Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Бір жасқа дейінгі баланы бақылау



Pdf көрінісі
бет448/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Бір жасқа дейінгі баланы бақылау
. Учаскелік дәрігер дені сау баланы бір жасқа
дейін айына бір рет емхана жағдайында бақылайды. Дәрігер қабылдау кезінде, сәбидің
дене дамуын, жүйке-жүйесінің даму деңгейін қадағалап, тамақтандыру, күн тәртібін
ұйымдастырып, дене шынықтыру, мешелден және балалар инфекциялық ауруларынан
сақтандыру шаралары бойынша кеңес беріп, іске асуын қадағалайды. Мейірбике дені сау
баланы үйінде бір жасқа толғанша бір айда бір рет қарайды. Бұл жастағы сәбилердің
дамуына медициналық байқау, олардың жеке ерекшеліктеріне және бірінші жылдың
жауапты кезеңдерін ескере отырып, жүргізеді. Алғашқы 3 айда бұлар: перзентханадан
шығару, сәбидің жаңа ортаға бейімделуі, ашық ауаға шығару. 2-3 аптадан бастап мешелге
қарсы арнайы алдын алу шаралары жүргізіледі.
Емханаға қабылдауға келгенде, немесе үйіне келгенде, дәрігер мен мейірбике
гипогалактияға қарсы күреске, тиімді тамақтандыруға, тері ауруларын ерте анықтап, одан
сақтандыруға, септикалық жағдайға, гипотрофияға, анемияға көңіл аудурады. 
282


4 айдан 6 айға дейінгі жауапты кезеңдері: тамақты дұрыс бермеу (4, 5 айға дейін),
қосымша тамақ беру (6 айдан соң), алдын-ала егулер. Сәбиді жасына сәйкес
тамақтандыруы және жасына сәйкес ерекшеліктерін қамтамасыз етуді қажет етеді. 
1 айдан 9 айға дейін сәбилер жаңа әдет үйренеді, айналасындағылармен қатынасы
кеңейеді. Осы кезде ауа-тамшы жолымен берілетін респираторлы инфекциямен және
қатынас жолымен ауыр ішек инфекцияларымен, жарақаттармен жиі ауырады. Сондықтан,
олардан сақтандыруға ерекше көңіл аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет