сары суын қосып, «Витолакт» қоспасында белоктың жалпы мөлшері өзгертілген, казеин
мен еритін белоктың мөлшерінің және ауыстырылмайтын амин қышқылдарының
арасындағы
қатынас өзгертіліп, ана сүтінің құрамына жақындатылған. Өсімдік майын
қосу арқылы жартылай қаныққан май қышқылдарының, Е витаминінің мөлшері ана
сүтінің деңгейіне келтірілген.
Соңғы кезде ішек бифидофлорасының қалыпты дамуы үшін лактозамен қатар поли-
және олигомин қантының қажет екені анықталған. Осыған байланысты «Витолакт»
қоспасының құрамына лактозадан, сахарозадан, мальтозадан
тұратын көмірсулар
кешендері және әртүрлі дәрежеде деполяризацияланған декстриндер енгізілген. Сонымен
қатар, кальцийдің мөлшері 20-25% азайтылып, темір ана сүтінің құрамындағы деңгейге
жеткізілген.
«Детолакт» қоспасы майы алынған сүттен дайындалады, сондықтан құрамында сүт
майы болмайды. «Детолакт» құрамындағы май кокос және жүгері майының 3:2
қатынасындай болады. Көмірсулардан тек сүт қанты – лактоза ғана болады. «Детолакт»
қоспасы витаминдермен (А, Д
2
, Е, С, РР, В
р
В
2
, В
3
, В
6
, В
12
), минеральды тұздармен (мыс,
мырыш, марганец және темір тұздары) байытылған.
Ащы сүт қоспалары бактериальдық ферментация жолымен, сиректеу әртүрлі
қышқылдар (сүт, хлорлы сутек және тағы басқа қышқылдар) қосу арқылы, дайындалады.
Тәтті қоспаларға қарағанда ащы қоспалардың артықшылығы бар. Ащы қоспалардың
құрамындағы белок ұйыған күйінде болады.
Сүт қышқылды бактериялар казеинді активті түрде ыдыратып, негізінен амин
қышқылдары мен пептидтердің пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, сүт
қышқылды таяқшыларының
протеолитикалық активтілігі, кокктарға қарағанда, артық
болып келеді. Сүт-қышқылды бактерияларының протеаздарының қолайлы әсері РН 5,0-7,0
болғанда байқалады. Глутамин қышқылы, тиреонин көп, аздау мөлшерде валин, серин,
глицин түзіледі. Ащы сүт қоспалары асқазаннан, тәтті сүттерге қарағанда, жайырақ
эвакуацияланады. Ұйыған кезде жиналатын сүт қышқылы ішек қарын жолының сөліністік
әрекетінің артуына ықпал етеді, сондықтан ащы сүт қоспалары жеңіл қортылады.
Сонымен қатар, бұл қоспалардың жеңіл сіңірілуі, бактериялық ферментацияда, қанттың
азаюына да байланысты болып келеді. Себебі, лактозаның
айқын немесе жасырын
жетіспеушілігі байқалатын балаларда, тәтті сүттерге қарағанда, жеңіл қорытылады.
Сонымен қатар, ащы сүт қоспаларының осмолярлығы арытылып, басқа балаларда ащы
ішек саңылауында сіңірілуінің бұзылыстары байқалады және үлкен дәретке жиі отырады.
Ащы сүт тағамдарында витаминдердің мөлшері әдәуір өзгерістерге душар болады.
Мысалы, ацидофилинде В
1
витаминінің мөлшері сүт құрамындағымен салыстырғанда
25%, айранда 11%, В
2
витамині 7 және 4% артық болады. С витаминінің мөлшері де арыта
түседі. Сонымен қатар, никотин қышқылы мен Е витаминінің мөлшері азаяды (айран
ұйытқанда никотин қышқылының жойылуы 73, ацидофилинде 66%, ал Е витаминдерінің
азаюы осыған сәйкес 3 және 13 % құрайды).
Қолдан ашытқан қоспаларға (сүт, лимон немесе хлорлы сүтек қышқылдарын қосып)
қарағанда табиғи түрде ашытқан қоспалардың жағымды
әсері ішек микрофлорасының
қалыптасуына байланысты болып келеді.
Ішектің қалыпты микрофлорасы организмнің қорғаныс күштерінің артуына ықпал
етеді. Мысалы, басқа бактериялармен бірдей антигені бар, ішек таяқшасы ішек қабыр-
ғасын басқа бактерияларға (мысалы дизентерияға) қарсы иммунизациялайды. Ең жоғарғы
антибиотиктік активтілік байқалса, қайнатылған сүтте төмендеу, ал пастеризацияланған
сүттен дайындаған ащы сүт тағамдарында одан да төмен болып келеді.
Ащы сүт қоспаларының артықшылықтарымен қатар, кейбір жағымсыз әсерлері де
байқалады. Ащы сүт қоспаларымен тамақтандырғанда (айран және сұйытылған түрлері)
зәрмен аммиактың, тұздардың көп мөлшерде бөлінуі байқалады (кейде кальций балансы
теріс болады және т.б.). Бұндай өзгерістер алмасу реакцияларының зорлануының
көріністері болып келеді. Сонымен қатар, ащы сүт қоспаларымен ерте жастағы балаларда
318