3.
III топ. а)
Созылмалы аурулары, дамуының туа болған ақауларының белгілері бар
субкомпенсациялық жағдайлар, яғни, жалпы жағдайы мен көңіл-күйі, мінезі онша
өзгермейтін негізгі ауруы сирек, болар-болмас қайталанатын резистенттілігі жақсы
балалар;
б)
Резинтенттілігі өте төмен балалар.
4. IV топқа
созылмалы ауруы, туа болған даму ақаулары бар, субкомпенсациялық
жағдайдағы балалар жатады. Олардың организмінің жүйелері мен мүшелерінде
белгілі бір функциялық ауытқулар болып, жалпы жағдайы, мінез-құлқы
қайталанғаннан кейін нашарлап, реконвалесценттік кезеңі ұзаққа созылады, дене
дамуы қалыс қалады.
5. V топқа
ауыр созылмалы ауруы, ауыр туа болған ақауы бар декомпенсациялық
жағдайдағы балалар жатады, яғни, мүгедектік қауіп туады. Ауыр морфологиялық
және функциялық ауытқулар байқалады.
Денсаулық тобы ауыр ауытқушылықтар мен диагноз бойынша анықталады.
Біз қазір халықтың арасында медициналық ақпараттың кең тараған кезінде өмір сүріп
жатырмыз. Азаматтар денсаулықты сақтаудың беделді әдістері туралы ақпарат алғысы
келеді. Біреулерді болашақ баланың денсаулығын сақтау туралы ақпарат қызықтырса, енді
біреулерді баланың салауатты өмірі туралы ақпарат қызықтырады. Толық ақпарат алған
ата-аналар дәрігерлер мен мейірбикелерге жақсы көмектесіп, қоян-қолтық жұмыс
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |