Алдын-алуы: 1. резус теріс қанды аналарда гемолитикалық аурудың сенсибилизациясын алдын-алу
(болдырмау).
а) медициналық түсіктердің алдын-алу, гемотрансфузияның мұқият жүргізу.
б) бірінші жүктілілерге, түсік тастаған аналарға туғаннан 48 сағ кейін антирезусті
иммуноглобулинді енгізу.
2. жүкті әйелдердің изоиммунизациясы анықталған кезде аурудың ауыр түрлерінің
алдын-алу:
а) глюкоза ККБ, С, В витаминдерін, антигистаминді дәрілерді еңгізу.
б) арнайы – антиденелерді жоюға жүкті әйелге күйеуінен алынған тері қиындысын
салу (жүктіліктің соңғы 3 айлығында).
Алдын-алу екі бағытта жүргізіледі:
1. Қаны резус-теріс әйелдердің сенсибилизациясының алдын-алу (қан құюды мұқият
жүр-гізу, жүктілікті жасанды үзудің алуын-алу, босанғаннан кейін және жүктілікті
жасанды үзуден кейінгі алғашқы 48 сағатта анти-Р иммунноглобулин енгізу);
2. Жүкті әйелдің изоиммунизациясы анықталғаннан кейін аурудың ауыр түрлерін алдын-
алу (жүкті әйелдің дезинтоксикациялық, гормондық, гистаминге қарсы емдеу,
трансплантат антигендеріне антиденелерді бекіту мақсатымен тері бөлігін алмастыру).