Нечипоренко сынамасы.
Ертеңгісін аш қарынға алынған ортанғы жаңа бөлігінде 1
мл несептің қан түйіршектерінің саны қалыпты жағдайда лейкоциттер 2 мыңға дейін,
эритроциттер 1 мыңға дейін болады.
Аддис-Каковскийдің сынамасы
– тәуліктік несептегі қан түйіршіктерінің саны.
Лейкоциттер 2 млн-ға дейін, эритроциттер 1 млн-ға, гиалинді цилиндрлер 20 000-ға дейін
болады. Тәуліктік несепте белок 50-60 мг-нан 100 мг дейін анықталады.
Бір көру аймағында 10-30 немесе тәуліктік несепте 2-10 млн лейкоциттің болуы
шамалы лейкоцитурия ретінде анықталса, көру аймағында 30-50 немесе тәулігінде 10-40
млн лейкоцит шығарылуы орташа лейкоцитурия, ал көру аймағында 100-ден тәулігіне 40
млн-нан артық болғанда – айқын лейкоцитурия деп есептелінеді. Сонымен қатар,
лейкоциттердің түрін анықтаудың да (уроцитограмма) маңызы зор болып келеді: нейтро-
фильды, мононуклеарлы, аралас. Бұл зақымдалу сипаттамасын ажыратуға көмектеседі.
Дені сау балалардың тәуліктік несебінде белок мелшері орта есеппен 78,57±10,5мг
болады.
Тәуліктік несепте белок 1г деңгейінде болса, шамалы протеинурия ретінде
анықталады.
Тәулігі 1-2,5 г белок бөлінетін болса – орташа протеинурия, 2,5-3 г белок шығарыл-
ғанда – айқын протеинурия деп, аталады. Кейде тәулігінде 20-50 г белок шығуы мүмкін,
бұндай жағдай нефротикалық синдромда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |