Гинекологиялық зерттеу.
Дәрігер акушер-гинеколог бойжеткендерді 15 жастан
бастап, ата-анасының (қамқоршысының) рұқсаты болғанда ғана, қос қолмен ректоабдоми-
нальды зерттеу жүргізеді. Бұндай жағдай болмағанда, қарау кезінде міндетті түрде екінші
медицина қызметкері қатысып тұруы міндетті және ол туралы медициналық құжатқа
жазып қою керек («Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын-ала гинекологиялық көмек
көрсетуді ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» бұйрық, Астана, 2005 жыл).
Гинекологиялық зерттеу зерттелушунің несепқабын және ішегін босатқаннан кейін,
гинекологиялық креслоға жатқызып жүргізіледі.
Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда, олардың даму деңгейін, қынаптың кіреберісін,
қыздық пердесін, оның бүтіндігіне, қоршаған тіндердің жағдайына, жыныс
жолдарының бөліністеріне көңіл аударып қарайды.
Қынаптан жұғынды алу әртүрлі құрал-жабдықтар мен (шпательмен, пипеткамен,
шыны қасықшамен, науа тәріздес зондпен) жүргізіледі, алынған зат шыны
орналастырылып, кептіріліп, бекітіп (фиксациялап), сырлап, микроскопия жүргізеді.
Жатыр мойнын, қынап күмбезін, қынап қабырғасын қарау үшін балалар айнасын
қолданады. Вагиноскопия – қынапты және жатыр мойнының қынаптық бөлігін әртүрлі
сәулелі жүйемен жабдықталған әртүрлі айналармен қарау. Вагиноскопияға
көрсеткіштер: жарақаттану, жатыр мойнының ісігіне күмәндану, мойын каналының
полипі, қынап ісігі, қынапта бөгде денені болуы, белгісіз себепті қанкетулер.
Қос қолды тікішектік-ішқабырғасы арқылы зерттеу зерттелуші баланың тік шегіне
кішкене (5-ші саусақты) енгізу арқылы жүргізіледі: жатырдың орналасуына, оның
мөлшеріне, қозғалу қабілетіне, жатырдың денесі мен мойнының бұрыштың бар-
жоғына көңіл аударады. Жатыр қосымшаларын пальпациялағанда, оның мөлшерлеріне
және аналық бездің түріне, олардың жұмсақтығына, қозғалғыштығына, жатырдың
қосымшалары орналасқан аймақта жасқақатардың бар-жоғына, олардың
пальпациялағанда ауыратындығына көңіл аударады.
286
|