макрогематурия болып есептелінеді.
Цилиндрлер нефронның дистальды бөлігінен шайылып пайда болған цилиндрлі
денелер. Матрикс бойынша цилиндрлер төмендегідей болып жіктеледі:
Гиалинді (ақ) – цилиндр тәрізді клеткалар айқын протеинурияда көп мөлшерде
кездеседі. Кейде, организмге күш түскенде байқалады. Олар белоктар тұнғанда пайда
болады, аса диагностикалық маңызы жоқ.
Дән тәріздес цилиндрлер – контурлары айқын, бүйрек эпителийінің ыдыраған
клеткаларынан пайда болады және өзекшелердегі физиологиялық, химиялық жағдайлар
өзгеріп, белоктар ұйығында пайда болады.