Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет711/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   707   708   709   710   711   712   713   714   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Алдын алу шаралары:
Жедел респираторлы аурулардың алдын алу, организмнің
қарсыласуын күшейту шаралары, бөлме ішіндегі ауа тәртібін орындау, дене шынықтыру,
массаж, гимнастика. 
6.1.3.2. ЖЕДЕЛ БРОНХИОЛИТ
Бронхиолит

ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың жайылып зақымдалуы, осының
әсерінен тыныс жолдарының обструкциясы пайда болып, тыныс тарылуы байқалады.
Бұл аурумен негізінен 2 жасқа дейінгі балалар ауырады және ол вирусты-жұқпалы
аурудың алғашқы үш күнінде пайда болады да, тұмаудан басталады.
Бұл жағдайда ұстамалы жөтел пайда болады. Ұйқысы мен тәбеті бұзылып, бала
мазасызданады, құсуы мүмкін. Дене қызуы әдетте субфебрильді болады, тахикардия,
көгеру, беттің цианозы байқалады. Ентігу пайда болып, 1 минутта тыныс саны 60-қа дейін
жетеді. Одан да жиілеуі және тыныс шығаруы қиындайды, терең ысқырған сырыл пайда
болып, кеуде кебеді (кеуденің алдыңғы артқы көлемі үлкейіп кетеді), өкпенің барлық
беттерінде қорабты дыбыс анықталып, бауыр жүрек қуысының үстіндегі өкпе дыбысының
тұйықталуы аймағы кішірейеді.
Аускультативті көрінісі барлық өкпе бойынша тыныс алғанда да, шығарғанда да
көптеген ұсақ көпіршікті және сықырлайтын сырылдар естіледі. Бұл «ылғалды» өкпе
суретіне жөтел кезінде өзгеретін немесе жоғалып кететін орташа және ірі көпіршікті
ылғалды сырылдар қосылуы мүмкін және сонымен қатар, ысқырып естілетін құрғақ
сырылдар да байқалады. Беткей, жиі тыныс алу кезінде құрғақ сырылдар жоғалып кетеді.
Тыныс шығару ұзарады.
Бауыр мен талақ қабырға жиесінен бірнеше сантиметр төмен анықталады, яғни
үлкейеді, өкпе кепкен жағдайда ысырылуы мүмкін. Бронхиолитпен ауырған балаларда су-
тұз алмасу құбылысының бұзылуы жиі байқалады, яғни жиі құса бергендіктен, эксикоз,
ацидоз пайда болады.
Шеткі қанды зерттегенде: қан өзгеріссіз болады немесе вирусты инфекцияға тән
өзгерістер байқалады.
Рентгенограммада өкпенің кебуі әртүрлі дәрежеде байқалады. Екі жағында да
өкпенің мөлдірлігі күшейеді, өкпенің түбірінің реактивті құбылысы айқын білінеді де,
оның құрылысы бронхиолиттің жайылуына пропорционалды төмендейді. Науқастың
442


жағдайының ауырлығы тыныс жетіспеушілігіне байланысты болады, кейде ұстамалы
апноэ немесе толықсу байқалады. 
Обструктивті бронхит пен бронхиолит көбіне РС вирусты, парагриппозды және
жұқпалы ауруларда пайда болады, олардың ерекшелігі бронх ағашының онша терең
зақымдалмауы болып есептелінеді.
Бронхиолиттің патофизиологиялық механизмінің дамуы обструктивті синдромға
байланысты. Бронхтардың қабырғалары ісініп, инфильтрация болған жағдайда олар
қалындайды, ұсақ бронхтар мен бронхиолдардың қуысы тарылады, сонымен қатар,
эпителий өзгеріп, шырындар мен клеткалық детриттер жиналған кезде де, дәл осындай
жағдайлар байқалалады. Ұсақ бронхтардың қуысының тарылуынан, тыныс алуға қапыл
қарсылық күшейеді.
Өкпенің әртүрлі бөлігіндегі обструкцияның болмауы, ауаның бір қалыпты жайылуын
қиындатып, өзгертеді де, тыныс жетіспеушілігін одан әрі күшейтіп жібереді. Обструкция
дәрежесі өскен сайын, гипоксия да күшейіп, гиперкапния қосылады. Гиперкапния 1
минуттағы тыныс саны 60-тан артқан кезде ғана анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   707   708   709   710   711   712   713   714   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет