Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Денсаулықты кешенді бағалау нәтижесі зерттелген баланың жасына сәйкес



Pdf көрінісі
бет445/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Денсаулықты кешенді бағалау нәтижесі зерттелген баланың жасына сәйкес
денсаулық топтары анықталады:
1. І топқа 
барлық шектері бойынша ауытқулары жоқ сау балалар жатады.
2. ІІ топқа 
биологиялық, генеологиялық және әлеуметтік анамнездері асқынған немесе
морфологиялық өзгерістері бар сау балалар жатады. Яғни, созылмалы патологиялар даму
қаупі бар балалар жатады. Ерте жастағы балаларда ІІ-А және П-Б топтарын бөледі.
а)
ІІ-А тобы 

 
биологиялық және генеологиялық қаупі бар сау балалар. 
б)
ІІ-Б тобы
– биологиялық, генеологиялық және әлеуметтік қауіп бар сау балалар,
сонымен катар, аралық және функциялық ауытқулар бар балалар:
-
көп ұрықты жүктіліктен туылған балалар;
-
шала және күні асып туылған балалар, 4кг-нан артық салмақпен туылған, жетілмей
туылған және құрсақ ішінде инфекцияланған балалар;
-
асфикция, туылған кездегі жарақаттану, гемолитикалық ауру, ерте неонтальды
кезеңдегі жедел ауыр аурулар, I дәрежелі рахит (алғашқы кезеңі), рахиттың айқын
қалдық белгілері;
-
I дәрежелі гипотрофия, І-ІІ дәрежелі кем немесе артық салмақ;
-
тағамдарға, дәрі-дәрмектерге, және т. б. заттарға аллергиялык бейімділік,
экссудативті диатездің терідегі көріністері;
-
гипотрофия белгілері жоқ пилероспазм;
-
оперативтік емді қажет етпейтін кейбір туа болған ақаулар;
-
кіндік түбінің кеңеюі, іштің тіке етінің айырылуы, 1-2 жасқа дейін аталық ұрық
безінің ұмаға түспеуі;
280


-
туылған кездегі еңбектің үлкен болуы;
-
тұлғаның мүкістігі;
-
табанның жалпаюы;
-
жүрек-қан тамырлар жүйесінің функциялық өзгеруі (функциялық шулар, қан
қысымының төмендеуі немесе көтерілуі, жүрек тондарының ырғағының, пульстің
өзгеруі);
-
I - II дәрежелі аденоидиттер және бадамша безінің II дәрежелі гипертрофиясы,
мұрының қисаюы, немесе мұрын арқылы дем алмау, бронхитпен, пневмониямен
қайталап ауру;
-
субкомпенсацияланған кариес (6-8 кариесті тіс), жедел коррекцияны қажет етпейтін
иек аномалиялары;
-
жекеленген неврологиялық реакциясы патологиялық белгілері бар балалар, жүйке-
іс әрекетінің қалыс қалуы, ас қорыту жолының дисфункциясы, әлсіз дәрежелі
миопия;
-
орта дәрежелі алыстан көргіштік, амблиопиясыз аккомодациялы қитарлық,
бинакулярлы көруі бұзылмаған екі көзінің көруі. 1,0-ден кем емес шынымен
коррекцияланатындай болып төмендеуі;
-
туберкулез сынамасының виражы;
-
хал-жағдайы мен көңіл-күйі бұзылатын жұкпалы және жұқпалы емес жедел
аурулардан кейінгі сауығу кезеңі, соның ішінде жедел пневмония, токсикалық
гепатит, жедел нейроинфекциялар және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет