Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет777/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   773   774   775   776   777   778   779   780   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Емі.
 
СП-мен ауырған науқастардың емі сатылы, әр ауруға жеке оңтайландырылып
(кеселдің кезеңі, қайталау жиілігі, қосалқы аурулардың болуы) жүргізілуі керек. Қайталау
кезінде науқастар ауруханада емделгендері жөн. 
Негізгі ем бағыттары:
1. Организмнің өзгерген реактивтілігі мен өкпенің
резистенттігін қалпына келтіру; 2. Инфекция және пневмослероздың үдеуімен күресу; 3.
Бронх тарамдарының функциясын қалыптастыру. Рецидив кезінде негізгі инфекцияға
қарсы бағышталып, зақымдалған бронхтарын қызметін қалыптастыруға бағышталған
болса, ремиссия кезінде науқас организмінің жалпы реактивтілігін көтеруге және өкпе
резистенттілігін артыруға, инфекция ошақтарын тазартуға, аэроемге бағышталады. СП-
ның өршу кезеңінде төсектік режим тағайындалады, дене қызуын төмендететін, токсикоз
белгілерін азайтатын ем жүргізіледі. Тамақ калориясы белок (ет, ірімшік), май (сары май,
балық майы) есебінен көбейтіледі. Емдәм құрамы асқорыту жағдайына және қосалқы
аурулардың бар-жоғына да байланысты болып келеді. Өршу белгілері ауыр байқалса, ас
тұзы мен көмірсулар мөлшерін азайтып, экстракты заттарды шектеген жөн.
477


Антибактериялық ем
ерте басталу керек. Антибиотиктерді
 
бронх немесе кеңірдек
шырышынан себілген микробтардың сезімталдығының қортындысына қарай, тағайындау
керек. Бірақ, in vivo мен in vitro сезімталдығы ылғи да үйлесе бермейді. Егерде
қоздырғыштардың сезімталдығын анықтау мүмкін болмаса, өткенде қолданылған
антибиотик бұл жолы тағайндалмау керек деген қағида сақталуы керек. 
Муколитикалық дәрілер ішуге және ингаляция жолымен тағайындалуы керек.
Бронхоскопиялық тазалау (санация) және анибиотиктерді, антисептикалық заттарды
эндобронхиальды енгізу іріңді эндобронхит анықталғанда жүргізіледі. 
Муколитиктер:
Протеолитикалық ферменттер (химотрепсин, химопсин,
рибонуклеаза); 10% N-ацетилцистеиннің ертіндісі 2-3мл, соңғы кезде жасына байланысты
100-200мг-нан күніне 3 рет қолданылады. Ультрадыбыстық және компрессорлық
аэрозольдық ингаляторлар пайдалынылады. 
Физиоем
. Қозу кезінде Ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) электр тогы (3-4 процедура),
одан әрі «Луч-2» аппаратымен ультратолқын емі, содан соң әртүрлі дәрілермен (дионин,
платифиллин ертінділері және т.б.) электрофорез (обструктивті синдромда)
тағайындалады.
Емдік дене шынықтыру барлық кезеңдеріндеде тағайындалады. Қалыптық
(позициялық) дренаж жасау өте маңызыды болып келеді 
(106 - сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   773   774   775   776   777   778   779   780   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет