Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


 Анемия, рахит, дистрофия қалыптасу қаупі бар балалар тобының денсаулық



Pdf көрінісі
бет558/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

3. Анемия, рахит, дистрофия қалыптасу қаупі бар балалар тобының денсаулық
жағдайын бақылау және оның ауытқуларының алдын алу (3-ші қауіпті топ)
тобыда
антенатальды кезеңде құралады. Қауіпті түрткілері болып келеді: 1. Анасының
352


экстрагенитальды патологиялары (гипертониялық ауру, жүрек ақаулары, қантты диабет,
қалқанша без аурулары, семіру, анемия). 2. Ұрықтың гипотрофиясы. 3. Жүкті әйелдің
жұрыс тамақтанбауы. 4. Айқын токсикоз. 5. 4 және одан көп жүктіліктен босану: осы
жүктілікпен өткен жүктілікің арасы 1 жыл немесе одан аз. 6. Анасының жасы 30-дан
артық.
Бұндай қауіпті түрткілер анықталғанда, мейірбике тиісті мерзімдерінде қатынауды,
жүктіліктің 12-24 аптасында одан кейін қаже болған жағдайда ұрықты УДЗ жоспарлайды.
Антенатальды кезеңде мейірбике жүргізетін алдын алу шаралары: 
1. Гипогалактияны, ауру қаупін болжау. 2. 14-16 аптадан бастап витаминді-оттеглі
коктейль беру. 10 күн бойына 0,025 г-нан күніне 3 рет липой қышқылы немесе липамид,
кальций пантенаты 0,1-0,2 г-нан күніне 3 рет, В
1
витмині немесе кокарбаксилаза 100-150
мг мөлшерінде беріледі. Дәл осындай ем жүктіліктің 24-26 аптасында қайталанады.
Гемоглобин мөлшері 120 г\л-ден кем болғанда 32 аптада 3 курс алдын алу емі жүргізіледі.
Аллергиялық сезімталдығы жоғары әйелдерде В
1
витамині берілмейді. 3. Тиімді
тамақтану. 4. Жеткілікті таза ауада болу. 5. 30 жасқа дейінгі әйелдерге жүктіліктің соңғы 2
айында тәуелігіне 400-500 ХБ-тен Д витамині беріледі немесе 15-20 сеанс УКС жасалады.
Постнатальды кезеңде қауіпті түрткілер келесідей: 1. Шала туылған балалар. 2. Егіз
туған балалар. 3. Үлкен ұрықтар. 4. Ерте жасанды тамақтандыруға көшіру. 5. Құрысуға
қарсы дәрілер алған балалар. 6. Денесінің қарқынды өсуі. 7. Эндокринопатиялар. 8.
Инфекциялық-қабыну аурулары. 9. Нәжісі тұрақсыз балалар.
Мейірбикенің басқа мамандармен бірігіп жұмыс жасау жоспарының ерекшелігі жоқ.
Қанның жалпы анализі 3, 6, 9 және 12 айда жүргізіледі. Тамақ құрамын есептеу айына бір
рет жүргізіліп, толықтырылады.
Алдын-алу шаралары жоспарына төмендегілер кіруі керек: 1. Гипогалактияны
болжау және алдын алу. 2. Массаж, гимнастика, шынықтыру. 3. Негізгі нутриенттер
бойынша үйлестірілген тиімді тамақтандыру. 4. Бірінші айда 10 күн бойына беріледі:
липой қышқылы – 0,003-0,006, кальций пантотенат – 0,02, В
1
витамині – 0,002-0,003
күніне 2 рет. 5. 1-1,5 айдан бастап 1-2 ай бойына беріледі: С витамині – 0,03, тиамин –
0,001, рибофлафин – 0,001, пиридоксин – 0,001, эргокальциферолдың майлы ертіндісі –
500 ХБ. Гемоглобин мөлшері 120 г\л-ден төмен болғанда темір препараттары, дұрысы
ферроплекс, феррацетон, беріледі. 6. Ай сайын нервтік-психикалық дамуын бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет