Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Фототерапияның жағымсыз әсерлері



Pdf көрінісі
бет575/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Фототерапияның жағымсыз әсерлері:
-
Қалыпты жағдайға қарағанда сұйықтық жоғалту арытады, сондықтан физиологиялық
мұқтаждығына 25% сұйықтық қосылады;
-
ББ
-
нің фотодериваттарының болуына байланысты жасыл түсті нәжіспен диарея
байқалады (ем талап етпейді);
-
Терісінде өткінші бөртпенің байқалуы;
-
ОНЖ тежелу синдромы;
-
Іш бұлшық еттерінің керілуі (ем қажет етпейді);
-
«Қола түсті бала» синдромы бауыры зақымдалған балаларда байқалады;
-
Тромбоциттердің бұзылуының артуына байланысты тромбоцитопенияға бейімділік (ем
қажет етпейді);
-
Фототерапия кезінде дамуының тежелуі;
-
Аз салмақты балаларда боталлов өзегінің қайталау (персистирлеу) жиілішгінің артуы;
-
Фототерапия ұзақ жүргізілгенде, оның тиімділігін азайтпайтын рибофлавиннің өткінші
жетіспеушілігі.
Фототерапияның қолдану ұзақтығы ББ-ның қалыптасу қарқынына байланысты
болады. Егер сусыздану белгілері байқалса фототерапия инфузиялық еммен қосарланып
жүргізіледі.
ББ-ны ішекте адсорбиялауға бағышталған ем жүргізіледі (клизма, смекта және т.б.).
Қазіргі кезде венаға жіберетін иммуноглобуллиндер тиімділігі туралы мәліметтер бар.
Өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап энзимді жүйелердің индукторы –
фенобарбитал тағайындалады. Ол бауырдың глюкоуронилтрансферазды жүйесіне әсер
етіп, эндоплазмалы ретикуланың пролиферациясын тудырады, өт қышқылдарының
синтезін күшейтіп, өт экскрециясын тездететін билирубин тасымалына қатысады.
Фенобарбитал тәулігіне 5-10 мг/салмаққа есептеп тағайындалады. Емдеу діркіні 5-10
күн. Қауып-қатер тобындағы балаларға сарғаю пайда болғанға дейін өмірінің 12-24
сағатында тағайындауға болады.
-
витаминдер: С, В
1
, В
2
, ККБ – бауыр функциясын жақсартады;
-
АТФ – 0,5 мл бұлшықетке;
-
Витамин Е 10мг/кг 5-7 күн;
-
Билирубинді адсорбциялау мақсатында ішке карболен ¼ таблетканы 4 рет тәулігіне
тағайындалады;
-
өттің қоюлану синдромын жою үшін өт айдағыш дәрілер ішке тағайындайды MgSO
4
12,5% 1 шәй қасық 3 рет, аллахол ¼ таб. 3 рет;
-
инфузиялық емге аса көңіл бөлінуі керек, ол плазма альбуминінңң байланыстырушы
қабілетін күшейтуге, бауырдың уытсыздандыру (дезинтоксикациялау) функциясын
жақсартуға, билирубинді организмнен шығаруға және зат алмасу бұзылыстарын
түзетуге бағытталған.
Жоғарғы қауіпты топтағы балаларға бірінші тәуліктің аяғында 2-ші тәуліктің басында
плазма, альбумин, 10% глюкоза 10 мл/салмаққа есептеліп еңгізіледі.
Сарғаю пайда болғанда немесе күшейгенде көк тамырға ертінділерді тамшылатып:
сұйықтарды нәресте салмағы < 1,5 кг. - 30-40 мл/кг, ал салмағы > 1,5 кг. - 40-50 мл/кг., құю
жылдамдығы 1-2 тамшы/кг/минутқа есептеліп енгізіледі. 
Инфузиялық ертінділер құрамына 10% глюкоза, Ca, 7,5% KCl қосу қажет. Диурез
азайған кезде диуретикалық дәрілер қолданылады.
Инфузиялық сұйықты еңгізудің екінші жолы – бұл асқазан. Ертінділер құрамы: қан
алмастырушы ертінділер, олардың 10% глюкозаға қатынасы 1:1.
Көлемі – 30 мл/кг. Еңгізу жылдамдығы 1 минутына 8-10 тамшы. Ұзақтығы 6-8 сағат. 
Интрагастральды сұйықтың құрамына В
1
, В
2
, В
6
, В
12
, С, ККБ қосуға болады. Соңғы
уақытта фотоем қолданады. Ол үшін ауруханалық және қосарланған көк немесе толқын
ұзындығы 450-475 нм көкшіл түсті лампалар қолданады. Емшараның ақырғы ұзақтығы 18
сағ (3 сағ – 1-2 сағ үзіліс). Кейін ол азаюы мүмкін. Фотоем билирубиннің тұрақты
364


төмендеуіне дейін жүргізіледі, ауыр анемия өрбігінде – қанды бөлшектеп құю (5-7 мл/кг)
жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   571   572   573   574   575   576   577   578   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет