есекжем. Терінің жергілікті зақымдалуы өсімдік тектес тағамды қолданғанда дамитын
периоральды аллергия синдромы болады. IgE қатыспайтын тағамдық аллергияның бір
түрі герпетикалық дерматит. Ол глютенді энтеропатия белгілерімен қатар қышымалы
бөртпелердің болумен көрінеді. Жиі 2-7 жас аралығындағы балалар ауырады.
Эритроматозды полиморфты бөртпелер жиі тізе, шынтақ, иық, жамбас, бастың шашты
бөліктерінде пайда болады. Алақан, тілерсек аймағында геморрагиялық бөртпелер
болады. Тері, ішектегі өзгерістер глютеннің азаюына байланысты қалыптасады,
дегенмен терінің қалыптасу динамикасы ішек қызметінің қалыптасуынан қалыс қалады.
ТА-да тыныс жүйесінің бұзылыстары ринит, риносинусит, түрінде білінеді. 1 жасқа
дейінгі балаларда аллергиялық ринит сиыр сүті мен шырынға аллергия байқалғанда
болады. Ересек жастағы балаларда дәнді дақылдар маңыздырақ болып келеді. Ерте
жастағы балаларда ТА себепті маңызды тағамды қабылдағаннан кейін, бірнеше
минуттан кейін жедел дауыс желбезегіасты ларингитпен білінеді. ТА-да байқалатын
лимфоидты тіндердің гиперплазиясы аденоидиттің, созылмалы тонзиллитің дамуына
ықпал етеді. Бронхиальды астма салыстрамалы түрде сирек кездеседі. И.М. Воронцов
«екіншілік нысана астмасы» деген термин ұсынған, себебі бұл жағдайда тұншығу
ұстамасы аллергенді қабылдағанда, биологиялық активті заттардың дистанционды
әсеріне байланысты дамиды.
Аллергенмен аэрозольді қатынас нәтижесінен, балық исіне, жаңғақ аллергеніне
болуы мүмкін. Экзогенді аллергенді альвеолит тағамдық аллергендерге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: