психологиялық статусты, оқуға және оқуға бейімделуге функциялық дайындығын
бағалау мақсатында педагог, психолог қатынасады.
3.
Диспансеризацияның арнайы сатын жеке мамандар бригадасы жүргізеді.
Алдын-ала қарау аяқталғаннан кейін денсаулық жағдайына кешенді баға беріліп,
денсаулық жағдайы туралы қортынды жасалады. Баланың денсаулық жағдайы бойынша
қортындыға қауіпті факторлар бар-жоғы, дене және нервтік-психикалық дамуы,
резистенттілігі, динамикалық бақылау тобын анықтау кіреді. Қортындыда санитарлық-
гигиеналық ережені сақтау, күн ережесі, физикалық тәрбие және шынықтыру, психолого-
педагогикалық шаралар, алдын ала егу, аралық жағдайлардың және аурулардың алдын алу
бойынша ұсыныстар енеді.
Динамикалық медициналық бақылау тобын анықтау үшін, дәрігер балалар
денсаулығын кешенді бағалау жолымен 5 топқа бөліп, тиісті бақылау жүргізеді.
Балаларды әртүрлі жаста алдын-ала қарау алгоритмі 33 кестеде берілген.
Дене (физикалық) дамуын центильді кестелер
(5 - 20 кестелер)
бойынша, ал басқа
мүшелерді (нервтік-психикалық, жыныстық даму, тері, сүйек бұлшық ет, тыныс алу,
жүрек-тамыр, асқорыту, несеп жүйесін, шеткі қан жүйесін және т.б.) оқулықтың алдыңғы
жақта тиісті бөлімшелерді қарап, білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: