Серуен
|
№ 59
Көркем сөз. Көгершін
Көк көгершін, көгершін,
Көгершін келер жем үшін.
Балалар жем себелік,
Жем жесін де семірсін.
|
№ 60
Көркем сөз.
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болмақ еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін.
|
№ 61
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Көркем сөз. Жұмбақ.
Балалармен достасып,
Жазда бақты қорғайды.
Күзде кетер қоштасып,
Кім біледі... (торғайды).
|
№ 62
Еңбек: Жәндіктерге нан қиқымын беру.
Көркем сөз.
Құмырсқа батыр. Қимылдап жатыр.
Алды да ырғап,
Көтерді «бір қап»
Құмырсқа қыстан,
Шығады жырғап.
Жалқауға күллі-
Құмырсқа үлгі.
|
Серуеннен оралу
|
Балалардың реттілікпен шешінуі.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық»
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.
|
Бір -біріне шешінуге көмектесу.
Жапсыру
«Қызғаншақ қонжықтар»
Мақсаты: Қонжықтар туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қонжықтардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білуге үйрету.
|
Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру.
|
Бір -біріне шешінуге көмектесу.
Сөйлеуді дамыту
«Наурыз жыл басы!»
Мақсаты: Балаларға Наурыз туралы сурет бойынша жұмыс жасау.
|
|