сары уайымға салып, одан қуат алған елдің басым бөлігі арандары, нәпсісі онан сайын ашылып ондай уаймын ауздықтау үшін, қанға айналдыруға тамақты қайта-қайта жеуден ауыз босамайтын, түрлі әдеттерді үйреніп, өзіміздің қанға сіңген той тойлаумын «тойшылдық, күлкішілдік» қылықтармен асымызды сіңіруге бағыталған салтарды қалыптастырып оны дәстүрлік яғни ем-шипа деп атап алдық. Бұл біздің елдің шопандарының жаңадан қалыптастырып жатқан салттары. «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа, Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанымен қалғанын берсе алашқа..Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар Сорпа-сумен сүйекпен сүйдірмекке...» Малмен болған ағайындықтың, партияшылдықтың дінге де қазақ ғұрпына да жат қылық екенін ескерткен. Енді бұндай шеттен келген дертімізге «Қотыр атқа соқыр ат үйір болады» дегендей бұдан біздердің ойшыл ғалымдарымыз да, дін имамдарымызда өз үлестерін қосуға жан сала кірісіп әйтеуір қазақтың ойымен, тілінің арасына сына қаға білгенін басшылыққа тағайындайтынын жақсы біліп алған. Мысалы «Ақ жол» деген партиямыз бар. Ақ жол-Құдай патшалығы деген ұғымды береді. Яғни құдай ісін жүргізуші періштелердің жолы мен құдай сөзінің жолы болып танылады. Сол ақ жолдың «құдай өкілінің» қазақтың таңбасын өзгертуге яғни Ыбырай атамыздың арамыздан елші болып тіл ғылымын дамытқанын, құдай үкімін жалғанға шығаруға тырысқан жиналыс пен өзі сияқты кітаптан үйренген ғаламдарының пікірінен ел басымыз орнын аустырып бір құтылдық «Кер-атадан» келе жатқан ежелгі таңбамыз оорында қалатын болды дегенбіз. Сөйтсек бәрібір ондай қазақ даналығына қастандықты төрге шығып та жасауға болатынын дәлелдеп кетті. «Бастық» деген жаман сөз, адам баласын қорлау деген ән пайда болды. Яғни біздің аталарымызда оны түсірген құдайымызда қателескен екен. Олайболса; «ас-тық»- ұры, залым, егеу құйрық, «қа-тық»- ерекектің ұрығын ұрлаушы, «айт-тық» -сөз ұрлаушы, «қайт-тық»-кім тығылған?, «ар-тық»-арсыздық, «ақ-тық»-шайтан, қу, «сақ-тық»-текті ұрлаушы, тығушы бір жеріне т.б қазақтың бүкіл «тықтарын» тығып өзгертуге тура келетін болды. Қайтеміз шыдаймыз да «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса!». «Бастық»- сөзі негізінен бас қадірін біліп, телпектің астына жасырған, ойшылдық дәрежесіне жеткен, сөзіне еге құрметке лайық еркек деген мағынаны білдіреді. Қазаққа бөріктің қадірін білген бір тілмен, ойды бұзбайтын сөзге кемеңгерлер басшылыққа келіп «Ақ жолды» құдайдың өз еркіне қайтаруды ойламаса, болашақта соны басқарған, ақ жолдық партияшыл шопандарының бәріне жаратқанның лағнеті түсуі сөзсіз. «

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет