Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты



Дата10.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#11345



АҚ «Астана медицина университеті»


С – 07.1.5-1

Шығарылған күні: 1.09.11ж.

Биология кафедрасы

Тексеріс күні: 29.08.2012ж.

Қайта қаралды:

Бет ден




СИЛЛАБУС

Пәні: МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА

MBMG 1201

Мамандығы: 051101 - «Мейрбике ісі»
Дәрістер: 10 сағат
Тәжірибелік сабақтар: 20 сағат
ОСӨЖ: 30 сағат
СӨЖ: 30 сағат
Сағат саны 90 сағат


Астана 2012

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Әр түрлі жануарлардағы стресстің кейбір формалары мен гипоксиялық жағдайлардағы өкпенің гормондық реттелуін оқып үйрену.

Орыс және қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Профессор Мироедова Эльвира Павловна, биология ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми қызығушылығы: Экстремальдық жағдайлар цитогенетикасы

Орыс тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.



Аға оқытушы Алтаева Нұрсұлу Закирияқызы.

Ғылыми қызығушылығы. Ақмола облысының уран өндіретін өңірлеріндегі сүтқоректілерді цитогенетикалық зерттеу

Қазақ тілінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Сманова Гульмира Бамадинқызы.

Ғылыми қызығушылығы. Эволюциялық саты бойынша өкпе тінінің метаболизміне негізгі стресстік гормондардың әсер етуі.

Қазақ және орыс тілдерінде дәрістер оқиды және сабақтар жүргізеді.

Оқытушы Абдрахманова Балқия Мұхаметжанқызы.

Ғылыми қызығушылығы. Ангиотензи, катехоламин және глюкокортикоидтің өкпе ұлпасына таралуы әрі түрлі стресс жағдайында.



Ассистент Жалмақанова Ж.Ж. КарГУ, Биологиялық факультетті бітірді.

Ассистент Кұсмамбетова Қ.А. Аль-Фараби атындағы ҚазНУ, медициналық-биологиялық ісі.

Ассистент Жұмағұлова Акмарал Әбдіразаққызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.

Ассистент Қарагұлова Айжан Шишнұрқызы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҰ бітірді.


1.8 Байланыстық ақпарат

Кафедраның мекен-жайы : Астана қаласы, . Бейбітшілік көшесі, 49, 3 этаж. «МУА» АҚ оқу корпусы.

.
1.9 Пәннің саясаты

Дәрістер мен сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабаққа міндетті дайындалу, рубеждік бақылаудың тапсырмаларын орындау, жіберілген сабақтарды өз уақытында қайта тапсыру, оқу-әдістемелік құжаттармен танысу, оқу тәртібін сақтау, құрал-жабдықтарды сақтау, техникалық қауіпсіздік ережесін білу және сақтау. Халат, дәріске арналған дәптер, тәжірибелік сабақтарға арналған сурет альбомы болуы қажет.

Пәннің мазмұнын толық меңгеру үшін мектептің биология және химия курсын білу керек.



2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Медициналық биология және генетика – медициналық білім беру іргетасының маңызды, түпкілікті пәндерінің бірі болып саналады. Биология ғылымдарының жетістіктері мен жаңалықтары медико-биологиялық және клиникалық пәндердің дамуы мен ілгеруінде маңызды рөл атқарады.

Бағдарламаға сәйкес теориялық және тәжірибелік курстарды оқыту адам тіршілігінің биологиялық негіздерін оқып үйренуге бағытталған. Әсіресе, адам денсаулығы, денсаулық сақтау тәжірибесі үшін қызықты биологиялық құбылыстарды оқып- үйренуге басты көңіл аударылған. Бағдарламада тіршіліктің барлық деңгейлерінде байқалатын түпкілікті әмбебап биологиялық заңдылықтар туралы жалпы түсініктер бейнеленген.

Бағдарлама студенттердің тек қана теориялық білімдерін қалыптастырып қана қоймай, сол сияқты белгілі бір тәжірибелік дағдыларын және шеберліктерін қалыптастыруды да көздейді. Ол үшін заманауи микроскопиялық техникалар арқылы әртүрлі биологиялық нысандардың құбылысын зерттеу, адамдардың белгілерінің тұқым қуалаушылығының түрліше типтері мен түрлерін өз беттерінше талдау, хромосомалық және генеалогиялық талдау әдістерін үйрену және игерулер қарастырылған. Сонымен қатар, адамдардың тұқым қуалайтын, паразитарлық, трансмиссивтік ауруларының пайда болу себептерін, оларды анықтау, алдын алу әдістерін игеру де көзделген.

Бағдарлама биохимия, гистология, физиология, микробиология т.б. пәндерді оқып үйренуге теориялық негіз бола алады және студенттердің клиникалық ойлау негіздерін қалыптастырады.
2.2 Пән мақсаты:

Ағзалар тіршілігінің биологиялық негіздері туралы студенттердің заманауи білімдерін қалыптастыру және оларды медико- биологиялық, клиникалық пәндерді игеруге қолдану.


2.3 Пән міндеттері:

- тіршіліктің құрылымдық деңгейлері және тіршіліктің түпкілікті қасиеттері туралы жүйелі білімдерін қалыптастыру;

- тұтас ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайларда қызмет етуіндегі молекулалық- генетикалық және жасушалық тетіктердің ролін дұрыс түсінуді қалыптастыру;

- кең таралған тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуге үйрету.

- паразитология, экология, биосфера және ноосфера ілімдерінің медициналық – биология қырлары (аспектілері) туралы мағлұматтар беру;

- тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен электрондық деректер базаларымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


2.4 Оқып үйренудің ақырғы нәтижелері:

Студент білуге міндетті:

- тіршіліктің құрылым деңгейлерін және тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін;

- прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылысын;

- жасушаның бөліну үрдісін және оның реттелу тетіктерін;

- жынысты және жыныссыз көбейюдің биологиялық мәнін;

- ағзалардың жеке дамуының генетикалық негіздерін;

- биологиялық ақпараттың жүзеге асу үрдістеріін;

- гендердің өзара әрекеттесуі, генокөшірмелер мен фенокөшірмелердің медициналық маңызын;

- адамдардың гендік және хромосомалық ауруларын, олардың пайда болу себептерін анықтау, емдеу және алдын алу әдістерін;

- паразитизімнің биологиялық негіздерін, паразиттік ауруларды анықтау және олардың алдын алу әдістерін;

- экология, биосфера және ноосфера ілімдерінің медициналық биологиялық

қырларын (аспектілерін) қолдана білуге;

- әр түрлі биологиялық нысандарды микроскоп арқылы зерттеуді;

- уақытша микропрепараттарды жасай білуді;

- эукариоттық жасушаларды танып білу және олардың негізгі жиынтықтарын ажыратуды;

- митоз және мейоз фазаларын ажыратуды;

- ұрпақтарда физиологиялық және патологиялық белгілердің байқалу ықтималдығын болжауды;

- арнайы терминдерді, анықтама материалдары, электрондық деректер базасын пайдалана білуді;

Дағдыларды игеруге:

- әр түрлі биологиялық нысандарды микроскоп арқылы зерттеу;

- тұқым қуалайтын патологиялардың ұрпақтарда байқалу қауібін болжау үшін адамдар шежіресін құрастыру;

- адам кариотипін талдау;

- адам үшін инвазиялық паразиттердің даму сатыларын ажырату.
2.5 Пререквизиттер: орта мектептің жалпы биологиясы және химиясы;

2.5 Постреквизиттер: биохимия, гистология, физиология, микробиология, клиникалық медицинаға кіріспе.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны.

1 Кредит.

Медициналық биологияға және генетикаға кіріспе. Заманауи жетістіктері. Медициналық маңызы. Тіршіліктің маңызы. Тіршіліктің жасушалық және молекулалы-генетикалық негізгі үрдістері. Прокариотты және эукариотты жасушалардың жалпы ұйымдасуы. Негізгі құрылымы. Құрылысы және қызметі.

Жасушаның молекулалық биологиясы. Нуклеин қышқылдары және нәруыздар – теңдесі жоқ ақпараттық биологиялық макромолекулалар. ДНҚ-ның құрылысы, құрылымы, репликациясы, репарациясы. Тұқым қуалау ақпаратының реализациясы. Жасушалық цикл. Регуляция. Апоптоз. Жасушаның тұқым қуалау аппараты. Көбею. Молекулалық, жалпы және медициналық генетиканың негізі. Популяциялық генетика.

№2 Кредит.

Даму биологиясы. Дамудың генетикалық негізі. Даму ақаулықтары. Эволюция сұрақтары. Мүшелер жүйесінің эволюциясы. Онтогенез және фиологенез. Регенерация. Антропогенез. Адам нәсілдері. Заманауи жіктелуі. Экологияның және медициналық паразитологияның негізі. Паразитизмнің биологиялық негізі. Адам экологиясының негізі. Адам және биосфера. Ноосфера. Медико-биологиялық аспектілері.


2.7 Сабақтардың тақырыптық жоспаралары (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыстары)
Дәрістердің тақырыптық жоспары




Дәрістердің тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақ

тың ұзақ


тығы

Кредит № 1

1

Кіріспе. Тіршіліктің құрылым деңгейлері. Тіршіліктің түпкілікті қасиеттері. Жасушалар түрлері, құрылысы

Жалпылама

1

2

Жасушаның молекулалық биологиясы. Нуклин қышқылдары және ақуыздар - жасушаның биологиялық ақпараттық құрылымдары.

Жалпылама

1

3

Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері. Тұқым қуалаушылық ақпараттың кодталау қағидалары және жүзеге асу жолдары.

Жалпылама

1

4

Жалпы генетика негіздері. Тұқым қуалаушылықтың жалпы заңдылықтары.

Жалпылама

1

5

Медициналық генетика негіздері. Гендік және хромосомалық аурулар. Тұқым қуалайтын патологияларды анықтау және алдын алу әдістері.

Жалпылама

1

Кредит №2

6

Онтогенез. Эмбриональдық дамудың жалпы заңдылықтары. Дамудың генетикалық негіздері.

Жалпылама

1

7

Мүшелер жүйесінің эволюциясы. Адамның мүшелер жүйесінің филогенетикалық ақаулықтары.

Жалпылама

1

8

Паразитизм биологиясы. Медициналық паразитология негіздері, биологиялық қырлары (аспектілері)

Жалпылама

1

9

Адам эколгиясының негіздері . Медициналық – биологиялық қырлары (аспектілері)

Мәселелі

1

10

Адам және биосфера

Мәселелі

1




БАРЛЫҒЫ : 10 сағат








Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары


Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

Кредит № 1

1

Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларының жалпы құрылымы

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

2

Ақуыздар биосинезі. Транскрипция. Трансляция.

Семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

1

3

Жасуша бөлінуі. Жасуша циклі. Митоз. Хромосомалардың құрылысы

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

4

Адам кариотипі

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

5

Мейоз

Семинарлар Микроскопия, микропрепараттармен жұмыс істеу

1

6

Жалпы генетика негіздері. Мендель заңдары. Адамдарда моногендік тұқым қуалау.

Семинарлар ситуациялық есептерді шығару

1

7

Гендердің өзара әрекеттесуі

Семинарлар ситуациялық есептерді шығару

1

8

Адамдар генетикасын зерттеу әдістері. Генеалогиялық әдіс.

Семинарлар ситуациялық есептерді шығару

1

9

Адамдар гендік және хромосомалық аурулары

Семинар

1

10

Тұқым қуалайтын ауруларды анықтау және алдын алу әдістері

Шағын топтармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

Кредит № 2

11

Эмбриональдық даму. Дамудың генетикалық және жасушалық негіздері



Семинар

Мультимедиялық деректер базаларымен жұмыс



1

12

Постэмбриональдық дамудың жалпы заңдылықтары. Регенерация

Семинар

1

13

Тері, қаңқа және нерв жүйелерінің эволюциясы

Семинар

Макропреп. жұмыс істеу



1

14

Қан айналым, тынысалу және асқорыту жүйелерінің эволюциясы

Семинар

Макропреп. жұмыс істеу



1

15

Зәр шығару және жыныс жүйелерінің эволюциясы

Семинар

Макропреп. жұмыс істеу



1

16

Қарапайымдылар. Саркодалылар, инфузориялар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

17

Қарапайымдылар, талшықтылар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

18

Жалпақ құрттар. Сорғыштар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

19

Таспа құрттар – адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1

20

Жұмыр құрттар – геогельминттер адам паразиттері

Семинарлар Микроскопиялау, микро- макропрепараттармен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шығару

1




БАРЛЫҒЫ : 20 сағат








Оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыс істеуіне арналған тақырыптық жоспары




Оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыс істеуіне арналған тақырыптар

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы




№ 1Кредит.







1.

Эукариоттардың құрылысы, қызметтері.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


2

ДНҚ репарациясы

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1


3

Ген белсенділігінің реттелуі.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1


4

Жасуша бөлінуінің реттелуі. Апоптоз.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1


5

Цитогенетика негіздері., Кариотип. Адам кариотипі.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


6

Гаметогенез. Сперматогенез. Овогенез. Жыныс жасушалары.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


7

Аралық бақылау.

Аралық бақылауларды тапсыру

1


8

Молекулалық генетика негіздері. Ген, жіктелуі және қасиеттері.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

1


9

Тіркес тұқым қуалау. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1


10

Адам генетикасын зерттеу әдістері.

Рефераттар, баяндамалар дайындау, тест тапсыру

1


11

Медициналық генетикалық кеңес беру.

Оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

1


12

Өзгергіштік. Фенотиптік, генотиптік өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік, оның адам генетикасындағы маңызы.

Оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

1

13

Адамзаттың генетикалық полиморфизмі және орта факторлары әсерлері салдарынан туындайтын ауруларға (мультифакторлы) бейімділігі.

Рефераттар дайындау, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

1


14

Адам популяциясындағы генетикалық жүк.

Рефераттар дайындау, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру

1



15

Аралық бақылау.

Аралық бақылауларды тапсыру

1





№ 2 Кредит.







16

Герантология негіздері.

Рефераттар дайындау

1

17

Онтогенез және филогенез. Биогенетикалық заң. Ұрық ұқсастығы заңы

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1


18

Рекапитуляциялар, филоэмбриогенездер, ценогенездер.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып-үйрену, тест тапсыру

1


19

Эндокриндік жүйе эволюциясы.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше макропрепараттар арқылы зерттеу

1


20

Антропогенез

Рефераттар дайындау

1

21

Аралық бақылау.

Аралық бақылауларды тапсыру

1


22

Қарапайымдылар. Споралылар- адам паразиттері.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


23

Таспа – құрттар. Эхинококк, альвеококк, ергежейлі цепень – адам паразиттері

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


24

Жұмыр құрттар - биогельминттер

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


25

Аралық бақылау.

Аралық бақылауларды тапсыру

1


26

Кенелердің трансмиссивтік аурулар қоздырғыштарын таратудағы ролі.

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1



27

Насекомдардың эктопаразит ретіндегі және трансмиссивтік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы ролі

Оқытушыдан кеңес алу Кейбір тақырыптарды өз бетінше микроскоп арқылы зерттеу, тест тапсыру

1


28

Адамдардың экотиптері.

Рефераттар дайындау

1

29

Аралық бақылау.

Аралық бақылауларды тапсыру

1


30

Қорытынды кеңес беру

Оқытушыдан кеңес алу

1




БАРЛЫҒЫ : 30 сағат






Қорытынды бақылауға қенес беру уақыты емтиханға екі күн қалғанда емтихан кестесі бойынша өтеді.




Оқытушылардың аты жөні

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жума

Мамбетпаева Б.С.







16.00







Мироедова Э.П.







17.00







Алтаева Н.З.

16.00













Сманова Г.Б.













16.00

Абдрахманова Б.М.




16.00










Кусмамбетова КА










16.00




Жалмаканова Ж.Ж.




13.00










Жумагулова А.А.










13.00-15.00




Карагулова А.Ш.













10.00-14.00


2.8 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары




Өзіндік жұмыстың тақырыптары

Тапсырмалар




Кредит № 1.




1

Жасуша органоидтары, құрылысы қызметтері.
Жасуша циклі, қазіргі күйі.

Жасуша ұйымдасуының эволюциялық типін оқып үйрену. Прокариот және эукариот жасушаларының ұйымдасуын оқып үйрену. Биологиялық микроскоптардың құрылысы мен микроскоптау техникасын оқып үйрену.

2

РНҚ түрлері, құрылысы, таралуы, қызметтері.

РНҚ-ның түрлері. РНҚ-ның жалпы құрылысын және оның түрлерін оқып үйрену.

иРНҚ, тРНҚ, рРНҚ, мРНҚ құрылысының ерекшеліктерін оқып үйрену.

РНҚ синтезін оқып үйрену.

РНҚ –ның жетілуін және ыдырауын оқып үйрену.



3.

Жыныс генетикасы.

Жынысты анықтау типтері. Адамның жынысы қалай генетикалық анықталады. Барр денешігі және «барабан тяқшасы».

4

Адам хромосомаларының генетикалық карталары.

Хромасомалардың құрылысы мен жіктелуі.

5

Заманауи молекулалық - генетикалық әдістер.

Адамды генетикалық зерттеулерде қолданылатын негізгі әдістерін оқып үйрену. ДНҚ анализі. ДНҚ-ны фрагменттерге рестрикциялау. ДНҚ фрагменттерін электрофорездеу.

6

Адам популяцияларындағы некелесу құрамы.

Барлық адамдар туыстар. Екі пайдалы өлшемдер: туыстық коэфиценті және инбридинг коэфиценті. Харди-Ваинберг заңы және инбридинг коэфиценті.

7

Эмбриональды дамудың қиын кезеңдері.

Ұрықтың дамуындағы критикалық кезеңдер: имплантация, плацентация, перинаталды.

8

Тератогендік факторлар. Тератогенез.

Дене кемтарлығы сияқты дамудың бұзылыстарын оқып үйрену. Тұқым қуалайтын ақаулықтар, мультифакториалды ақаулықтар.

9

Экологияға тәуелді адам аурулары.

Мультифакториалды аурулар, дәстүрлі емес типті тұқым қуалайтын аурулар.

10

Адам нәсілдері. Жіктелуі.

Нәсіл типтері – монғолойдты, негроидты, европоиды.

2.9 Әдебиет: негізгі және қосымша

Орыс тілінде:

Негізгі оқулықтар:

1. Биология. Оқулық / В.Н. Ярыгин редакциясында, 1-2 кітаптар, 2004 ж.

2. Қазымбет П.К. , Мироедова Э.П. Биология. Мед. вуздардың студенттеріне арналған оқу құралы, І – ІІ бөлімдер, Астана 2006-2007 жж.

3. Медициналық биология және генетика. / Е.Ө. Қуандыков редакциясында, Алматы, 2004ж.

Қосымша оқулықтар:

1. Биология. Медициналық оқу орындары студенттерне арналған оқу құралы (В.П. Иванов , Л.А. Гребенник, А.И. Кириленко), Курск 2003ж

2. Пехов А.П. Биология және жалпы генетика. Оқулық Санкт – Петербург. М Ростов, 2006ж.

3. Медициналық паразитология. Мед. оқу орындары студенттерге арналған оқу құралы (Е.Н. Барышников, / М, 2005)

4. Жалпы биология және жалпы генетика сұрақтары және есептері. / Мед. оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы (Иткес А.В. редакциясында, М, 2004).

Қазақ тілінде:

Негізгі оқулықтар:

1. Е.Ө. Қуандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006

2. П.Қ. Қызымбет, Л. Аманжолова , Қ. Нұртаева Медициналық биология Алматы 2002

3. Медициналық биология және генетика. Қуандыков Е.Ө. редакциясында, Алматы 2004

Қосымша әдебиеттер:

1. Стамбеков Е.Ж. Генетика. Оқу құралы. Түз. Толық. Новосибирск, 2002

2. Медициналық паразитология. Оқулық / ҚҰМУ : С Әміреев; А. Жаханов, Құдайбергенұлы. Алматы Кітап, 2005

3. Генетика. Оқу құралы / Р. 1 Берсімбаев Қ.Қ. Мухаметжанов, Алматы, Қазақ Ұлттық университеті; 2002.

Ағылшынша оқулық:

1. J.H. Postlethwait, J.L. Hopson, R.C. Veres. Biology. USA – 1991.

2. Biology. Selvam J. – Deli. – 1992.

3. Mange E.J. Mange A.P. Basic Human Genetics Second Edition, -1998,

4. T.A. Brown. Genetics a molecular approach. -Chapman and Hall, 1990.
2.10 Оқыту әдістері

- Дәрістер: шолу және мәселелік дәрістер

- Тәжірибелік сабақтар: микроскопия, микро- және макропрепараттармен жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шығару, семинарлар, мультимедиялық деректер базалары, шағын топтармен жұмыс істеу: медициналық жағдайларды талдау және талқылау.

- Оқытушы басқаруымен студенттердің өзбетінше жұмыс істеуі (ОБСӨЖ):

Кейбір тәжірибелік сабақтар мәселелерін тереңірек оқып – үйрену, кейбір тақырыптарды өзбетінше микроскоп арқылы зерттеу, макропрепараттарды оқып – үйрену, рефераттар, баяндамалар дайындау, оқытушыдан кеңес алу, тест тапсыру, аралық бақылауларды (коллоквиум) тапсыру.



- Студенттердің өзбетінше жұмыс істеуі (СӨЖ):

Рефераттар, баяндамалар дайындау және қорғау.


2.11 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

- Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша, ауызша сұрақтар, ситуациялық есептерді шығару, орындалған тапсырмалар қорытындыларын дұрыс толтыру (альбом), шағын топтарда жұмыс істегенде өзін - өзі және топтың басқа мүшелерінің білімін бағалау.



- Аралық бақылау: коллоквиум

- Қорытынды бақылау: емтихан.

Студенттердің білімін бағалау қағидалары


р/с


Әріп

Сандық көрсеткіш

Рейтинг (пайыздық көрсеткіш)

Баға

1

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

2

А-

3,67

90-94

3

В

3,33

85-89

«жақсы»

4

В-

3,0

80-84

5

В+

2,67

75-79

6

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»



7

С

2,0

65-69

8

С-

1,67

60-64

9

D+

1,33

55-59

10

D

1,0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағатсыз»

Ағымды бақылауға арналған баға қағидалары:

тестілеу - дұрыс жауап пайызы «Студенттердің білімін бағалау қағидалары» кестесін негізге алып бағаланады.

Аралық бақылауға арналған баға қағидалары:

билет бойынша жауап -бірінші жауап 50 балмен бағаланады

екінші жауап 40 балмен бағаланады

үшінші жауап 10 балмен бағаланады

жалпы баға жинақталған бал қосындысын пайдаланып «Студенттердің білімін бағалау қағидалары» кестесін негізге алып шығарылады.

Қорытынды бақылауға арналған баға қағидалары:

қорытынды баға емтиханға дейінгі рейтингтен қүралады,ол 60 пайызға тең және 40 пайызы емтиханда жинакталады






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет