Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ЖЕДЕЛ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ



Pdf көрінісі
бет714/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   710   711   712   713   714   715   716   717   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

6.1.3.3. ЖЕДЕЛ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ
Жедел обструктивті бронхит, обструктивті синдроммен, яғни экспираторлы ентігу-
мен, бірге жүріп отырады. 20-25% бронхиттер, жедел обструктивті синдроммен өтеді. 
Этиологиясы:
Респираторлы вирустар, микоплазмалар, хламидиялар. Ерте жастағы
балаларда респираторлы синцитиальды вирустар, цитомегаловирустар, аденовирустар. 
Бейімдейтін себептер: ЭКД, лимфатико-гипопластикалық диатез, атопиялық диатез.
Патогенезі:
Жоғарға тыныс жолдарының обструкциясы патологиялық процесстер
әсерінен кеңірдек пен бронхтың тарылуына байланысты, тыныс жолындағы ауа жүрісіне
кедергі пайда болуы: қабырғаның жуандауы, қалындауы, бронхиальды бұлшық еттердің
тартылуы. Ерте жастағы балаларда көбіне кілегей қабатының ісігіне және бронх
санылауына экссудаттын бөлінуі. 
Клиникасы:
Бастапқы вирусты инфекцияның белгілерімен сипатталады: температу-
раның жоғарлауы, жоғарғы тыныс жолдарында катаральды белгілердің пайда болуы.
Жалпы жағдайының нашарлауы. Бірте-бірте тыныс жиілігі жиілейді және дем шығару
444


қиындайды, ентігу байқалады, демін ысқырып шығарады, себебі экссудаттын
жинақталуына байланысты. Бронхтардың зақымдалуы жайылмалы болғандықтан, қатқыл
тыныс және сырылдар барлық өкпеде естіледі. Ентігу көбейген сайын дем шығарған кезде
кеуденің жұмсақ жерлері тартылып, өкпе кебеді, пероральды цианоз байқалады, терісі
бозғылт, бала мазасызданады, өкпенің көлемі ұлғаяды, себебі баланың кеудесі барлық
уақытта дем алу жағдайда болады.
Аурудың ағымы 7-12 күн. Перкуссия жасағанда тимпаникалық дыбыс анықталады.
Рентгенограммада түбір айналасындағы өкпенің суреті күшейеді, қабырғалардың
горизонтальды орналасуы, яғни өкпенің үрілу белгілері байқалады. 
Ажырату: обструктивті, аллергиялық аурулармен, бөгде денелердің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   710   711   712   713   714   715   716   717   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет