Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет560/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Бифидум-бактерин
беру. 10. Айқын токсикоз
байқалатын ЖРВИ-да антибиотик тағайындау. 11. Жағдайы өзгергенде (ауырлағанда)
немесе терісінде кезкелген қабыну сипатты бөртпелер пайда болғанда, жедел ауруханаға
салу. Бұл топпен жұмыс жоспарын мейірбике 1 жылға жасайды. 
5. Мүшелер мен жүйелердің даму ақаулары біліну мүмкін қауіпті топ (5-ші
қауіпті топ).
Антенатальды кезеңде мейірбике босануға дейінгі қатынау жасағанда, келесі
қауіпті түрткілерді анықтайды: 1. Жақын туысқандық неке. 2. Бірінде хромосомдық
аурудың болуы. 3. Ата-анасының немесе жақын туысқандарының бірінде туа біткен
ақаудың болуы. 4. Анасының жасы 30-дан, әкесінің жасы 40-тан үлкен болуы. 5. Ата-
анасының кәсіби залалдың болуы. 6. Бұдан бұрын туа біткен ақауы бар балалардың
туылуы. 7. Жүктліктің үзілу қаупінің қайталануы. 8. Жүкті әйелдің қант диабеті. 9. Ата-
анасының ішімдікке салуыны. 10. Алғашқы 12 аптада жүкті әйелде инфекциялық аурудың
байқалуы немесе осы кезеңдерде сәулелік әсердің болуы. 11. Алғашқы 12 аптада жүкті
әйелдің жағымсыз препараттар қабылдауы. 12. Жүктіліктің бірінші жартысының
токсикозы. 13. Жедел дамыған көпсулық. 14. Көпсуылқпен және құрсақішілік дамудың
тоқырауымен қосарланған ұрықтың көлденең орналасуы. 15. Өмірінің алғашқы аптасында
қызамықпен ауруы. 16. Шежіресінде еріксіз түсіктің болуы.
Мейірбике әйелді, педиатр мен мейірбикенің тиісті мерзімдерде тексеруімен қатар,
жүкті әйелді есепке алғанда, генетиктің кеңесін енгізеді және 12 аптада, 20-24 апталарда
ұрықты УДЗ енгізеді. Антенатальды кезеңде алдын алу шаралары кең көлемде санитарлық
-ағарту жұмыстарын қамтиды.
Баланы постнатальды кезеңде мейірбикелік зерттеуді жүргізгенде мүшелер мен
жүйелерде туа біткен ақаулардың дамуы мүмкін келесі қауіпті түрткілер анықталуы мүм-
кін: 1. 5-тен артық стигмалар анықталуы. 2. Шала туылған балалар. 3. Егіз туған балалар.
4. Үлкен ұрықтар. 5. Ерте жасанды тамақтандыруға ауыстыру. 6. Құрысуға қарсы дәрілер
қабылдаған балалар. 7. Дене даму қарқыны жоғары балалар. 8. Эндокринопатиялар. 9.
Нәжісі тұрақсыз балалар. 10. Инфекциялық-қабыну аурулары. 
Қауіпті түрткілер анықталып, балалар осы бақылау тобына енгізілгенде, мейірбике
келесі мамандардың жұмыс жоспарын жасайды: 1. Мейірбикемен педиатрдың тиісті
мерзімдерде қарауы, 2. Невролог – 1, 6, 12, айларда. 3. Ортопед – 1 айда, сосын – 1 жаста.
4. Окулист – 1 айда, сосын – 1 жаста. 5. Кардиолог – қажет болған жағдайда. 6. Хирург,
ЛОР – 1 жаста . 7. Генетик – қажет болғанда.
Мамандармен жұмыс жасау жоспарын жасағанан кейін мейірбике баламен жеке
жұмыс жоспарын жасайды: 1. Фенилкетонурияға тексеру. 2. Генеологиялық шежіре жинау.
3. 3, 6, 9, 12 айларда жалпы қан анализін жасау. 4. 1 айда бір рет тамақ құрамын есептеу
(белок, май, көмірсулар, калория, ). 5. Бір жасқа толғанда, зәр және нәжіс жалпы анализін
жасайды.
Бұл топтағы балалармен алдын алу жұмыстары 3-ші топтағы балалармен бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет