Ажырату диагнозы. Д гипервитаминозын ең алдымен дәрiнiң жанама әсерiнен
ажырату керек. Жанама және токсикалық (Д-гипервитаминозының жеңiл дәрежесi)
әсерлердiң клиникалық көрiнiсiне Д витаминiн қолдану, лоқсу, құсу болғандыктан
ұқсастық болады. Дегенмен, жанама әсерлерге (аллергия, идиосинкразия), жоғарыда
көрсетiлгендей улану, нерв жүйесi өзгерiстерi, биохимиялық көрсеткiштер бұзылысы тен
емес. Сәби iшкен Д витаминiнiң жалпы мөлшерi 400 000 ХБ-тен көп болмаса, ол да
гипервитаминоз жоқтығына кепiлдiк бередi.
Емi. Ем тиімділігі ауруды дер кезiнде анықтауға тығыз байланысты. Емдi ауруханада
жүргiзу тиiмдi, оған гиперкальциемия мен токсикозға қарсы, жүйелер мен ағзалар
жұмысын қалпына келтiру және бала организмiнiң қарсыласу қызметiн жоғарылату
шаралары жатады. Олар: 1) Д витаминiн берудi мүлдем тоқтату; 2) емдәмде кальций
тұздарын шектеу; З) А, Е жене В-тобы витаминдерiн тағайындау; 4) глюкоза, тұз
ерiтiндiлерiн, альбумин, плазма, аскорбин қышқылын, инсулин, кокарбоксилазаны көк
тамырға жіберу; 5) глюкокортикоидтар (1 мг/кг есебiнен преднизолон беру); б) мембрана
405
тұрақтандырғыш қасиетi бар дәрiлер қолдану (токоферол және т.б.). Диспансерлiк бақылау
бала 3 жасқа толғанша жүргiзiлуi тиiс.