ішек-қарын жолдарынан тыс дистанционды реакцияларды анықтауы мүмкін.
Аллергиялық реакциялардың жекеленген иммунды механизмдері (реагинарлы,
цитотоксикалық, иммунокешені, жоғары сезімталдықтың баяу түрі) сирек кездеседі.
Көптеген ауруларда тағамдық аллергия уықыт өте келе құрамдасқан түрде дамиды. ТА
механизмінде басты орынды жоғары сезімталдық алады, ол
кезде антигендердің
элиминациясы (лизис) лимфоидты жасушалармен іске асады.
Аллергиялық емес жоғары сезімталдықтың әтүрлі механизмдері атопиялық
реакциялармен бірге (параллелді) жүруі мүмкін немесе одан тәуелсіз іске асады. Бұндай
жағдайда ББЗ-тардың жасушалардан бөлінуі иммунологиялық кезеңнің қатысуысыз
жүреді, бірақ клиникалық көрінісі кәдімгі жергілікті
реакциялардан айырмашылығы
болмайды. Сондықтан да, ТА бар балалардың 30-45%-да қанында IgE қалыпты болады.
«Жасуша мембраналарының тұрақсыздығы (стабильді еместігі)» синдромының
феномені аллергиялық емес жоғары сезімталдығының туындау себебі көп: ксенобио-
тиктер мен анутриенттерді (тағамдық өнімдерді өндірістік консервлеуде қолданылатын
әртүрлі қосымшалар)
шектен тыс көп қолдану, тығайтқыштарды (сульфиттер,
алколоидтар) пайдалану, гиповитаминоздар мен микроэлементтердің тапшылығы.
«Жасуша мембраналарының тұрақсыздық» синдромы ішек-қарын жолдарының
созылмалы
ауруларында, дисбакетриозда, адам конституциясының экссудативті-
катаральды және лимфатикалық-гипопластикалық ақауларында туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: