1. ЖРВИ-мен жиі ауруға және әлеуметтік бейімделу кезеңінде денсаулығында ауытқулуар пайда болуға қауіпті балалар (1-ші қауіпті топ): Бұл топты қалыптастыру (құрастыру) антенатальды (құрсақ ішілік) кезеңде
басталады. Мейірбике төмендегі қауіпті түрткілерді анықтайды: 1. Анасының жүктілік
кезіндегі аурулары (салқын тиген); 2. Ұрық гипоксиясы; 3. Ата-анасында өкпе-бронх
жүйесінің созылмалы аурулары; 4. Қанағаттанарлықсыз отбасы жағдайы; 5. Ата-анасының
ішімдікке салынуы. Бұндай қауіпті түрткілер анықталғанда мейірбике әйел босанғанға
дейін 2 рет қатынауы (патронаж) керек.
Әйелдер консультациясынан есепке тұрғаны туралы хабар түскеннен кейін және
жүктіліктің 32-ші аптасында қатынауды жоспарлайды. Құрсақішілік (антенатальды)
кезеңде алдын алу шаралары қамтиды: 1. Гипогалактияны болжау; 2. Болуы мүмкін
ауытқуларды болжау; 3. Жүкті әйелдің тамақтануы, күн тәртібі, шынықтыруы, дене
тәрбиесі бойынша кеңес беру; 4. Ата-анамен баланың денсаулығына әлеуметтік-
биологиялық шежірелердегі қауіпті түрткілердің әсер етуі туралы санитарлық – ағарту
жұмыстарын жүргізу.
Құрсақтан тыс кезеңде балаларды бұл топқа енгізуге келесі түрткілер негіз бола
алады: 1. Рахит. 2. Анемия. 3. Гипотрофия; 4. Аллергиялық диатез; 5. Туа біткен ақаулар; 6.
ОНЖ ауралары бар балалар; 7. Тұқым қуалайтын аурулар; 8. Жиі ауыратын балалар; 9.
Метаболикалық және иммунологиялық ауытқулары, эндокринопатиялар байқалатын
балалар; 10. Созылмалы аурулар; 11. Ерте жасанды тамақтандыру; 12. Шала және
жетілмей туылған балалар. 13. Үлкен ұрық; 14. Нәрестелер асфиксия; 15. Бас сүйегінің
туылу жарақаты; 16. Баланы қайшылықты тәрбиелеу; 17. Ұйықтату және тамақтандыру
ережесінің баланың жасына сәйкес келмеуі. Бұл қауіпті түрткілер анықталғанда,
мейірбике бұл топ үшін жеке мамандарға қаралу жоспарын жасайды: мейірбике мен
педиатр тиісті мерзімдерінде, 1 жасқа дейін ЛОР, хирург, невролог, окулист тиісті
мерзімдерінде. 1-3 жаста ЛОР және стоматолог жылына 2 рет, қажет болса жиірек.
Мейірбике жұмыс жоспарына 1, 3, 5, 7, 9, 12 айларда тамақ құрамын және калориясын
есептеуді, 4 айлығында қан, зәр, нәжіс жалпы тексерістерін жүргізуді енгізіп, оның
орындалуын қадағалайды. Мамандардың бақылау жоспарын жасағаннан кейін, мейірбике
осы қауіпті топ балалармен жүргізілетін алдын алу шараларын қарастырады: