Гиперстенурияда
несептің меншікті салмағы 1020-1030-дан жоғары болады.
Сұйықты аз ішкенде, қоршаған ортаның қызуы жоғарлағанда, дант диабетінде, яғни
несепте қант, белок, тұздар көбейгенде, байқалады.
Несептің реакциясы
сілтілі немесе қышқыл болады. Ол тамақтың, аурулардың
түрлеріне байланысты.
Протеинурия
– несепте белоктың шамадан тыс (0,033 промильден артық) болуы.
Протеинурияны 2 түрге бөледі: бүйрек және бүйректен тыс протеинурия. Бүйрек
протеинуриясы жалған және шын болады.
Шын бүйрек протеинуриясы
бүйрек шумақтарының базальды мембраналары
зақымдалынып, несепке белоктың ірі молекулаларын өткізе бастағанда (нефроз,
нефросклероз) немесе өзекшелерде шумақтардан өткен кішкентай белок
молекулаларының кейін сіңірілуі (реабсорбциясы) бұзылғанда байқалады.
Жалған бүйрек протеинуриясы
– организмдегі ауырған жердің негізінен бүйректе
лейкоцит немесе эритроциттер түсіп, олар ыдырап, белоктар пайда болған жағдайда
кездеседі.
Лейкоцитурия
(пиурия) әдетте, бір көру аймағында 5-6 лейкоцит болады, одан
көбейсе – пиурия болып есептелінеді. Пиурия, зәр жүйесі қабыну ауруларына
шалдыққанда, байқалады. Жасырын пиурияны табу үшін арнайы сынамалар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |