Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Эрб белгiсi – күші 5 мА-ден төмен токпен катодты айырғанда, бұлшықеттердің таргальваникалық қозғыштығының артуы байқалады. Маслов белгiсi



Pdf көрінісі
бет647/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Эрб белгiсi
– күші 5 мА-ден төмен токпен катодты айырғанда, бұлшықеттердің
таргальваникалық қозғыштығының артуы байқалады.
Маслов белгiсi
– сау баланың аяғына ине шаншыса, оның дем алуы жиiлейдi, ал ауру
(тетания) болса, дем алысы аз уакытқа тоқтап қалады. 
Сондай-ак әртүрл вегетативтiк бұзылыстар болады: жүрек соғуының жиiлеуi,
тершеңдiк, иек, қол еттерiнiң дiрiлдеуi, тыныстың тұрақсыздығы (диспноэ), сонымен бiрге
үрейлену, ұйқысыздық, жалпы мазасыздық орын алады. Осы кезде биохимиялық
тәсiлдермен гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз барын анықтауға болады. 
Айқын түрi.
Бұл тетаниянын жиi кездесетiн түрi – ларингоспазм (дауыс
жарықшақтануы) – баланың айқайлаған, жылаған кезiнде бiлiнетiн көмейдiң құрысуы, Ол
ауа жұтудың қиындауымен көрiнедi. Көмей түгел жабылса, сәби түрi қошқылданып,
цианоз байқалуы мүмкiн, қорқу, терлеу, кейде есiнен айырылу болады. Әдетте, көмей
құрысу талмасы сәттi аякталады, бiрнеше секундтен соң құрысу тиылып, ауру шуылдата
ауа жұтады да, бiрте-бiрте дем алып қалпына келедi. Бiр күнде талма бiр-екi рет
қайталануы мүмкiн. Сирек те болса кездесетiн – карпопедальдық құрысу – табан мен қол
еттерiнiң тоникалық құрысуы. Ол ұзақ, бiрнеше сағатқа, кейде бiрнеше күндерге созылуы
мумкiн. Бұл кезде қол денеге жабысып, ал қолдың басы иiлiп, ІІ-ІІІ-саусақтары құрысудың
«акушер қолына» ұқсас болады. Тiзесі жартылай бүгiлiп, табаны салбырап (реs eguinus –
«ат табаны») тұрады. Кейде емшектегi балалардың қысқа уақытқа зәр шығаруы
қиындайды, бұл несеп, iшек, кеңiрдек жұмсақ еттерiнiң ұзақ уакыттық құрысуының
көрiнiсi. Көздiн, жақтың, мойын бұлшықеттерiнiң тартылуы көздiң уақытша
қылилануына, жақтың қарысуына, мойынның ригидтiлiгіне әкеледі.
Жүрек бұлшықетiнiң құрысуы кейде өлiмге әкелуi де мумкiн, сол сияқты дем алуды
реттейтiн еттердiң құрысуы тынысты мүлдем тоқтатып тастау қаупiн туғызады.
Тетанияның ауыр түрi –
эклампсия
. Ол клоникалық-тоникалық құрысу түрiнде білінiп,
сәби есiнен танып қалады. Сирек кездеседi. Бұндай құрысу талмасы, әдетте, беттен
басталып, жаққа ауысады және дем алу бұлшыкеттерiмен қоса дене еттерiнiн бәрiне
таралады, осының салдарынан дем алу нашарлайды, цианоз пайда болады. Бұлшықеттің
ретсiз дiрiлi салдарынан бала денесi түгел қалтырайды, тыныстық және дыбыстық
бұлшықеттiң құрыусы нәтижесiнде өксуге ұқсас дем алып, цианозға ұласады. Баланың
басы артка шалқайып, бетi қисайып, аузынан көбiк шығып, бүкiл денесi ырғақты түрде
селкiлдейдi. Тамыр соғуы жиiлейдi, ерiксіз тыс зәр, нәжiс бөлiнедi. Көз қарашығы үлкейiп,
жарықты сезбейдi. Талма ұзактығы қысқа, 20-30 секундқа дейiн созылады. Кейде талма
бiрнеше сағат бойы жиi-жиi қайталануы мүмкiн. Спазмофилияның эклампсиялық түрiн
анықтау біршама қиын. Құрысу белгiсi жұқпалы ауруда улану, қояншық және мидың
зақымдалуы салдарынан болатын құрысуға ұксас болады. Диагноз қою үшiн баланың
жасын, рахит белгiлерiнiң бар-жоғын, тамақтану жайын анықтау, жыл мезгiлiн ескеру аса
маңызды. Механикалық және гальваникалық қозғыштық (беттiк феномен, Труссо мен Эрб
белгiлерi), гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоздың шешушi мәнi бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет