Клиникалық көрінісі.
Аллергиялық риниттің кезеңділігі сезімталдық спектріне
байланысты:
тұрмыстық сезімталдық болғанда – күз, қыс айларында өршуімен жыл бойы;
тозаңдық сезімталдықта өршудің белгілі кезеңділігі болады.
Балаларда
аллергиялық ринит
синуситпен (тыныс шығаруда үшкіл нервті
пальпациялағанда ауырсыну, рентгенограммада жиегі айқын емес қараю), евстахиитпен,
аденоидтар гиперплазиясымен, отитпен және жоғары тыныс жолдарының басқа да
ауруларымен бірге жүреді. Пароксизмальды түшкіру, мұрын бітуі, мұрыннан кілегей
бөлінуі (ринорея) – аллергиялық риниттің клиникалық белгілері. Мұрынның қышуынан
бала мұрнын тыржитады («қоян мұрны»), сүртеді («аллергиялық салют»). Бала аузымен
дем алады, беті ісініп, көз асты қаруытады. Аллергиялық риниттің созылмалы түрі бас
ауруына, ұйқы бұзылысына, сабақ үлгерімінің нашарлауына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |