Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет792/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   788   789   790   791   792   793   794   795   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Этиологиясы
Балаларда жиі тағамдық аллергия тудыратын кең тараған тағамдар-
ға (әсерінің әлсіреу ретімен) келесілер жатады: сиыр сүті, жұмыртқа, балық, жержаңғақ
486


(арахис), қытай бұршағы (соя), орман жаңғақтары, шаянтәрізділер, дәнді дақылдылар.
Сиыр сүтінде 25 антиген бар, олардың ішінде аллергенділігі жоғары β-лактоглобулин,
казеин, сарысулық альбумин, α-лактоальбумин болып келеді. Олардың көбінің антиген-
дік қасиеті қайнатқанда жоғалады (β-лактоглобуллин мен казеин
төзімдірек болады).
Түрлі арнамалы ақуыз болып табылмайтын казеинге
сенсибилизация байқалғанда қилы-
стық реакция басқа жануарлап сүтіне байқалуы мүмкін. Балық аллергендері ыссылыққа
берік болып келеді де, өзінің антигендігін гидролизденгенде сақтап қалады. Тауық жұ-
мыртқасының ақуыздарының (овальбумин, кональбумин, лизоцим, овомукоид, жұмырт-
қаның сарысында да болатын вителлин) айқын аллергендік антигендік қасиеті болады
және ол қыздырғанда (қайнатқанда) сақталып қалады. Жұмыртқа ақуыздары арнаулы
емес, сондықтан әртүрлі құстар жұмыртқасына қиылыстық реакциялар байқалуы мүмкін
Өсімдік тектес тағамдардың ішінде ең жоғары аллергендік қасиет келесі тағамдар-
да байқалады: цитрустар, шабдалы, алма, құлпынай, бүлдірген, қаражидек және т.б.
Жиірек бидай, сұлы, жасыл бұршақ, арахис ақуыздарына сенсибилизация
анықталады.
ТА-да жиі қилыстық аллергия дамиды. Мысалы: саңырауқұлаққа сенсибилизация-
ланған науқаста ашытқы қамырына, сырға (сүзбеге), ащысүт тағамдарына аллергия
байқалса, алмаға сенсибилизация байқалатындарда қайың тозаңына аллергия байқалады,
жүзімге аллергиясы бар балаларда алабота (көкбек) тозаңына сенсибилизация білінеді.
ТА байқалатын балалардың көпшілігіне поливалентті немесе құрамдас сенсибилизация
тән болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   788   789   790   791   792   793   794   795   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет